Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Егіншілкті химияландырудың проблемалары



бет3/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Егіншілкті химияландырудың проблемалары:

  • тыңайтқыштар қолданудан бас тарту егіншіліктегі баламалы бағыттармен салыстырғанда егіншілік өнімділігінің 20-30%-ға және одан да көп кемуіне, ал тыңайтқыштар қолдануды азайту – топырақтағы қара шіріндінің күрт кеміп кетуіне әкеп соғады. Соңғы 40-50 жылда қаратопырақты жерлердегі қара шірінді 22-25%-ға, қоңыр топырақты мен сұр топырақты жерлерде 14-30%-дан астам азайып кетті, осының салдарынан өсімдіктердің, әсіресе бидайдың түсімділігі мен сапасы төмендеп барады;

  • минералдық тыңайтқыштар құнының қымбат болуы ішкі және сыртқы рыноқтарда оларды бәсекеге қабілетсіз етеді;

  • елімізде өндірілетін минералдық тыңайтқыштардың түр-түрі аграрлық сектордың қажетін қамтамасыз етпейді, отандық зауыттар калийлі және азотты тыңайтқыштарын өндірмейді;

  • аграрлық сектордың шаруашылықтарында минералдық тыңайтқыштар енгізетін арнаулы техника жоқ;

  • тыңайтқыштар бағасының қазіргі жағдайында оларды қолдану ауылдағы тауар өндірушілердің шығындарын ақтай алмайды, яғни рентабельді емес;

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құнарлылығының мониторингі жүргізілмейді, соның салдарынан минералдық тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі ұсыныстар жоқ.

1-тақырып. ӨСІМДІКТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫ


1. Өсімдіктің химиялық құрамы.


2. Өсімдік қоректенуі мен өнім қалыптасуы үшін жеке химиялық (макро- және микро) элементтердің рөлі.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
4. Қоректік элементтердің шығарылуы.

Өсімдіктің дұрыс қоректенуі жоғары өнім жинаудың кепілі болып саналады. Өсімдіктің қорегі үшін химиялық элементтер пайдаланады.


Кез келген өсімдік су және құрғақ заттан тұрады. Осы екі компоненттің арақатынасы өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, өсіп тұрған орта жағдайына, тағы басқа факторларға байланысты өзгереді. Мысалы, дәнді дақылдардың тұқымында 85-95 % құрғақ зат пен 5-15 % су болса, картоп, көкөніс сияқты дақылдарда, керісінше, 5-25 % құрғақ зат, 75-95 % су болады.
Өсімдік клеткаларының сумен қамтамасыз етілуі ондағы биологиялық процестердің (үрдістердің) жылдамдығы мен қарқынын анықтаса, минералдық заттармен қоректенуі дақылдың биологиялық ерекшелігін қамтиды.
Өсімдіктің құрғақ заты органикалық және минералдық қосылыстардан тұрады. Оның құрамына 90-95% органикалық қосылыстар және 5-10 % минералды тұздар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет