Сабаққа керек материалдың нақты прототипке айналдыру. Дедукция Жеке қорытынды жасау үшін жалпы пайымдауды қолдану Анология



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі11,61 Mb.
#185902
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
см-1

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.


Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
  • Ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
  • Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
  • Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелде
  • Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
  • Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
  • Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. 

«Коллаж әңгіме» әдісі

  • Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
  • Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
  • Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Топтық жұмыс

  • Психологтер тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді, соның арқасында топта ынтымақтастық атмосферасының жақсаруы көрініс табатынын айтады.
  • Педагогтер оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын қызықты және өзара оқыту арқылы, бір-бірінен оқуға ықпал етеді, деген ой қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет