Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет5/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
1. Макроэлементер. Олардың мөлшері бірнеше пайыздан, пайыздың жүздік бөлігіне дейін болады. Бұған көміртек, оттек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, (темір) жатады.
2. Микроэлементтер. Олардың мөлшері 0,01 пайыздан 0,0001 пайыз аралығында болады. Бұған бор, марганец, мыс, мырыш, молибден, кобальт, никель, ванадий, йод жатады.
3. Ультрамикроэлементтер. Олардың мөлшері өте аз (10-5 – 10-12 %). Бұған алтын, күміс, сынап, радий, цезий, қорғасын сияқты элементер жатады.
Азот. Азот өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Азот барлық белок құрамына кіреді. Белок құрамында азоттың мөлшері 16-18 % болады. Белок - тіршіліктің негізі, сондықтан «азотсыз белок жоқ және белоксыз өмір жоқ» деп айтуымызға болады.
Азот нуклеин қышқылдарының (РНК мен ДНК), хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар азот фосфатидтер, алкалоидтер, кейбір витаминдер мен ферменттер құрамында болады.
Өсімдіктер құрамында орта есеппен азот мөлшері 1-3 % болады. Бірақ оның мөлшері өсімдікті өсіру ортасына, олардың сорттарының ерекшеліктеріне, қолданылатын агротехникалық шараларға қарай күшті өзгеріп отырады.
Азотпен қоректену жағдайлары өсімдіктердің өсіп-дамуына күшті әсер етеді. Өсімдіктер азотпен дұрыс қоректенсе белок заттардың синтезделуі, клейковина (дән маңызы) мөлшері артады, ағзаның (организмнің) өмір сүру қабілетттілігі күшейеді және ұзаққа созылады, жапырақтардың өсуі жақсарады және олардың қартаюі баяулайды. Өсімдікте қуатты сабақтар мен жапырақтар пайда болады, олар күшті-жасыл түске ие болады, жақсы өседі және түптенеді, репродуктивтік мүшелердің қалыптасуы мен дамуы жақсарады. Өның нәтижесінде өнім және өнімдегі белок мөлшері күрт артады.
Егер азот жетіспесе өсімдіктің өсуі күшті нашарлайды. Ұсақ жапырақтар пайда болады, олардың түсі ашық-жасыл болып, тез сарғаяды, сабақтары жіңішкеріп, әлсіз бұтақтанады. Астық дақылдарының түптенуі, репродуктивтік мүшелердің қалыптасуы мен дамуы және дән толысуы нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет