Сабақ Тақырып: Мейоз және митоз



бет2/4
Дата01.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#107544
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8 зерт жумыс Митоз Мейоз

Препарат №2. Жануар жасушалардың митоз. Аксолотль бауыры (Г-Э).

Аксолотль бауырында көбейетін жасушаларды жете іздеу керек. Бірақ осы препараттан да профаза, метафаза, анафаза және телофазаны табу керек.


Препарат №3. Амитоз. Егеуқұйрықтың қуық қалбыршағының жасушалар (Г-Э).

Препаратта қуық қалбыршағының амитозбен бөлінетін ірі жасушалар көрсетілген. Амитоздың үш кезеңдерің суретке салу керек.




Сурет 1. Митоз (кариокинез). Пияздың түбі

Сурет 2. Жануар жасушалардың митоз. Аксолотль бауыры



: 1 – профаза, 2 – метафаза, 3 – анафаза, 4 – телофаза




Сурет 3. Амитоз. Егеуқұйрықтың қуық қалбыршағының жасушалар


Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды.

Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады.

Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән.

Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады.

Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады.

Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады.

Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады.

ІІ профаза өте тез өтеді немесе мүлдем болмайды.

ІІ метафазада хромосомалар центромераларымен ұршық жіпшелерге жабысып, метафаза пластинкасында орналасады.

ІІ анафазада әр центромера екі бөлініп, жаңа хроматидтер хромосомаларға айналып, қарама-қарсы полюстерге орналасады.



ІІ телофаза екі гаплоидтық ядроның сыртында ядролық мембрана құрылуымен аяқталады. Мейоздың тізбектеліп екі бөлінуінің нәтижесінде бастапқы бір диплоидтық жасушадан төрт гаплоидтық жасушалар құрылады.


Сурет 4. Митох және мейоз кезеңдері








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет