Сабақ типтері мен құрылымы



Дата07.02.2022
өлшемі15,24 Kb.
#90673
түріСабақ
Байланысты:
03.11.2020 Педагогика БК-318
Колдас ж

03.11.2020 Сабақ типтері мен құрылымы

Қазіргі заманда кез келген сабаққа қойылатын талаптар бар болғандықтан, сабақты сол талаптарға сай жүргізу керек:


1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс;
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек;
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе екенін назарда ұстау керек;
5. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;
6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек;
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек;
8. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс;
9. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;
10. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыру шарт.
Сабақты құруға қойылатын талаптар:
1. Сабақтың бағдарламаға, өтетін орны мен уақытына сәйкестігі.
2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі олардың уақытқа байланысты арақатынасы.
3. Идеялығы мен ғылымилығы.
4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоционалдық жақтары.
5. Жаңа материалдарды беру.
6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
7. Өмірімен байланыстар жасау.
8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
9. Кітаппен жұмыс істеу.
10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қызығушылығы.
11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыруы.
12. Оқушылардың жұмысындағы дербестігі.
13. Оқушылардың белсенділігі мен бастамашылығы.
14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.
15. Ауызша және сөздік практикамен қамту.
16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу).
17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі.
19.Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.
20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
21. Сабақ өткізу қарқыны.
22. Мұғалімнің педагогикалық тактикасы.
23. Мұғалімнің сөзі, оның субъективті жетістіктері.
24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.
25. Сөздік – фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
26. Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық.
27. Грамматиканы, лексиканы оқу.
28. Оқу техникасы.
29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.
30. Көркем шығармаларды оқу.
31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.


2. Сабақ типтері мен құрылымы:
сабақтың типологиясы – сабақты әр түрлі негізде топтастыра отырып, қазіргі зерттеулердің көпшілігі авторлық шешімін ұсынған басты күрделі дидактикалық міндеттердің бірі болып табылады.
С.В.Иванов, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Н Казанцев, В.А.Онищук, Г.И.Щукиналар басты дидактикалық мақсатпен тәуелді болатын сабақтардың практикалық ұқсас түрлерін шығарған:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқулық материалымен алғашқы танысу сабақтары.
3. Заң мен ережені танытудың, түсініктердің пайда болдыру сабақтары.
4. Практикада алған білімдерін қолдану сабақтары.
5. Дағдылану сабақтары.
6. Қайталау және талдау, қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабақтары.
8. Аралас және құрастырылған сабақтар.
Сабақ түрлерін топтастыру принциптері әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа бөлімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
Қайталау – қорыту сабағы – өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау – қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
Сонымен, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты болғанымен, әрқайсысының өзіне тән өзгешілігі болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет