Сабаққа арналған сұрақтар Инклюзия деген не. Еббқ бар балалар дегеніміз кімдер



Дата11.03.2023
өлшемі109,7 Kb.
#171855
түріСабақ
Байланысты:
Инклюзив 1
презентация, Хандық дәуір әдебиеті, Көне түркі жазу ескерткіштері

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Филология институты

Аралық бақылау

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫН ҚҰРАСТЫРУ

Орындаған: Тойбек Ш


Қабылдаған: Сикинбаев Б

Алматы
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» /Н. Ә. Назарбаев



Сабаққа арналған сұрақтар
Инклюзия деген не.
ЕББҚ бар балалар дегеніміз кімдер.
Жыл бойы ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеу. 
Жеке білім беру жоспары: түрі мен құрылымы.

Психикалық дамудың тежелуі (ПДТ) — бұл психикалық үдерістердің дамуының қарқынды артта қалуы және арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеудің көмегімен еңсерілуі мүмкін балалардағы эмоционалды-ерік саласының жетілмеуі. Психикалық дамудың тежелуі моториканың, сөйлеудің, зейіннің, есте сақтаудың, ойлаудың, мінез-құлықты реттеу мен өзін-өзі реттеу деңгейінің жеткіліксіздігімен, эмоциялардың тұрақсыздығымен, мектептегі үлгерімінің нашар болуымен сипатталады. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу іс-әрекеті дыбыстық айтылу жағының ақауымен сипатталады, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің дыбыстық шынайылығына бағытталу деңгейінің төмендігі, дыбыстарды саралаудағы қиындықтар, сондай-ақ дыбысты әріпті талдауды меңгерудегі қиындықтар байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, олардың әлемді тануы, балаларды адамгершілік тәрбиелеу үшін ойынның маңызы туралы К. Крупская, В. А. Сухомлинский былай деп жазды:» Ойын — бұл үлкен рухани терезе, ол арқылы әлем туралы идеялар мен түсініктердің ағымы баланың рухани әлеміне енеді».
ПДТ балалармен логосабақта:тіл кемістігін түзету, сөздік қорын молайту мақсатында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:
1.Әңгімелесу « Құммен ойнау ережелері» Не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)
2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді.
3. ТРИЗ. Ойын «Құм: жақсы- жаман» Балалар құмның пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды.
4. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарастыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімейлейді.
«Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг
«Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтындүниесін құмға түсіре алады. Құмзар ойыны ПДТ баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол -ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, сөздік қорын, еркін сөйлеу қабілетін, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады
2011 жылы «Сандж» зерттеу орталығы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балалардың сапалы білім алуына қолжетімділігіне ситуациялық талдау нәтижелерін жариялады. Олар орта білімге қол жеткізуде қиындықтарға тап болған балалардың 10 тобын анықтады:
• осал отбасы балалары;
• толық емес отбасы балалары;
• аз қамтылған отбасы балалары;
• девианттық мінез-құлықты балалар;
• шалғайдағы ауылдық аудандардың балалары;
• даму мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар);
• тілдік және этникалық азшылықтардың балалары;
• мигранттар отбасыларынан шыққан балалар (экспаттар);
босқын отбасыларының балалары;
• жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Қатысушылардан топтарда жұмыс істеуді және мектептегі (немесе оқу үдерісіндегі) қиындықтарды еңсерудің жеке тәжірибесі туралы ойлануды сұраңыз.


Содан кейін топта келесі сұрақтарды талқылаңыз:
- Сізді қиындыққа не мәжбүр етті?
- Мұғалімдер сізге қалай көмектесті?
- Бұл қолыңыздан келді ме?
- Оларға бұны істеуге не көмектесті?
- Сізге не көмектесе алатын еді?
- Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жоғарыда сипатталған барлық теориялық негізге және НЗМ тәжірибесіне сүйене отырып, қолдау жоспарлары физикалық, эмоционалды немесе психикалық ауытқулары бар оқушыларға ғана емес, сонымен қатар қабілеттері мен дарындылығына байланысты жеке тіл табуды қажет ететіндерге де қажет деп қорытынды жасауға болады.


Қатысушыларға 4 топта жұмыс істеу ұсынылады. Әр топқа оқушылардың қолдауы қажет болатын кейс ұсынылады. Әр топ келесі сұрақтарға жауап береді деп күтіледі (бірақ олармен шектелмейді):
ȶ Оқушылардың үлгермеушілігінің немесе нашар үлгеруінің ықтимал себептері қандай?
ȶ Бұл себептерді анықтау үшін мектеп не істей алады?
ȶ Мектеп оқушыларға (және мүдделі тараптарға) қандай қолдау көрсете алады?
ȶ Оқу үлгерімін жақсарту үшін оқу үдерісін қалай ұйымдастыруға болады?

ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: КЕЙСТЕРМЕН ЖҰМЫС


1 ТОПҚА АРНАЛҒАН КЕЙС
Жоғары сынып оқушысының тілдік пән бойынша үлгерімі төмен және тіпті оқудан шығаруға кандидат ретінде қарастырылады. ҰБТ-ның сынақ емтихандары кезінде оқушы төмен нәтижелер көрсетті және университетке түсу мүмкіндігінен айырылудан қорықты

2 ТОПҚА АРНАЛҒАН КЕЙС


8-сынып оқушысының мектептегі үлгерімі төмен. Оның мінез-құлқында проблемалар бар, балағат сөздер айтады, оқуға қызығушылық танытпайды, ата-анасымен тұрады, ал әкесі ішімдікке салынған.
3 ТОПҚА АРНАЛҒАН КЕЙС
Орта мектеп оқушысы әкесімен бірге тұрады, анасы отбасын тастап кеткен. Үлгерімі қанағаттанарлық, бірақ жақсы оқуға қабілеті бар. Мұғалімдердің байқауларына сәйкес, мектепке жиі аш қарынға, таза емес киіммен келеді.
4 ТОПҚА АРНАЛҒАН КЕЙС
Орта мектеп оқушысы ата-анасымен көп балалы отбасында тұрады және отбасындағы үлкен бала болып табылады. Отбасы берекелі, ата-аналары жұмыс істейді. Карантин жағдайында оқушы қашықтықтан оқиды, ата-анасы кеңседе жұмыс істейді, кіші балалары балабақшаға бармайды. Оқушының үлгерімі айтарлықтай төмендеді. Үнемі үй тапсырмаларын орындай алмайды, сабақтарда зейін қоюы төмендеді.

Жаттықтырушыға арналған кеңес


Қатысушылар істерді өз жұмыстарынан немесе жеке тәжірибесінен қарай алады. Топтардағы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін жаттықтырушы топтардың кейбір қатысушыларынан тайм-менеджментті жүргізетін және мәселелерді жариялап отыратын фасилитатор рөлін атқаруды сұрауы мүмкін.

Сабақтың соңында жаттықтырушы қатысушыларды 4 топқа бөледі және әр топ келесі санаттарға сәйкес ЕБҚ бар оқушыларды жеке қолдау жоспарын жасауы керек:


1 топ Үлгерімі мен жетістіктері төмен оқушыларға арналған қолдау жоспарын (артта қалу немесе төмен мотивация).
2 топ Денсаулығында проблемалары бар (немесе академиялық демалыстағы) оқушыларға арналған қолдау жоспарын.
3 топ Жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету жоспарын (ата-аналар тарапынан немқұрайлылық, аз қамтылған отбасы, мінез-құлық проблемалары және т.б.).
4 топ Жоғары оқу әлеуеті бар дарынды және қабілетті студенттерге арналған қолдау жоспарын.
Топтар жоспардың нобайларын жасағаннан кейін, әр топтың бір өкілі жобаны басқа қатысушыларға ұсынады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет