Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері



бет7/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
акерке1

Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері

Сабақтан тыс қызметтің міндеттеріне, формаларына және мазмұнына қарай, оны базалық ретінде іске асыру үшін келесі ұйымдастыру моделі қарастырылады.

Сабақтан тыс қызметті іске асырудың базалық ұйымдастырушылық моделі:


  • білім беру үрдісінің қатысушылары қалыптастыратын білім беру ұйымының оқу жоспары (сабақтыққа қарағанда бөлек формаларда өткізілетін қосымша білім беру модульдері, арнайы курстар, мектептік ғылыми қоғамдар, оқу ғылыми зерттеулер, практикумдар және т.б.);

  • білім беру ұйымдарының қосымша білім беру бағдарламалары (қосымша білім берудің мектепішілік жүйесі);

  • балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, сонымен қатар мәдениет және спорт ұйымдарының білім беру бағдарламалары;

  • сынып жетекшілігі (экскурсиялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сайыстар, қоғамдық пайдалы тәжірибелер және т.б.);

  • білім беру қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының лауазымдық міндеттеріне сәйкес өзге педагогикалық еңбеккерлердің (ұйымдастырушы-педагогтің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтің, аға тәлімгердің) қызметі;

  • жаңа білім беру бағдарламаларды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерін есепке алатын бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау, енгізу бойынша инновациялық (тәжірибелік) қызмет.

Аталмыш базалық модельге сүйене отырып, сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдерінің бірнеше негізгі типтері ұсынылуы мүмкін:

  • балаларға қосымша білім беру моделі; «толық күн мектебі» моделі;

  • оңтайландырылған модель (білім беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізінде);

  • инновациялық-білім беру моделі.

Балаларға қосымша білім берудің моделі мектепішілік қосымша білім беру әлеуетін басым қолдануға және балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастыққа сүйенеді. Сабақтан тыс қызмет балалардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау және оларды көркем, техникалық, экологиялық-биологиялық, спорттық және басқа қызметке қосу жағынан балаларға қосымша білім берумен тығыз байланысты. Сабақтан тыс қызмет пен балаларға қосымша білім беру арасындағы байланыстырушы болып факультативтер, мектептік ғылыми қоғамдар, кәсіби бағыттағы бірлестіктер, таңдау бойынша оқу курстары сияқты оны іске асырудың формалары болып табылады.

Қосымша білім беру моделі негізіндегі сабақтан тыс қызмет кезінде білім беру ұйымдары балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін. Аталмыш модель сабақтан тыс қызметтің және балаларға қосымша білім берудің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды, білім беру ұйымын басқарудан білім беру бағдарламасын басқаруға көшуді іске асыруды көздейді.

Аталмыш модель балалардың аумақтық, әлеуметтік және академиялық ұшқырлыққа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Модельдің артықшылығы балаларға қызығушылықтар бойынша балалар бірлестігі бағыттарының спектрі негізінде кең таңдау ұсыну, балалардың еркін өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, сабақтан тыс қызметті іске асыру білікті мамандарды тарту, сондай-ақ білім беру үрдісі ұйымының балаларға қосымша білім беруге тән тәжірибелік-бағдарлы және қызметті негіз болып табылады.

Қосымша білім беру ұйымы өзінің әлеуетін толық шамада іске асыруы үшін барлық педагогикалық жүйенің нақты әрі үйлесімді жұмысы қажет. Сондықтан педагогтерге бір-бірінің – балаларға қосымша білім берумен кәсіби айналысатын және мектептегі пәндік оқытумен байланысты педагогтердің мәселелерін білу және түсіну аса маңызды. Тек солардың өзара көмегі және бірлесе ойластырылған қызмет жеке мектеп деңгейінде де, бүтін қала, өңір, ел деңгейінде де тұтас білім беру кеңістігін құру үшін негіз бола алады.

«Толық мектеп күні» моделі. «Толық мектеп күні» моделінің негізі – сабақтан тыс қызметті көбінесе ұзартылған күн тәрбиешілерімен іске асырылуы.

Аталмыш модельді сипаттайды:



  • баланың күні бойы білім беру ұйымында толыққанды болуы үшін жағдайлар жасау, оның ішінде мектептің білім беру ортасын поляризациялау және түрлі акценттелген кеңістіктерді бөлу арқылы;

  • тәрбие беру жүйесі және білім беру ұйымының негізгі білім беру бағдарламалары аясындағы оқу, тәрбие беру, дамыту үрдістерінің мазмұнды бірлігі;

  • санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз ететін және білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудан, қимыл белсенділігін оңтайландырудан, тиімді тамақтануды ұйымдастырудан, денсаулықтың және салауатты өмір салтының құндылығын қалыптастыру бойынша жұмыстардан тұратын денсаулық сақтау ортасын құру;

  • балалар қоғамдық бірлестіктерінің және оқушылардың өзін-өзі бсқару органдарының белсенді қолдауымен балалардың өз-өздерін көрсетулері, өз-өздерін іске асырулары және өз-өздерін ұйымдастырулары үшін жағдайлар жасау;

  • баланың білім беру ұйымында болуының жеке білім беру траекториясын және жеке кестесін құрастыру;

  • негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары ынтымақтастығына сүйену.

Аталмыш модельдің артықшылықтары болып табылады: күні бойы білім беру үрдісін табысты іске асыруға арналған жағдайлар кешенін құру, тамақтануды қоса алғанда.

Оңтайландырушы модель. Білім беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізіндегі сабақтан тыс қызметтің моделі оны іске асыруға аталмыш білім беру ұйымының барлық педагогикалық қызметкерлерінің (мұғалімдер, ұйымдастырушы - педагог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, тәрбиеші, аға тәлімгер және т.б.) қатысуын қарастырады. Бұл жағдайда үйлестіруші рөлін әдетте сынып жетекшісі атқарады, ол өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес:



  • педагогикалық қызметкерлермен, сонымен қатар білім беру ұйымының оқу-қосалқы қызметкерлерімен өзара әрекеттеседі;

  • сыныпта мектеп ұжымы қызметінің аясында оқушылар тұлғасының оң әлеуетін дамытуға арналған оңтайлы білім беру үрдісін ұйымдастырады;

  • сынып ұжымының тәрбиелеуші үрдісінің түрлі формалары арқылы, оның ішінде өзін-өзі басқару органдары арқылы қарым-қатынастар жүйесін ұйымдастырады;

  • оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметін ұйымдастырады.

Оңтайландырушы модельдің артықшылығы сыныптан тыс қызметке кететін қаржылық шығындарды азайту, білім беру ұйымында бірыңғай білім беру және әдістемелік кеңістік құру, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлігі болып табылады.

Инновациялық-білім беру моделі. Инновациялық-білім беру моделі республикалық және өңірлік деңгейдегі инновациялық (тәжірибелік, қанатқақты, ендірушілік) алаң қызметіне сүйенеді. Аталмыш модель аясында жаңа білім беру бағдарламаларының, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескеретін бағдарламалардың әзірленуі, апробациялануы, енгізілуі жүреді. Инновациялық-білім беру моделі білім беру ұйымдарының кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен және әдістемелік қызметтермен тығыз өзара қызметін қарастырады. Аталған модельдің артықшылықтары болып табылады:



  • сабақтан тыс қызмет бағдарламалары мазмұнының және (немесе) әдістемелік құрал-жабдықтарының жоғары өзектілігі;

  • оларды іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, қалыптасатын тәжірибенің брегейлігі.

Мектепте сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделі білім беру үрдісі жүретін жағдайларға байланысты: параллель сыныптардың саны; қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымының болуы; жұмыс ерекшелігі (бір нмесе екі ауысым, сыныптардың комплектілігі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет