Сабақтың №: 1 Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Қазақ фольклоры



Дата08.09.2017
өлшемі434,3 Kb.
#30491
түріСабақ
Сабақтың күні: 2.09

Сабақтың №: 1

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Қазақ фольклоры

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға қазақ ауыз әдебиеті туралы түсінік беру, ауыз әдебиетінің түрлерімен, ерекшіліктерімен таныстыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: халық мұрасына деген ықыласын ояту, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану.

Көрнекілігі: тірек сызба, суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық №13



ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  2. Теориалық материалдарды тірек сызба арқылы түсіндіру:

Асыл қазына - - фольклор
Қалыптасқан сөздер - Қазақ ауыз әдебиеті - Ұжымдық шығарма
Түрлері - - Көп нұсқалы

  1. Оқулық мәтінін зейін қойып оқу шығу.

  2. Сөздік жұмысын ұйымдастыру.

Сөздікте берілген кез келген сөздермен оқушыларға сөз тіркестерін , сөйлем құрастырту.

Кез келген –любой Ұжымдық шығарма – коллективное произведение

Мағына - значенние Қалыпты дағдылы сөздер – устойчивые выражения

Ауыздан-ауызға – из уст в уста Болашақ - будущее

Т.б. сөздер.

5. Мәтінге сұрақтар құрастыру, жауап беру.

6. Сөз сыры айдарымен берілген оқулық тапсырмасын орындау.

Сөз сыры: Ауыздан-ауызға, болашаққа сенген, ұрпақтан-ұрпаққа, көркем туынды, ...

Оқушылар өздері тапқан сөздерін қосып дәптерлеріне жазып, түрлендіріп,қолданып көреді.

І V Сабақты бекіту.

Алған білімдеріне бақылау жасау. Деңгейілік тапсырмалар орындау.



І деңгей.

Сұрақтарға жауап бер:

А) халық ауыз әдебиеті қалай тараған?

Ә) ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?



ІІ деңгей.

Сұрақтарға жауап бер:

А) ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?

ІІІ деңгей.

Берілген сызба арқылы «Қазақ халық әдебиеті» деген тақырыпта әңгімелеп бер.



V. Рефлексия

- Халық ауыз әдебиеті деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Орыс әдебиетінде қандай түсініктер алып едіңдер?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен? Ұнамады ма? Неліктен?



VI. Сабақты бағалау

VII.Үйге: 4б. мәтін мазмұнын тірек сызбаға сүйініп, әңгімелей білу, орыс әдебиетімен салыстыру.
Сабақтың күні: 09.09

Сабақтың №: 2

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы түсінік беру, тұрмыс – салт жырларының түрлері, ерекшіліктері туралы түсіндіру.Теориялық материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету.

2.Дамытушылық: Мәтінді мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: Халық мұрасына аялауға баулу, төрт түлікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы..

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:мәнерлеп оқу, салыстыру, топпен жұмыс, баяндау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 19



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру


  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

  2. Оқулық мәтінімен жұмыс.

  3. Мәтін бойынша берілген сөздікпен жұмыс:

Тұрмыс-тіршілік – быт, существование Ие – хозяин

Кәсіп – промысел Табыну – преклоняться

Төрт түлік мал – четыре вида домашнего скота

Сәндік – красота Мырзалық - щедрость

Т.б. сөздер.

А) лексикалық жұмыс орындау:



Сөздер

синонимдер

антонтмдер

Тұрмыс-тіршілік

өмір

өлім

Байлық







Пайда







Жеңілдету







Міну







кәсіп







Ә) өз қалаулары бойынша сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.

3. Оқулықтың тапсырмасын орындау. Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру:



  • Тұрмыс – салт жырларында не суреттеледі?

  • Тұрмыс – салт жырларына қандай өлең- жырлар жатады?

  • Төрт түлік малға не жатады?

  • Төрт түліктің иесін атай аласың ба?

  • Төрт түлік малға арналған жырлардың ерекшеліктері қандай? Орыс әдебиетінде малға арналған жырлар бар ма?

  • Қалай ойлайсың, тұрмыс – салт жырлары қазір қолданыла ма?

  1. Топпен жұмыс.

Мәтінге тірек сызба құрастыру. Әр топ өз нұсқасын қорғап шығуы керек.

Тұрмыс- салт жырлары

Еңбек және шаруашылық Әдет- ғұрыпқа байланысты

кәсібіне байланысты

Төрт түлік мал, жануарлар, Шілдіхана өлеңдері, тойбастар, сыңсу, беташар, аңшылық туралы жар-жар, қоштасу, жоқтау, көңіл айту, т.б.

өлеңдер мен наурыз жырлары

І V. Сергіту сәті № 6

V. Сабақты бекіту.

Төрт түлік туралы түсінік беру

Оқулықпен жұмыс.


  1. Төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.Хрестоматия материалдарын да кеңінен пайдаланып, берілген кестені толтыру.

  2. Кестену толтыру:

Төл атауы

Төл енесі

Төлді шақыру

Оқыған материалдар бойынша тірек сызбаны толтыру ұсынылады:

Тұрмыс- салт жырларына

қандай түсініктер енеді?

VI. Рефлексия

Түлік атауы

Төл атауы

Не істейді?

түйе

бота

Маң-маң басады, шудаларын шаң басады, екі өркешін қом басады, төрт аяғын тең басады. Тілін тікен теспейді, алаботаны жейді, үйді жүктейді.

Төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді естеріңе сақтап алыңдар! Айдарымен тыйым сөздер көрсетіледі, оқушылар дауыстап оқиды, мұғалімнің көмегімен мағынасы түсіндіріледі.

  • Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды – иесі (пірі) өкпелейді.

  • Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

  • Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.

  • Жатқан малдың үстінен аттамайды.

  • Жас малдың тістерін санамайды.

  • Күн батқанан кейін қорадан мал шығаруға болмайды.

  • Малды аяқпен теппейді.

  • Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың немесе ши қораның ішінде ұсталады.

  • Қой боздап жатқанда біреуге мал сыйламайды және сатпайды.

  • Мал сауғаннан кейін қол жумай, бөтен адаммен қол беріп амандасуға болмайды.

  1. Сөздік жұмысы

Тыйым – запрет Дауыс көтеру – повышать голос

Ұрсу – ругать Көзге түсірмеу – не показывать

Өкпелеу – обидеться Балағаттау, тіл тигізу – оскорбить

Ысқыру – свистеть Тебу – пнуть

Күн батқаннан кейін – после заката Шымылдық – занавеска

Бөтен –чужой Қол беріп амандасу – здороваться за руку

Бос ыдыс – пустая посуда Аттамау- не перешагивать

-Сабақ мазмұны бойынша өз-өздеріңе қандай сұрақтар қояр едіңдер?



VIІ. Сабақты бағалау

VIІІ. Үйге: 10-12б.

Өздеріне ұнаған өлеңдерін жаттау, кез келген бір түлік туралы толық мәлімет жинап, шығармашылық жұмыс тапсыру.



Сабақтың күні: 16.09

Сабақтың №: 3

Сабақтың тақырыбы: Төрт-түлік малға арналған жырлар

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: төрт-түлік туралы тиянақты білімді меңгеру.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру.
2. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту.Таңымдық деңгейді, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік:Малға,төрт-түлікке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілік: суреттер, сызбалар

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,жаңа сөздер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 19



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Өлеңді жаттау жұмысын тексеру

2. Бір түлік туралы толық мәлімет жинап, шығармашылық жұмыс тексеру.

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру

1. Жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін айту.

2. Оқулық мәтінін оқып,орыс тіліне аударыңдар.

-Төрт-түлік малға байланысты өлеңдерді оқып,мағынасын ашып,талдаймыз?



- Бұл өлеңдердің тәрбиелік мәні неде?

3. Сөздіктерді орыс тіліне аударып,оқушыларға мағынасын түсіндіру.

Сөздік:

Бөлінеді-делится Төрт-түлік малаға байланысты туған өлең-жырлар-песни о животных



Түлік-скот (всех видов) Наурыз жырлары-песни о Наурыз

Төрт-түлік малға-четыре вида домашнего скота (лошадь,верблюд,корова,овца)

Заттың иесі-мифический покровитель Мереке күні-праздничный день

Сенген-верили Түркі халықтары-тюрские народы

Жыр арнаған-посвящали песни

4.Сұрақтар:

1.Тұрмыс-салт жырлары қалай туған?

2.Тұрмыс-салт жырларының қандай түрлері бар?

3.Төрт-түлік малға нелер жатады?

4.Ертедегі адамдардың сенімі қандай болған?

5.Наурыз күні қандай мереке?

6.Халық наурыз мейрамына на арнаған?



IV. Сергіту сәті № 9

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер?

2.Тұрмыс-салт жырлары қалай туған?

3.Мәтіннен тұрмыс-салт жырларының түрлерін табыңдар?

4.Тұрмыс-салт жырларын еске түсіріңдер:наурыз жырлары,төрт-түлік малған арналған жырлар.

5.Төрт-түлік малдың иесін жаттаңадр.

Жылқы иесі-«Қамбар ата»

Сиыр иесі «Зеңгі баба»

Түйе иесі «Ойсылқара»

Қой иесі «Шопан ата»

Ешкі иесі «Шекшек ата»

6.Сөздер мен сөз тіркестерің қазақ тіліне аударыңдар?

7.Мына сөйлемді аяқтаңдар:

8.Түсінп оқыңдар.

9.Түсініп оқыңдар,есте сақтаңдар.

Түлікті құрметтеу.

Кендірмен байлама

Жыңғылмен айдама

Кендірмен байласан,

Жыңғылмен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.



VI. Рефлексия

Оқыған мәтіндер бойынша тірек-сызбаны толтыру.Кластер әдісімен жұмыс жасату.



VII. Бағалау

VIII. Үйге: 13б. Төрт-түлік малға байланысты өлең жырларды жаттау.
Сабақтың күні: 23.09

Сабақтың №: 4

Сабақтың тақырыбы: Наурыз жырлары.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: тұрмыс - салт жырлары туралы оқушылар білімдерін тереңдету, наурыз жырлары туралы түсінік беру

2.Дамытушылық: халқымыздың тарихына шолу жасап, оқушылар ойын, қиялын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3.Тәрбиелік:қазақ халқының салт – дәстүріне, әдет- ғұрпына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, көрнекілік қолдану.

Көрнекілік: суреттер, бейнекөрініс, үнтаспа, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Өлеңді сұрау

2. Оқушылар білімі тест тапсырмасы арқылы тексеріледі:


  1. Ауыз әдебиетінің түрі:

а) әңгіме

ә) тұрмыс-салт жырлары

б) роман

2. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:

А) фольклор

Ә) ертегі

Б) аңыз


3. Тұрмыс-салт жырының түрі

А) әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырлары

Ә) табиғатқа байланысты туған өлең- жырлары

Б) тарихқа байланысты туған жырлары



4. Түлік атауы:

А) түйе


Ә) шошқа

Б) есек


5. Әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең- жыр:

А) наурыз жырлары

Ә) аңшылық туралы жырлар

Б) бесік жыры.

Тест жазылып біткен соң, тақтадан дұрыс жауап үлгісі көрсітіледі.

III. Жаңа сабақ:


  1. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тұрмыс – салт жырларының ерекше бір саласын – наурыз жырлары құрайды. Наурыз мерекесі күні айтылатын жыр – Наурыз жыры деп аталады.

Наурыз қазақ халқының ұлттық төл мерекесі. Ол халықтың шаруашылық жайындағы тілегімен байланысты туған. Наурыз күнін ерекше бағалап, еңбекті, шаруашылықты қастерлеген:

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Ұлыс оң бболсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс оң болсын!

Пәле – жала жерге еңсін!...-

деп тілек білдірген.

Наурыз мерекесі, наурыз өлеңдері туралы толығырақ біліп алу үшін оқулық мәтінімен жұмыс істейік!


  1. Оқулық мәтінімен өздері танысады. Мәтін бойынша «Эстафета» оқыта үйрену ойыны өткізіледі. Ойын шарты: сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар мәтінді оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар өздері қажет деп тапқан маңызды мәліметтерді, деректерді, мерзімдерді параққа жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады. Олар бір-бірін қайталамауы тиіс. Белгіленген уақыттан соң парақтар жиналып, тексеріледі. Білгірлер тобы анықталады.

  1. Сөздік жұмысы. Сөздер тақтаға көрсетіледі, айтылуы, жазулуы қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі, мағыналары түсіндіріледі:

Шарушылық жайлы тілек – пожелание Ұлыс – улыс, племя

Пәле – жала - беда, бедствие Жаңа күн – новый день

Игі тілек – благие пожелания Ақ бата – благославление

Мал төлдеу – окот скота Жыр – песня, сказание

Береке – изобилие Ұғым – понятие

Қастерлеу – уважать Бата беру – благославить

Құшақ қауышу – объятия Адал ниет – чистые помыслы

Күн мен түннің теңелуі – весеннее равноденствие

Ұлыстың ұлы күні – великий день Улыса

Аққа аузы тию – попробовать молочные продукты

Шаруаның арқа – басы кеңу – чувство достатка


  1. Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу:

  • Наурыз сөзі нені білдіреді

  • Бұл мереке қашан тойланады?

  • Бұл күнді адамдар қалай атаған?

  • Наурыз күнін қалай атап өткен?

  1. Наурыз өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңдер мазмұны бойынша әңгімелесу:

  • Наурыз күні қандай ақ тілектер айтылады?

  • Наурыз тойының ерекше белгісі қандай?

  • Наурыз көже қалай дайындалады?

  • Наурыз тойында тағы қандай шаралар жасалады?

  • Қандай ұлттық ойындар ойналады?

  • Бата дегенді қалай түсінесіндер?

  • Батаны кім береді?

Сергіту сәті № 21

V.Сабақты бекіту

Оқушыларға тапсырма : Бұрынғы Наурыз бен қазіргі Наурызды салыстыру.



VI.Сабақты қорытындылау « Ассоциативті қатар» техникасын қолдану.

Мұғалім тақтаға «Наурыз» деген сөзді жазады. Оқушылар тақтаға жазылған сөзден пайда болған ойларын, пікірлерін, елестерін жазады. Барлығы жазып болған соң, мұғалім оқушылармен бірге жазған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде тірек сызба жасауға да болады.



VII. Сабақты бағалау

Рефлексия кезеңі

Оқушылар бір- біріне, жақын адамдарына арнап тілек айтады. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



VIII. Үй тапсырмасы: 15,16б. өз қалаулары бойынша Наурыз өлеңін жаттап алу. Отбасыларында Наурыз мерекесін қалай қарсы алатындықтары туралы бір-бірімен сұхбат құрастыру.

Сабақтың күні: 30.09

Сабақтың №: 5

Сабақтың тақырыбы: Салт – дәстүрге қатысты жырлар

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: тұрмыс-салт жырлары туралы оқушылардың білімдерін тексеру, салт – дәстүрге қатысты жырлар туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық : оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын,ойлау,есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3. Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүріне, әдеп-ғұрыпқа деген құрмет,сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу,баяндау

Сабақтың көрнекілігі: өлеңдер,тест, суреттер, сызбалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 26



ІІ. Үй жұмысын тексеру

  1. Наурыз өлеңін тексеру

  2. Сұхбат тексеру

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру

  1. Ребустың шешуін табу – Салт-дәстүр

  2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру

  3. Жаңа сөздермен танысу 26б.

Оң болсын-пусть будет удачным Бақытты-счасливый

Береке-благо (согласие изобилие) Пәле-жала-беда

Құшақтасып көріскен-здоровались друг с другом обнимаясь

Бата-благословение,добрые пожелания Тілек-желание

Олжа-добыча


  • Қазақ халқының салт-дәстүрлерге,әдеп-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар өте көп.Олар:беташар,шілдехана,тұсау кесер,сыңсу,үйлену той,беташар,жар-жар,сүндет той т.б.

  1. Оқушыларға Наурыз жырлары туралы өлең-жырларды үйрету.

IV. Сергіту сәті № 22

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 27б. Тапсырмаларды орындау

2.Әдеп-ғұрыпқа байланысты сұрақтар қою.

3. 27б.Тыйым сөздермен танысу



VI. Сабақты қорытындылау

- Наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады?

- Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

- Саған Наурыз мерекесі несімен ұнайды?



VII. Бағалау

VIII. Үйге: 25-36б.

Ұлыстың Ұлы күніне арнап жақсы сөздер жазып келіңдер..

Батаны жаттау

Сабақтың күні: 7.10

Сабақтың №: 6

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік – қазақтың асыл қазынасы.Шығарма

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: төрт-түлік малға байланысты туған мақал-мәтелдерді қолдана отырып, шығарма жазу барысында қолдану.Жануарлар туралы білімдерін толықтыру.

2. Дамытушылық: шығарма жазу арқылы ойлану,сана-сезімдік, шығармашылық қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3. Тәрбиелік: өз беттерімен жұмыс жасай білуге,төрт-түлікті аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері: қайталау – қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі: баяндау.ойланып толғанып жазу

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар суреті

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 25



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру

2. Батаны тексеру

ІІІ. Қайталау


  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

  2. Шығарма жазу барысында сыныптан тыныштықты талап ету.

Шығарма тақырыбын тақтаға жазып,жоспар бойынша оқушыларға түсіндіру.

Жоспар:


1.Кіріспе.

А) «Менің сүйікті-жануарым»

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды.

Әр оқушы өз беттерімен тапсырманы орындайды.

IV. Сергіту сәті № 23

V. Бекіту

1. Сурет арқылы әңгімелеу

2. Шима қағазға жазған шығарманы оқып,тексеру

VI. Сабақты қорытындылау

Сұрақтар қою арқылы.



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

18-21б.


Төрт-түлік малдарға байланысты туралы өлеңдер жаттау.

Сабақтың күні: 14.10

Сабақтың №: 7

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер. Отан,өнер – білім туралы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтелдер, олардың құрылысы, тақырыптары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: оқушыларды көркем, әдемі сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ой дамыту, логикалық ойлау жүйелерін дамытуға ықпал ету.

3.Тәрбиелік: Ұлттық дәстүрді сыйлай білуге, мақал-мәтелдерді пайдаланып, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, ойын, сұрақ-жауап, деңгейілік тапсырмаларды орындау.

Көрнекілігі: үнтаспа, кесте, сызба, суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 26



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.

2. Өлеңдерді сұрау

III. Жаңа сабақ:

1.Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі. ( қазақ тілінің сұлу, көркем, әдемі тіл екендігі туралы айту. Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын мақал-мәтелдер туралы мәлімет беру. Әдемі сөйлеп үйренуге шақыру)

3.Оқулық мәтінімен жұмыс.

А) оқушылар мәтінмен өздері танысады.

Ә) мәтінде кездескен қиын сөздермен сөздік жұмысы ұйымдастырлады:

Қалыптасқан – сформированный Мұра – наследие

Көлем – объем Тұжырым – вывод, итог

Тікелей – напрямую Нұсқай салу – указать

Шеберлік – мастерство Тапқырлық – находчивость

Ырыс – изобилие Жанама – косвенный

Жартас – скала Тырна – журавль

Өсиет – завещание Дәріптеу – восхвалять

Ақтау – оправдать Ізін қалдыру – оставить след

Б) сөздік бойынша тапсырма:

«НЕ?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен сөйлем құрастыру.

3.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру:

Кестені толтыру:



Мақалдар

Мәтелдер

Ортақ қасиеттері




Айырмашылықтары










Тақырыптары









4. Орыс әдебиетімен салыстыру. Мақал-мәтелдердің анықтамасын, тақырыптарды, мысалдарды орыс тілінде тақтадан көрсетіп, оқушылардың естеріне түсіру.

5. Оқулықта берілген мақал-мәтелдермен танысу. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

(мақал-мәтелдердің тақырыптары бойынша бірнеше топтар құрылады. Мысалы, « Отан, туған жер, атамекен» туралы мақал-мәтелдермен жұмыс істейтін топ және тағы басқа) Топтарға тапсырма: өздері тандап алған

мақал-мәтел мазмұны бойынша жағдаят құрастыру.

6. «Сөз сыры» айдарымен берілген тапсырманы орындау.

Сөз сыры: кең тараған түрі, халықтық мұра, сөз өрнегі, ерекше қасиеті, көлемі шағын, мазмұны кең, тілі өткір, мағынасы терең, халықтың ақыл-ойы...

Сергіту сәті № 26

IV.Сабақты бекіту.

Деңгейілік тапсырмаларды орындау:

Деңгей

Берілген мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып тақырыбын анықта;



Деңгей

Берілген мәтін мазмұнына қандай мақал сай келетінін анықта;

Деңгей

мақал-мәтелдердің сынарын тап:



Отансыз адам - ...... .....

.....- оттан да ыстық

Еңбек түбі - .....

Ер жігіт... ....

Оқу - ... ....

.....- білімде

Ақыл ...., білім.....

V.Сабақты қорындылау

«Мың бір мақал» толтырылған қоржыннан тапсырмалар алу арқылы сабақ қорытындысы шығарылады.

Қоржын тапсырмаларының үлгісі:


  • Тақтада көрсетілген суреттерге қарап, мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер айту.

  • Төрт түлікке қатысты жаттаған мақалдарын естеріне түсіру.

  • мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша әңгімелеудің тірек сөздерін жазып шығу.

VI. Сабақты бағалау

Рефлексия кезеңі

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, бір-біріне жақсы тілектер айту.



VII.Үйге

50-57 б. әр тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер жаттау, хрестоматия материалдарын кеңінен пайдалану. « Кім көп мақал-мәтел біледі?» сайысын өткізуге дайындалу.



Сабақтың күні: 21.10

Сабақтың №: 8

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер. Еңбек туралы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: өткен сабақпен байланыстыра отырып, еңбек туралы мақал-мәтелмен танысу.Олардың құрылысы, тақырыптары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды көркем, әдемі сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ой дамыту, логикалық ойлау жүйелерін дамытуға ықпал ету.

3.Тәрбиелік: Ұлттық дәстүрді сыйлай білуге, мақал-мәтелдерді пайдаланып, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, ойын, сұрақ-жауап, деңгейілік тапсырмаларды орындау.

Көрнекілігі: кесте, сызба, суреттер.

Пәнаралық баланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1 . Мақалдарды тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Қайталау

Ой қозғау:

1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің түрлері?

3.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

4.Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?

5.Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні.

Оқулық мәтінімен жұмыс.

А) оқушылар мәтінмен өздері танысады.

Ә) мәтінде кездескен қиын сөздермен сөздік жұмысы ұйымдастырлады:

Б) сөздік бойынша тапсырма:

«НЕ?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен сөйлем құрастыру.

3.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру:

Мақал-мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.

Еңбектің көзін тапқан,

***

Байлықтың өзін табады.



***

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

***

Ердің атын еңбек шығарады.



***

Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

***


Бақыт кілті еңбекте.

***


Жер көңді жақсы көреді,

Ат жемді жақсы көреді.

***

Көп еңбегі көңілді.



Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.


Салыстыру.

4. Орыс әдебиетімен салыстыру.

5. Оқулықта берілген мақал-мәтелдермен танысу. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

Топтарға тапсырма: өздері тандап алған

мақал-мәтел мазмұны бойынша жағдаят құрастыру.

IV. Сергіту сәті № 32

V.Сабақты бекіту.

Деңгейілік тапсырмаларды орындау:



V I. Рефлексия

«Мың бір мақал» толтырылған қоржыннан тапсырмалар алу арқылы сабақ қорытындысы шығарылады.



Қоржын тапсырмаларының үлгісі:

  • Тақтада көрсетілген суреттерге қарап, мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер айту.

  • мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша әңгімелеудің тірек сөздерін жазып шығу.

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, бір-біріне жақсы тілектер айту.



VII. Сабақты бағалау

VIII.Үйге

Мақал-мәтелдерді жаттау.




Сабақтың күні: 28.10

Сабақтың №: 9

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Тест

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: жұмбақ туралы түсінік беру,білім деңгейлерін меңгерту,саналы және жүйелі түрде игерту. Оқушылардың білімін тексеру

2. Дамытушылық: оқушылардың белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,тапсырмалар арқылы сабаққа дайындығын арттыру,ауызекі сөйлеу тілін дамыту

3. Тәрбиелік:көркем жазуға сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, аудару.

Жұмыс формалары: жекелей,жұптық.

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар және жаңа сөздер.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Мақалдарды тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Ребустің шешуін табу

  2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру

  3. Кіріспе сөз:Жұмбақ жанры әлем халықтарының бәрінде бар. Мұнда жұмбақты жасырушы және шешуші адам болады.Жасырушы қарсыласы шеше алмайтындай ойлы,қиын жұмбақ ойлап табады.Тіпті кейбір жұмбақ шешусіз қалатын болған.Жұмбақты жәй оқи салмай,бабымен барып түсініп оқу керек.

Жұмбақта көп сыр бар,

Сен оны ұғып ал.

Төрт бұрышты, Шыр-шыр етеді.

Бір ауызды. (сандық) Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсам

Сөйлеп кетеді. (телефон)

Қардай аппақ.,

Балдай тәтті-ақ (қант)



  1. Сұрақтарға жауап беру

1. Жұмбақтар туралы не білесіңдер?

2. Жұмбақта белгісіз зат қалай суреттеледі?

3. Қандай заттар жұмбақталады?

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру

1. 27-28 б. Тапсырмаларды орындау

2. Диалогті түсініп оқу

3. Тірек сызба арқылы әңгімелеу

4. Тест сұрақтарына жауап беру

VI. Рефлексия

Жұмбақтар шешу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту.



  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

29-32 б. Әр тақырыпқа жұмбақты жаттап алу



Сабақтың күні: 18.11

Сабақтың №: 10

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: өткен сабақпен байланыстыра отырып, оқушыларға жұмбақ туралы білімін кеңейту.

2. Дамытушылық: оқушылардың белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,тапсырмалар арқылы сабаққа дайындығын арттыру,ауызекі сөйлеу тілін дамыту

3. Тәрбиелік: көркем жазуға сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері: бекіту сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аудару.

Жұмыс формалары: жекелей,жұптық.

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар және жаңа сөздер.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Жұмбақтарды тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

ІІІ. Қайталау


  1. Ребустің шешуін табу – Қайталау

  2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру

  3. Тірек сызба арқылы әңгімелеу

фольклор

адам ойының ұшқырлығын Жұмбақтар адамның ақыл-ойын

танытатын жанр Адам,табиғат.ғылым


  1. Сызба арқылы диалог құрастыру

  2. 27 б. Тапсырмаларды орындату

№ 1 Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйрену

№ 2 Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді мәтіннен тауып жазу

№ 3 Сөйлемнен антоним сөздерді табу

IV. Сергіту сәті № 32

V. Бекіту

1. Деңгейлік тапсырманы орындау

28 б.


    1. б. № 12 сөзжұмбақтың шешуін табу


VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Жұмбақта белгісіз зат қалай суреттеледі?

  • Қандай заттар жұмбақталады?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Оқу құралдары тақырыбына байланысты жұмбақтарды жаттау




Сабақтың күні: 25.11

Сабақтың №: 11

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әр оқушының өздігімен білім алуға үйрету, оқыту.Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру, білімді терең, жүйелі, саналы түрде игеру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорларын арттыру, сөздерді орынды қолдануға тіл мәдениетін жетілдіруге баулу.

3. Тәрбиелік: қазақ ертегілеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: ертегілер кітабы

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Жұмыс формалары: жекелей,жұптық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Жұмбақтарды тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Ребустің шешуін табу -Ертегі

  2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру

  3. Сөздікпен жұмыс

Ауызша тараған- көркем әңгімесі-

Қиял – ғажайып ертегілері-

Хайуанаттар туралы ертегілер-

Тұрмыс – салт ертегілері-

Көркем әңгімесі-художственный рассказ

Тұрмыс-тіршілік-быт и жизнь

Қиял ғажайып ертегілері-фонтазтические , волшебные сказки


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кіріспе сөз.

Ертегілер- халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі. Оны халықтың ауызша тараған көркем әңгімесі десекте болады.Ертегілер 3 топқа бөлінеді: қиял-ғажайып ертегілер,хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері.



  1. 38б. Мәтінді түсініп оқып, аудару

  2. Сюжеттік жоспар құрып, баяндау

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру

1. Сұрақ-жауаптар жүргізу.

Сұрақтар:

Ертегідегі адамдар нені армандаған?

Ертегілер неше топқа бөлінеді?


  1. Тапсырмаларды орындау 39 б.

VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Ертегілер қалай тараған?

  • Сенің сүйікті ертегің қандай?

  • Неге?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

38б. Ертегілер туралы түсінгендеріңді айту



Сабақтың күні: 2.12

Сабақтың №: 12

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен ешкі ертегісі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ертегілерінің бірі «түлкі мен ешкі» ертегісі туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы түсінік бере отырып,төрт-түлікті аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер,карточкалар

Пәнаралық байланыс:орыс тілі,орыс әдебиеті,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 20



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Ертегілер туралы жұмысын тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздерді түсіндіру

Абайсызда-внезапно

Терең апаңға-в глубокую яму

Түсіп кетті-упал

Неге тұрсың-почему стоишь

Жаным жай тауып тұр-душа ликует

Салқын-прохладно

Шөлдедім-сильно хотел пить

Тұп-тұнық су-прозрачная вода «чистая вода»

Секіріп үстіне мінеді-вскакивает,прыгает на него


  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртып,мағынасын ашу.

  2. Ертегіні оқып, әңгімелеу

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетеді.Апаннан шыға алмайды. Бір кезде су іздеп жүрген ешкі түлкіні көріп:

-Ей, түлкі батыр неге тұрсың?-депті

-Ой не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әлі шөлдеп,ыстықтадым.Ал апанның іші салқын.Түбінде тұп-тұнық суы бар екен –депті.

Ешкі: «мен де салқындаймын, әрі су ішейін» деп ойлап,апанға секіріп түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді.Одан мүйізіне шығады. Одан ырғып далаға шығады,жөніне кетіпті.

«Өтірікке алдаңба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан шығады.


  1. Сұрақтарға жауап беру

Бұл ертегі кім туралы айтылған?

Қандай кейіпкерлер бар? Ешкі кімнің сөзіне алданып қалады:

Не себептен?

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру
1. Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.

2.Мәтінді дұрыстап түсініп оқыңдар.

3.Орыс халқында осы ертегіге ұқсас ертегі бар ма?

4.Мәтіннен нақыл сөздерді тауып,көшіріп жаз.

5.Қазақ тіліне аударыңдар.

6.Ертегі кейіпкерлері кімдер?

7.Кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.

8.Түлкінің ешкіні алдаған жерін тауып оқыңдар.

9.Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

2. Жоспарға сүйене отырып,ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.

1.Түлкінің апанға түсіп кетуі.

2.Ешкінің апандағы түлкіні көруі

3.Түлкінің өтірік айтуы.

4.Ешкінің алданып қалуы.

3. Оқушылар сіздер қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

Жолдас болсаң қуға,

Басыңды салар дауға.



  1. жұмбақты шешіңдер?

Бұлаңдаған құйрығы.

Бір алдарлық қулығы.



VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Түлкі апанға не себептен түсті?

  • Түлкінің мінезі қандай?

  • Ешкіге сипаттама бер? Кластер әдісін қолдану.

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Түлкі мен ешкі ертегісін оқып,мазмұнын айту,мақал-мәтелдер жаттап келу.Тақырыбы: Қулық туралы. Түлкі мінезін өмірде бар адамдармен салыстырып,сипаттама беріңдер.



Сабақтың күні: 9.12

Сабақтың №: 13

Сабақтың тақырыбы: Қаңбақ шал ертегісі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы сипаттама бере отырып, тәрбиелік мәнін ашу, өмірде бар адамдар мінезімен салыстырып, оқушылар білімін дамыту.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Қазақ халқының ертетегілерге деген тәрбиелік сезімдерін күшейту.Адамгершілік,имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқып, әңгімелеп

Көрнекілік: Қаңбақ шалдың суреттері. Сөздіктер.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 25



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Мақал-мәтелдерді жаттау жұмысын тексеру.

2.Мазмұнын сұрау

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздерді түсіндіру

Балық аулап күн көріпті-кормил себя ловлей рыб

Жел соқса-когда дует ветер Домалайды-катился

Көшеді-на другое место Айран-кефир

Дәу-великан Күш сынасайық-померяемся силой

Сасады-растеряется

Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйрету.



  1. Тақырыпты түсіндіру «Қаңбақ шал» ертегісі. Сурет арқылы әңгімелеу

Қазақ халқының ертегілерінің көп нұсқалы түрі бар.Солардың бірі Қаңбақ шал ертегісіндегі Шалдың бейнесі суреттеледі. Ертегілер ерте заманда дүниеге келіп,әр оқушы назарын өз әңгімесімен назар аудартады.Ертеде әжелеріміз ертегі айтар кезде былай бастайтын еді:

Бар екенде,жоқ екен,

Ертек-ертек ерте екен.

Ешкілері бөрте екен,

Құйрықтары ұзын екен,

Бұрын-бұрын да ,баяғы заманда бір Қаңбақ шал болыпты....-деп.

Қаңбақ шал дейтініміз өзі кішкентай ған,жел болса ұшып кетуге дайын.Өзі кедей,күнде тіршілк қамын табу үшін балық аулайды екен.Бірақ балықтарын қу түлкі жеп кетеді. Бір күні шал жүктерін арқалап, жолға шығады. Шал шаршағасын алған тағымдарын жерді қазып, сол жерге көміп кетеді.Женілденген шал ұшуға даяр. Жүріп келе жатып бір дәуға кез болады. Дәу шалға айтады: Кел күш сынасайық?-депті.

Шал өзінің қулығымен дәуді жеңіп шығады.



  1. Ертегінің 1-ші бөлімін түсініп оқу.

  2. Кластер әдісін құрастыру.

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру

1. Сұрақтарға жауап беру.Сюжеттік жоспар құрып, баяндау

1.Қаңбақ шал қалай күн көрген?

2.Ол не себепті қаңбақ шал деп аталған?

3.Қаңбақ шал неліктен көшеді?

4.Қаңбақ шал заттарын қайда көмеді?


5.Қаңбақ шалға не кездеседі?

2. 45б. Тапсырмаларды орындау



VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Қанбақ шалдың қулығы туралы не айтасыңдар?

  • Ол кімді алдап соқты?

  • Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Қаңбақ шалдың оқиғалары туралы айтып беру


Сабақтың күні: 11.12

Сабақтың №: 14

Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: мақта қыз бен мысық ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Ертегі идеясын анықтай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар,карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Қаңбақ шалдың оқиғалары туралы тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздерді түсіндіру

Мейіз- тауып алады-

Қатығын төгеді- шөлдеп тұрмын-

Жұмыртқа- бас салады-

Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйрету.



  1. Тақырыпты түсіндіру «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Сурет арқылы әңгімелеу

49 б. Ертегіні рөлге бөліп,түсініп оқып,аудару

  1. Сұрақтарға жауап беру

Мақта қыз не тауып алады?

Мақта қыз нені шақырады?

Мысық Мақта қызға не дейді?

Мақта қыз мысықтың несін кесіп алады?

Мысық Мақта қыздан құйрығын қалай қайтырып алады?


  1. Сюжеттік жоспар құрып,баяндау

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру

1. 51 б. Тапсырмаларды орындау

2. тірек сызбаны құрып, әңгімелеу

3.Жоспарға сүйеніп,ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беру



VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • «Мақта қыз бен мысық» ертегісін ертегілердің қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беру



Сабақтың күні: 18.12

Сабақтың №: 15

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Сүйікті ертегім»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: ертегілерді қолдана отырып, шығарма жазу барысында қолдану.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: көркем,дұрыс жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері: қайталау-қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар,карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Карточкамен жұмыс

2. Ертегінің мазмұның тексеру

ІІІ. Қайталау


  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

  2. Шығарма жазу барысында сыныптан тыныштықты талап ету.

Шығарма тақырыбын тақтаға жазып,жоспар бойынша оқушыларға түсіндіру.

Жоспар:


1.Кіріспе.

А) «Менің сүйікті- ертегім»

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды.

Әр оқушы өз беттерімен тапсырманы орындайды.

IV. Сергіту сәті № 23

V. Бекіту

1. Сурет арқылы әңгімелеу

2. Шима қағазға жазған шығарманы оқып,тексеру

VI. Рефлексия


  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не жаздық?

  • Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Сүйікті ертегені мазмұндау



Сабақтың күні: 25.12

Сабақтың №: 16

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар. Тест

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Әр оқушыны өздігінен білім алуға үйрету және оқыту.білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең, толық жүйелі, саналы түрде игерту.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: оқушыларды ізденушілікке,шапшаңдылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар,карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 20

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сүйікті мазмұнын тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен танысу

Жаңылтпаштар-скоговорки Ұйқасып келеді-построено складно

Мазмұны-содержание

Тіл ұстарту үшін-для развития связной речи


  1. Жаңылтпаш туралы түсінік беру.

Жаңылтпаш-ауыз әдебиетінің бір түрі.сөздері ұйқасып көлемді де,әр сөзі тез айтылады. Сондықтан жаңылтпашты жылдам айту керек.Ол үлкен өнер болып табылады.

Жаңылтпашты шығарған адамды күлдіру үшін және баланың тілін ұстарту үшін, айтқызған.Жаңылтпаштың мазмұны әр түрлі:достық,бірлік,адамгершілік.



  1. Оқулық бойынша жұмыс

33б. Мәтінді түсініп оқып,аудару

  1. Сұрақтарға жауап беру

Жаңылтпаш қалай айтылады?

Жаңылтпашты қандай мақсатпен айтқызған?

Жаңылтпаштың мазмұны қандай болып келеді?

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа білімдерін түсінуін тексеру

1. Тест тапсырмаларды орындау



2. 33 б. Тапсырмаларды орындау

VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Жаңылтпаштың сөздері қалай құрылады?

VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Жаңылтпаштарды жаттау
Каталог: uploads -> doc -> 054f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
054f -> Түрі: оқырмандар конференциясы Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет