Сабақ Тақырыбы: «Зайырлы мемлекет және дін»



Дата24.05.2017
өлшемі20,68 Kb.
#16920
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

  • Б.Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп-интернаты кмм
  • Ашық сабақ
  • Тақырыбы: «Зайырлы мемлекет және дін»
  • Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі
  • Мухидинова Гүлзада Сабырқызы

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

  • Оқушыларды төрт топқа бөлу.
  • I-топ.Дарындылар
  • II-топ.Тапқырлар III-топ.Алғырлар
  • IV-топ Білімділер
  • Интербелсенді технологиясының үш құзіреттілігін пайдаланамыз.
  • 1.Ақпараттық құзіреттілік
  • - -алынған ақпаратты қандай деректерден іздеу керек екендігін көрсете алады;
  • -ақпараттарды өз бетінше жоспарлап жинайды;
  • -алынған ақпаратты жүйелейді және талдау жасайды;
  • -алынған ақпаратты проблеманы шешу үшін қолданады;
  • 2. Қарым – қатынастық құзірет
  • -талқыланған мәселеге өз көзқарасын білдіреді;
  • -қоғамға жауапкершілікпен қарай алады, өз бетінше шешім шығара алады;
  • -өзінің жұмысына мақсат қоя біледі;
  • -дәлелмен сөйлей білу құзіретін меңгереді;
  • -өз бетінше қорытынды жасайды;
  • 3.Мәселенің шешімін табу құзіреттілігі
  • -сөз сөйлеуді жоспарлау;
  • -адам және қоғам туралы, қоғамдық қатынастар жайында қажетті ұғым мен терминдерді
  • қолданады
  • -негізгі ойды шындық тұрғысынан анықтайды;
  • -топтық зерттеу жұмысына қатысу, талқыланған мәселелерге өз көзқарасын білдіру, сөз
  • сөйлеудің түрлерін игеру , пікірталастың этикалық нормаларын меңгеру .
  • Үй тапсырмасы:
  • Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей 1. «Зайырлылық» сөзінің шығу төркінін талдаңдар. 2 Зайырлылыққа мысал келтіріңдер 3. Зайырлылық ұстанымының қызметтерін атаңдар.
  • 2-деңгей
  • 1.Неліктен мемлекеттердің көбі зайырлылық ұстанымын таңдайды?
  • 2. Неліктен зайырлылық барлық дінге бейтарап қарайды? 3. Зайырлылық ұғымы қандай ұғыммен үйлесімдік таппайды?
  • 3-деңгей
  • 1. Қазіргі кезеңде әлемдік зайырлылық ұстанымына қайшы келетін жайттарды БАҚ, ғаламтор көздерінен іздестіріп,оның кері әсерін талдаңдар.
  • Сабақтың тақырыбы
  • “Зайырлы мемлекет және дін”

Сабақтың жоспары

  • Сабақтың жоспары
  • 1. Зайырлы мемлекет және дін 2.Зайырлылық және зайырлы мемлекет
  • 3.Зайырлы мемлекет және оның белгілері. 4.Зайырлы этика

  • Дамытушылық:
  • Бүгінгі уақытта қоғамда өмір сүруге бейім , өз көзқа-растарын, пікірін қорғай алуға қабілетті дара тұлғаны дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
  • Тәрбиелік:
  • Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанды сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, патриоттық саяси тәрбие беруге, өз құқықтарын білуге тәрбиелеу.

Зайырлы мемлекет туралы түсінік:

  • Зайырлы мемлекет туралы түсінік:
  • Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді. Оған азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие. Өйткені, бүгінгі таңда елімізде теріс пиғылды діни топтардың (әсіресе ислами теріс пиғылды топтар) теократиялық немесе клерикалды мемлекет құруға деген талпынысы зайырлылықпен тығыз байланыстағы құқықтық мәселелеріне, адамсүйгіштікке нұқсан келтіруі мүмкін.
  • Адам
  • Ар
  • Намыс
  • Абырой
  • Білім
  • Денсаулық
  • Қадір
  • Дін бостандық
  • Ұждан
  • Заң

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» – делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» – делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары.

II БӨЛIМ  АДАМ және АЗАМАТ

  • II БӨЛIМ  АДАМ және АЗАМАТ
  • 17-бап
  • 1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.  2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.
  • 18-бап
  • 1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.  2. Әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.  3. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

22-бап

  • 22-бап
  • 1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.  2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс.
  • 34-бап
  • 1. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.  2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)  2. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
  • 39-бап
  • Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн. 

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

  • Махаббатпен жаратқан адамзатты,
  • Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
  • Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
  • Және хақ жолы осы деп әдлетті.
  • Осы үш сүю болады имани гүл,
  • Иманның асылы үш деп тахқиқ біл.
  • Абай
  • Қазіргі әлемде зайырлы және теократиялық деп аталатын мемлекеттің екі түрі бар.
  • Зайырлылық болмысын үш сөзбен білдіруге болады:
  • 1.Бейтараптық
  • 2.Тәуелсіздік
  • 3.Еркіндік
  • Зайырлы мемлекетке қарама-қайшы –теократиялық мемлекет.
  • Теократиялық мемлекеттік жүйе-мемлекетті дін басқарған жүйе.
  • Зайырлы мемлекет Теократиялық мемлекет
  • 1. Қазақстан 1. Ватикан
  • 2. Қырғыстан 2. Сауд Арабиясы
  • 3. Россия 3. Иран
  • 4. АҚШ 4. Ауғанстан
  • 5. Франция

Әр топ өзінің шығармашылық жұмысын

  • Әр топ өзінің шығармашылық жұмысын
  • пайдалана отырып, ойын толықтырады.
  • Қазақстанның болашақ азаматы ретінде бүгінгі тақырып туралы сіздердің жеке көзқарастарыңыз қандай?

  • Қорытындылау:
  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа жолдауында «Зайырлылық- біздің ең басты құндылығымыз» деген болатын Адамгершілікке ,зайырлыққа негізделген қоғамда ар , намыс,
  • абырой заң жүзінде қорғалады. Мемлекеттің кез-келген діннен тәуелсіздігі, діннің мемлекеттен тәуелсіздігі. Заң бойынша , біреуді қорлау – қылмыс деп табылады.Заң жеке адамның арын, ұжданын ,қадірін және
  • дінін қорғаумен бірге , оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына
  • жол бермейді.
  • Адамдық борышың-
  • Халқыңа еңбек қыл.
  • Ақ жолдан айнымай
  • Ар сақта ,оны біл.
  • Шәкәрім
  • Оқушыларды бағалау.
  • Үйге тапсырма §2.” Қазақстан –зайырлы мемлекет” тақырыбына шағын шығарма жазу, деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет