7-тақырып: Қазақ диалектілеріне тән морфологиялық сипаттар Сабақтың мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі16,1 Kb.
#84786
түріСабақ
Байланысты:
7-сем-пр
7-дәріс, СРСП №7 Мадениеттану, сабакта колданатын әдіс тәсілдер, теория дизайна

7-тақырып: Қазақ диалектілеріне тән морфологиялық сипаттар
Сабақтың мақсаты: Қазақ сөйленістерінің морфологиялық сипаты әдеби тілдің грамматикалық тұлғалануынан соншалықты өзгешелігінің жоқтығын, кейбір септік жалғаулары мен грамматикалық формалардың ауытқуларына байланысты ерекшеліктерді көрсету.
Негізгі сұрақтар:

  1. Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларына байланысты ерекшеліктер

  2. Етістік тұлғаларына байланысты ерекшеліктер

  3. Есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау: Схема құрастыру,постер қорғау
Өткізу формасы: Топтық жұмыс, сайыс түрінде өткізілетін сабақ.
Бағалау критерийлері: Әдеби тіліміздегі морфологиялық тұлғалар мен жергілікті жердегі морфологиялық сипаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ой жүгірте отырып, схема құрастыру, постер қорғау.
1 – жаттығу. Қос сөздердің жұптарын дұрыс табыңдар:
Бәкін- тоғай Бәкін –шүкің
Шыған- қоқай Шыған -тоғай
Абай-нұқан Абай-қоқай
Некен-шүкін Некен-нұқан

2 – жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, диалект сыңарларын жазыңыздар.
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ. (...)

Бір құтыда екі түрлі су жатады,


Қайнатсаң мұз боп қатады. (...)

Судан алады,


Суға салса өледі. (...)

3 – жаттығу. Мына диалект сөздерді оқып шығып, морфологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Осы сөздерді қолдана отырып, «Арқаның серісі - Ақан» атты шағын мәтін құрастырыңыздар.
Азан-таңертеңгі уақыт
Айтулы-атақты,қадірлі ,ардақты
Шаптылап-шауып
Отырғамын,білдірісті-отырған.білдірді
Таңғалысты-таңғаларлықтай
Туылғандай-туғандай
Атсайшы-атшы
Әліге дейін-әлі күнге дейін
Бәкүн-шүкін-маңызды емес

4 – жаттығу. Өлең жолдарын оқып, морфологиялық ерекшелікке түскен сөздерді табыңыздар.
О, махаббат- сен отсың жалындаған,
Алаулап, мыжғырылып жанып барам.

Сен қыссың қаталданып қабақ шытқан,


Қаһарыңнан қорқып мен батылданғам.

О, махаббат – сен сусың сылдырлаған,


Жүрекке терең бойлап сырыңды ұғам.
Г.Көлбаева «Махаббат»

5 – жаттығу. «Менің Қазақстаным» атты шағын шығарма жазыңыздар. Шығармада міндетті түрде мына диалект сөздерді қолданыңыздар: дамылдаған, машайық, абажадай, бұ йақта түзең, ақбалық, жақса, жұтпа, жам, ақбасшөп, жүдә көрім, әйдік, тақыл, дембе-дем, жұмыс жасау, елкі, сірә, тымсалы, жайбар, аманғы, дағарадай, орпағына, еміл, алапатты, ірә басқа.
6 – жаттығу. Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай талдап, берілген диалектілерге сөйлем құрастырыңыздар.
Туылған – туған
Күніге – күнде
Аттамағын – аттамашы
бере тұғынмын – беретінмін
Емен – емеспін
Жесей, ішсей, іштіңке, ғылмайды- жесеңші, ішсеңші, ештеңе, қылмайды
Жарадар – жаралы
Күзгі салым – күзге таман
Жүріліп – жүргізіліп
Жүргем – жүргенмін

7 – жаттығу. Берілген диалектілердің қай аймаққа жататындығын диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып анықтаңыздар.
Үлгі: Жайбарсып (мықтысыну) - Шығыс Қазақстан.

Жамбар тарту (жақын тарту,туыс көру) -


Кәр ету (ашу шақыру) -
Жампылдап (жалтақтап қарау) -
Адақтап (орындау) -
Ада қылу (аяқта, бітіру) -
Әбессіну (қымсыну, ұялу) -
Башалау (анықтау, тәптіштеу) -
Айырбастау (ұсақтау, майдалау) -
Дағ етпеу (түкте етпеу, ештеме де қылмау, залал шекпеу) -

8 – жаттығу. Д.Исабековтың шығармаларынан алынған сөйлемдердің ішінен морфологиялық ерекшеліктерге ұшыраған диалектілерді теріп жазып, дұрыс нұсқасын келтіріңіздер.
1.Ит үрді дегенше, үйден бір адам атылып шықты дей бер. (Д.Исабеков. «Ақырамаштан наурызға дейін»). 2.Неміс генералдарының ішінде аңдысса ұтып, алысса жығатындай әлмені бар осы Шернер ғой, қауіпті жау нағыз! – деп Разумов сәл тоқтады. (Ә.Нұрпейісов. «Курляндия»). 3.Кележақ уақытта жалғасармыз. (Д. Исабеков. «Кемпірлер») 4.Құйқасының әр жерінде аламыш төбе болғандықтан, басына үнемі кестелі тақия киіп отырады. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 5.Мына есіктің баспасын ауыстыратын болыпты ғой. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») 6.Тұрмысымыз берілеп келе жақсарды. (Д.Исабеков. «Социализм зәулімі»). 7.Қақтаманы біз үнемі жасап отырмаймыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 8. - Ол құлақтанып қойса қайтеміз, - деді. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 9.Төр алдында шарада сабаланған қымыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 10.Мақтаның шақтауы жақындап келеді. (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ»).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет