Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


Сабақтан тыс қызмет бағыттарының әртүрлілігі ұстанымы, ол сабақтан тыс қызметтің бағыттарын іске асыруды көздейді



бет9/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
акерке1

Сабақтан тыс қызмет бағыттарының әртүрлілігі ұстанымы, ол сабақтан тыс қызметтің бағыттарын іске асыруды көздейді:

Мектептің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, білім беру ұйымының даму бағдарламасын есепке алу ұстанымы. Мысалы, егер мектеп экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселесі бойынша жұмыс істесе, аталмыш бағыт бастауыш мектептен бастап сабақтан тыс қызмет сабақтарында көрініс табуы тиіс.

Сабақтан тыс қызметтерді ұйымдастыруға арналған өңірлік әзірлемелерді есепке алу ұстанымы. Бірінші сыныпта «Оқы, оқы» атты үйірмені ұйымдастыру, оның бағдарламасы тек сабақтарда, пәндік материалда ғана емес, сондай-ақ түрлі ойындық және танымдық сценарийлерде де әмбебап оқу қызметтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен өзара қызмет ұстанымы. Сабақтан тыс сабақтардың бөлігі қосымша білім беру ұйымының, кітапхананың аумағында іске асырылуы мүмкін. Үйірме жетекшісі болып қосымша білім беру жүйесінің немесе мәдениет және спорт мекемесінің маманы істей алады.

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру ормаларының әртүрлілігі ұстанымы. Мектептің сабақтан тыс қызмет бағдарламасында үйірмелер, студиялар, клубтар, шеберханалар, секциялар, қоғамдар және т.б. болулары тиіс.

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру кезінде оқу жылының оқу және каникулдық кезеңдерін оңтайлы пайдалану ұстанымы. Сабақтан тыс қызмет бағдарламасының бір бөлігі каникул уақытында, демалыс күндері іске асырылуы мүмкін. Белгілі бір сабақтардың өткізілу уақыты туралы ақпарат үйірменің, студияның бағдарламасында болуы тиіс.

Білім беру үрдісінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) мүмкіндіктерін есепке алу ұстанымы.

Сабақтан тыс қызметке іс-әрекет мазмұнының қатаң реттелуі және бағдарламаларды, алгоритмдерді, жоспарларды құрастыру кезіндегі таза басқарушылық амал-тәсіл тән емес. Сабақтан тыс қызмет баланы тәрбиелеудің жеке сипатын көздейді, бұл ретте тәрбие оқушы таңдап алған қызмет пәніне деген қызығушылыққа негізделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет