Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі : «Топтастыру» стратегиясы, «Ой қозғау» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы,



Дата25.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#12334
түріСабақ
Тақырыбы: Еліміздің Мемлекеттік рәміздері

Мақсаты:

Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін молайту.Мемлекеттік рәміздерді ерекше құрметтеп,мақтан тұту керектігін сезіндіру.



1. Білімділік: Қазақстан елінің рәміздері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

2. Дамытушылық: Өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту. Сөздік қорын , ой өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: «Топтастыру» стратегиясы, «Ой қозғау» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы,«Синвейн»

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық..

Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Әр топқа берілген «Астана» тақырыбында ғы эссені оқыту.



І.Қызығушылықты ояту. Сұрақтар беріледі.

- Сонымен біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

- Қай жылы Астананың мерей тойы аталды?

- Ендеше балалар бәріміз мына сөзжұмбаққа көңіл аударайық

«Ой қозғау» стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу

«РӘМІЗДЕР»

1. Астанадағы биік мұнара

2. Юнеско Астанаға қандай қала атағын берді?

3. Қазақстанның жер асты байлығы..

4. Астана қаласындағы өзен..

5. Мағжанның алғашқы ұстазы..

6. Абайдың әжесі..

7. Қазақ даласының алғаш мектеп ашқан ағартушы..

8. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

ІІ.Мағынаны тану

- Қандай сөз шықты?

Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»

- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер? «Топтастыру» стратегиясы




Рәміз

ТОППЕН ЖҰМЫС

Әр топ интерактивті тақтаға шығып алдын - ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.

І - топ жұмысын қорғайды.



Ту - бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс – қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ - ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұлттық нышанымыз - Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: « Мемлекеттік туға арналған байқауға 600 - ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды. Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған - ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды. Қазақстан туы халықаралық жиындармен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені « біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билейді..

ІІ - топ жұмысын қорғайды



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

Елтаңба – Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп - өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

«ЖАҢҒЫРЫҚ» ОЙЫНЫ «ПЫРАҚ»

«Пырақ» сөзін қайталап айту арқылы сөздік қорға қосу

ІІІ - топ жұмысын қорғайды.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең - байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады.

Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойында Қазақстан мәртебесін отандас спортшыларымыз халқымыздың көбін рухтандырды .Жат елде жалауы желбіреп, Әнұраны шарықтап, Қазақстанның осал ел еместігін мойындатты.



ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Оқушылар сурет бойынша жұмыс жүргізеді,мәтінді оқиды.

Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би

Дәптермен жұмыс .



1992 жылы 4 маусымда мемлекетіміздің Туы, Гимні(Әнұраны),Гербі (Елтаңбасы ) туралы заң қабылданды.

ҚР Конституциясы 34 бап,2 бөлім: «Әркім Республикасының

мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»

Герб (Елтаңба) авторы: Жандарбек Мәлібеков,Шота – Аман Уалиханов

Гимн (Әнұран) авторы: Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев,

Шәмші Қалдаяқов.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

ІІІ. Ой толғаныс : «Кубизм» стратегиясы

•Зерттеуші: РӘМІЗДЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ЖАСАЛҒАН?

•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.

•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.

•Бейнелеуші: «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу.

Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Оқушылар өз ойын айтады.

ІV.Үйге тапсырма. Синквейн (бес жолды өлең)құру.

Гимн ,Герб ,Ту сөздеріне бес жолды өлең құрып келу.



V.Оқушыларды бағалау,мадақтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет