Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері



бет2/3
Дата28.11.2019
өлшемі364,59 Kb.
#52730
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Оқыту әдістері
ИКТ практика 1, СПС Модель выпускника, c768d38c-3b06-11e3-9713-f6d299da70eeдля препод инклюзив

70. Күту уақыты

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

Күту уақытының 2 үлгісі:

Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды.

Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.

71. Бағдаршам

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.



72. Құрастыр, одан кейін Жауап бер

Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–

· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;

·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;

· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;

· өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.



73. Көршіңе әңгімелеп бер

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

74. Басбармақ

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

75. Идея туралы ойлар

Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашыңыз.

Мысалы: “_________идея туралы қалғандары не ойлайды?”

76. Үлдірленген критерийлер

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.



77. А Ә Б В

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.



78. Де Бононың қалпақтары

мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі. (қажеті жоғын алып тастаңыз)



Қызыл қалпақ – Түйсік

Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді.

Ақ қалпақ - Фактілер

Менде қандай ақпарат бар?



Сары қалпақ - Позитив

Жағымды тұстары қандай болды?

Оның артықшылығы қандай?

Маған не ұнайды?

Оң тармақтарын жазыңыз.

Қара қалпақ - Жағымсыз

Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?

Қандай проблемалар бар?

Маған не ұнамайды?

Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.

Менде қандай идеялар бар?

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?

Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Көк қалпақ - шолу

Мен не аштым?

Тағы не ашылған жоқ?

Мен оны қалай аша аламын?

Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.

/Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланысты алу үшін пайдаланыңыз. /



79. Стикерлер тобы

Бұл қалай жұмыс істейді:

1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).

2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.



3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.

80. Жанды фотосуреттер



81. Бөлме – бұл карта!



82. Крестиктер-нөлдіктер

Ереже 1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

83. Кезбе тілші

Топтарда ……….туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет.

(мысалы: су тасқыны, Гастингстегі шайқас және т.б.)

1-оқушы:

телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы:

Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы:

Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы:

Тілші сұхбат алатын куәгер.

84. Жадыны дамытуға арналған ойын

1)Сіздер топқа бөлінесіздер

Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады.

Ереже:


1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.

2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.

3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.

Сізге мынаны ойластыру керек:

· Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз?

· Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз?

· Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын?

2) Реттілікті есте сақтаудың жақсы тәсілі – қайталау.

Бүгін біз есте сақтайтын топтама/реттілік/серия:

Бұл қалай жұмыс істейді:

1-оқушы: Алдымен.........................................

2-оқушы: Алдымен...................................... одан соң............................

3-оқушы: Алдымен...................................... одан кейін............................, сондай-ақ.........................

4 және т.б. оқушылар: алдымен бастаңыз және келесі тармақты қосу арқылы жалғастырыңыз.

Осы топтаманы/реттілікті/серияны кім аяқтай алады?

85. Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!

Әр оқушы берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Сіздің тапсырманы жоспарлау үшін 5 минутыңыз бар.



Кейбір әдіс-тәсілдерді өткізу үлгісі

1 Уақыт шеңбері

Мақсаты:

Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.



Ұйымдастыру:

Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).



Жаттығудың сипаттамасы:

Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.

Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:


  • Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

  • Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.

2. Балалар философиясы

Мақсаты:

БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі. (Уилл Орд - http://www.thinkingeducation.co.uk/p4c.htm )



Ұйымдастыру:

Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.



Жаттығудың сипаттамасы: Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.

3. Кемпірқосақ тобы

Мақсаты:

Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Тұрлі-түсті топта) сөйлейді.



Ұйымдастыру:

Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.



Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.



4. Қар үйіндісі

Мақсаты:

Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі.



Ұйымдастыру:

Сыныптағы жұмыс үшін стандартты .



Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.

Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.

Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.

5. Жұптық әңгіме

Мақсаты:

Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.



Ұйымдастыру:

Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.



Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.



6. Тыңдап отырған үштік

Мақсаты:

Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы ролі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.



Ұйымдастыру:

Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.



Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсінтеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Келесі жолы рөлдер ауысады. (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



7. Өкіл

Мақсаты:

Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.



Ұйымдастыру:

Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналастыру.



Жаттығудың сипаттамасы:

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды . (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



8. Мозаика

Мақсаты:

Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.



Ұйымдастыру:

Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.



Жаттығудың сипаттамасы:

«Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .

•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады. (ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



9. Құндылықтар спектрі

Мақсаты:

Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің әртүрлілігін талқылау, көпшілік алдында сөйлеуге тарту.



Ұйымдастыру:

Спектр үшін жіптің немесе қыспақтың кесіндісін қолдану; шеттеріне стрелка жасап, екі шетіне қарама-қарсы екі пікірді қою.



Жаттығудың сипаттамасы:

Бұл форматта оқушылар немесе оқушылар топтары келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бір неше әдістері: оқушыларды жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп тұруды сұрайды , сондай ақ басында оқушылардан мақұлдауды топта талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып карточканы орналастыруды сұрайды.


Бұл түрлі сұрақтарды салыстырудың және олардың ойлауларындағы қарамақайшылықтарды анықтаудың жақсы форматы (ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)

10. Алтын балыққа арналған аквариум

Мақсаты:

Топқа идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді, негіздеу қабілетін , аналитикалық сұрақтар қоюды, идеялар алмастыруды дамытады.



Ұйымдастыру:

Орындықтардың жартысын топқа қойғандай ,ал қалғандарын аудиториядағыдай қойыңыз.



Жаттығудың сипаттамасы:

Барлық сынып алда өз пікірін білдіргенні болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда , басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.



11. Стоп-кадр

Мақсаты:

Талқылауды демеу үшін кинестетикалық әдіс.



Ұйымдастыру:

Шеңберде бастап кейін топтарға бөліну – үстелдерді жылжып әрекет етуге мүмкіндік болатындай кеңістік қалдырып қойыңыз.



Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылардан тақырыптың , хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.

97. Ойланудың алты қалпағы

Мақсаты:

Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін, сананың түрлі бөліктерін бөлу.

Ұйымдастыру: Арнайы еш нәрсе жоқ

Бұд қалай жұмыс істейді:

Алты қалпақ бар, әр қайссы ойланудың түрлі элементтерінің рольін атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы – сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.



12. Еркін талқылау

Мақсаты:

Оқушының көш басшылығын, жауаптылығын мадақтау, мұғалімнің материалды қайта қолданудан аулақ болуы.



Ұйымдастыру:

Топтар немесе барлық сынып ,шеңдер,үстел немесе орындықтар.



Жаттығудың сипаттамасы:

Бұны шағын топта қалай болса, сондай ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан,бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады , бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін . Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.



(Ақпарат көзіhttp://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)

13. Радиоға қоңыраулар шалу

Мақсаты:

Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.



Ұйымдастыру:

Мұғалім ( немесе оқушы) радио жүргізушісі төрт қонақты (оқушыны) және аудиторияны(қалған оқушылар) қарсы алады



Бұл қалай жұмыс істейді:

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.



14. ТВ шоу

Мақсаты:

Көптеген сөйлеу мен тыңдау,көптеген оқушылар (және мұғалімдер!) үшін жеңіл, көру және тыңдау, салыстыру нүктелері.



Ұйымдастыру:

Сіз қандай шоу көрсеткіңіз келетініне байланысты.



Бұл қалай жұмыс істейді:

Мұғалім жүргізуші оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу.



15. Сұрақтар шеңбері

Мақсаты:

Идеяларды білдіру,тыңдау машықтарын дамыту,барлық қатысушылар қатыса алады, оқыту ортасын түзету.



Ұйымдастыру:

Жеңіл орындықтар болғаны абзал



Бұл қалай жұмыс істейді:

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін. Шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек. (Брукфилд & Прескил, 1999)

(Ақпарат көзі http://cte.uwaterloo.ca/teaching_resources/teaching_tips/Other/gw_types_of_small_groups.pdf.pdf )



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет