Сабақта өзім қолданған әдіс тәсілдер. Бұл әркімнің қалауы мүмкін пайдаға асар, немесе өз еркі Өз басым қолданып тәжірибе жүзінде көргенмін



Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Kb.
#117255
түріСабақ
Байланысты:
сабакта колданатын әдіс тәсілдер
7-сем-пр, 7-дәріс, СРСП №7 Мадениеттану, теория дизайна

Сабақта өзім қолданған әдіс - тәсілдер. Бұл әркімнің қалауы мүмкін пайдаға асар , немесе өз еркі...Өз басым қолданып тәжірибе жүзінде көргенмін.
1 Әдіс - тәсіл.
" Кемені құтқару " видео роликпен толқындағы кеменің көрсету. Әр қатарға капитан тағайындалады. Әр қатардың капитаны сұрақ дайындап.Келесі қатармен алмастырады. Сұрақ дайындағанда кемі 5 сұрақ болуы керек .Сол сұраққа, жауап іздейді. Сұрақтың жауабы айту үшін болса қаламсабын көтереді. Қаламсап фонарик ролін атқарады. Қай қатар бірінші жауабын табады? Қай қатар Кемені құтқарады ? - деп қолдап отырып белсенді оқушыларды бағалау.
2.Әдіс- тәсіл. " Көлік ұтып " алу .Бұл жерде қымбат үш көліктің суретін іліп қоясың. Әр көліктің артына сұрақтар бар .Сұрақтар бірнеше болса қызықты. Оқушылар тақтаға шығып көлікті таңдайды.Әр қатарда отыратын оқушылар бір көлік таңдайды. Көліктің артынан сұрақ алып , жауап береді. Күрделі сұрақ болса тіпті жақсы. Қай қатарда оқушылар көп жауап берсе , сол өздері таңдаған көлікті ұтып алады.
3. Әдіс- тәсіл " Миллион кімге бұйырады? Көп долларлар цифр жазылған. Әр доллардың артында сұрақтар бар. Сұрақтарға жауап беріп бірнеше доллар жинайды. Кім көп жинаса , сол миллион ұтып алады.
4. Әдіс- тәсіл. " Жалғастырып оқу " Мұғалім ұзақ оқулықтан әңгіме оқиды. Оқушылар қай беттен оқығанын тауып жалғастырады. Тағы да мұғалім оқиды оқушылар жалғастырып оқиды. Кім белсенді болса балл жинайды.
6.Әдіс- тәсіл. " Сұрақ , Жауап, Толықтыру " ұшбұрыш , төртбұрыш , дөңгелек . Қиып дайындап қою керек. Ұшбұрыш сұрақ , Төрбұрыш жауап , Дөңгелек толықтыру. Үш оқушы тақтаға шығып. Таңдағанын алады. Біреуі сұрақ қояды , келесі жауап береді, үшінші оқушы жауапты толықтырып айтады.
7.Әдіс- тәсіл. " Жағдаяттар " бұл жерде видео ролик арқылы әңгіме сюжетін(үзінді) көрсету. Осы жағдайда сенің ойыңыз. Не істеуге болады? Қалай амал жасауға болады? Мүмкіндік бар ма? Оқушылардың еркі өзінде ой толғам жазса да , ауызша жауап берсе де немесе тақтаға жоспар құрап жауап берсе болады.
8. Әдіс- тәсіл. " Бес қадам " Бес оқушы шығады. Оқушылар сұрақ қояды , жауап берген оқушы бір қадам алға аттап отырады. Адым жасамаған отырмайды. Тағы бес оқушы осылай сабақ оқымаған оқушы да жауабын біліп алып қадам жасайды.
9.Әдіс- тәсіл. " Бірлескен топ " Әр топқа плакат пен маркер бересің. Хат келді дейсің. Хатта бірінші қатарға келген сұрақтар екен деп .Әр қатарға хат таратасың. Сол жерде сұрақ та , бар тапсырма да бар .Оқушылар бірлесіп жауабын тауып , эссе болса жазып , сурет болса салып . Плакатты қорғайды.
10 .Әдіс- тәсіл. " Әңгіме жазу" Бұл жерде тақырып беріледі, әр қатарға Әрқайсысы бір сөйлемнен жалғастырып жазып шығады. Екі бет параққа. Кейін әңгімені оқып берсеңіздер қызықты болады.
Егер ұнап жатса тағы да көп әдіс - тәсілдер бөлісемін.
Сн Асемгул Алдибекова мұғалім

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет