Сабақ тақырыбы Заттарды санау



бет3/3
Дата10.03.2020
өлшемі0,61 Mb.
#59831
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
КМЖ Кабдыкова Салтанат


Бағалау критерийі:

  1. Заттардың санын цифрмен сурет арқылы сәйкестендіреді.

Дескриптор:

  • Тотықұсты 1 цифрмен сәйкестендіре алады

  • Алмұрттарды 2 цифрмен сәйкестендіре алады

  • Торғайларды 3 цифрмен сәйкестендіре алады

  • Раушан гүлдерін 4 цифрмен сәйкестендіре алады

  • Көбелектерді 5 цифрмен цифрмен сәйкестендіре алады

  • Қызанақтарды 6 цифрмен сәйкестендіре алады.

Бағалау. «Табыс кілті» әдісі.

«Өте жақсы» - Алтын кілт (цифрлар кестеде толық сәйкестендірілген),

«Жақсы» - Күміс кілт (бір, екі цифрден қате),

«Төмен» - Темір кілт (заттардың саны дұрыс анықталмаған).






Стикер



Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін бірінші тапсырманы орындау барысында оқушылар ұжымдық жұмыс жасай отырып, сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында қолдандым. Суреттегі заттарды санауға байланысты сұрақ қою арқылы оқушы мен мұғалім диалогқа түседі. Оқушыларды ойландыру үшін және жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойдым.

Саралаудың «Қарқын» тәсілін «Орындап көр» айдарындағы тапсырмасында қолдандым. Оқушылардың жұптық жұмыс жүргізу барысында кейбір оқушылардың қарқыны жылдам екенін қарындаштың санын 10-нан артығымен тура және кері санай алатындығын байқап, қарқынын көріп, көмек қажет ететін оқушыларға уақыт бердім. Сабақтың соңғы тапсырмасында Саралаудың «Тапсырма» тәсілін пайдаландым. Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған суреттегі сандарды цифрмен сәйкестендіру тапсырмасын бере отырып, оқушылардың қажеттіліктеріне, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаландым.
Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ / оқу

мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Түсінбедім» деп аталады.


Дескрипторға сүйене отырып, 1 –ші тапсырмада «Көңілді фигуралар» әдісі арқылы бағаладым. Бұл бағалауда оқушылар өз-өздерін әділ бағалайтынын көрсетеді, қызығушылығы, ынтасы арттады.

2 – ші тапсырмада «Боялған кубиктер» әдісі арқылы бояп бағаладым. Балалардың қызығушылығы арттатынын байқадым. Тапсырманы қаншалықты меңгергенін, бояу арқылы түстердің дұрыс таңдай білуін де ескеремін.

3-ші тапсырмада «Табыс кілті» әдісін қолдандым. Тапсырманы «өте жақсы», «жақсы», «төмен» деңгейде деп бағаладым. Әр деңгейде баланың тапсырманы қалай орындағанын, неден қателесетінін, санның цифрден айырмашылығын қаншалықты ажырата алатынын байқадым.

Бүгінгі сабақтың құрылымы дұрыс, сабақ (оқу мақсаттары дұрыс қойылған, оны оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігінен байқауға болады. Сабақтың кезеңдері ретімен сақталғанымен, уақытты тиімді пайдалануды келесі сабақ жоспарына енгізуім керек деп жоспарладым.




Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 1-ші тапсырмадағы суретті «Ой қозғау» әдісі бойынша тапсырманы орындау.

2: «Қарқын тәсілі» бойынша тапсырманы орындау.



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Интербелсенді тақта.

2:Қалыптастырушы бағалаудағы «Боялған кубиктер» бояу арқылы сабаққа деген қызығушылығы артты.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ кезеңдері ретімен сақталғанымен, уақытты тиімді пайдалануды келесі сабақ жоспарына енгізу керектігін жоспарладым.



Сабақтың тақырбы: Диктант

Сабақтың мақсаты :


                                  а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
                                  ә)  Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;                                                                                                                                                                                                                                                   
                                  б) өз ісіне ұқыпты, мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі :                               баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі :                   түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу
Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
        Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерінің бірі.Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік төрт бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран және ою-өрнек – алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Тудағы көк түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын,асқақтығын көрсетеді.нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықтыбейнелейді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай,билік айбындылық бенесі.Ұлан-байтақ кеңістікте  қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, Қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.



  Сабақ соңында дәптерлерін жинап аламын.

Үйге тапсырма : ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы оқып келуге беремін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет