Сабақтың тақырыбы: Жоба жасау Лабораториялық жұмыс Тақырыбы



Дата04.06.2020
өлшемі17,6 Kb.
#72302
түріСабақ
Байланысты:
Жоба
Ойын-оқыту әдісі. Оқыту әдістерін таңдау., s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9

Сабақтың тақырыбы: Жоба жасау

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Visual Basic программалау ортасы. Программалық код терезесі. Оқиғалар тізімі. “Калькулятор” программасын жасау.

Мақсаты:Text, CommandButton элементтерімен танысу. Олардың қасиеттерін өзгерту.

VB-те программа жазу арнайы Код терезесі деп аталатын терезеде жазылады. Проектіде қолданылған әр форманың өзінің программалық код терезесі болады. Код терезесін келесі командалар арқылы ашуға болады:


1. Форма терезесін кез-келген объектіні екі рет шерту арқылы;
2. Проектілер терезесінің View Code батырмасын шерту арқылы
3. Бас мәзірден View Code командасын беру арқылы
4. F7 функциональды клавишын басу арқылы
Код терезесінің жоғарғы жағында Объектілер тізімі жєне Процедуралар тізімі деп аталатын екі контейнер-терезе орналасқан. Олардың тізімдері жанында орналасқан тілсызықты шерту арқылы ашылады.
Объектілер тізімі проекті формасында қолданылған барлық объектілер қатарынан тұрады. Процедуралар тізімі таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар аттарынан тұрады.
Код терезесі алғашқы рет ашылғанда Объектілер тізімінде сөзі, ал Процедуралар тізімінде сөзі көрініп тұрады. Объект пен оқиғалар таңдалғаннан кейін олардың орнына таңдалған объект пен оқиғаның аты жазылады.
Программалық код терезесін форманы немесе формада орналасқан кез-келген объектіні таңдап екі рет шерту арқылы да ашуға болады. Бұл жағдайда Объектілер тізімінде таңдалған объект аты көрініп тұрады, ал Процедуралар тізімінде оқиға аты таңдалған объектіге байланысты шығады.
Программалаушы объект пен оқиға атын таңдағаннан кейін процедураның тақырыбы мен аяқталу белгісін Visual Basic автоматты түрде жазып, оның жұмысын көп жеңілдетеді. Сонда программалаушы тек процедура денесін ғана толтырады.
Private (жабық) – процедураны тек бір форманың ішінде жариялау, процедураны бірнеше формаларда пайдаланатын ету үшін Public(көпшілік) сөзін жазу керек.
Sub(subroutine –көмекші) – программаны процедура түрінде жариялау.
Form_Load() – процедура аты, мұндағы:
Form – обектінің аты, Load – оқиға аты, () – айнымалылар сипатталатын орын. Кейбір оқиғаларда таңдағанда VB сол оқиға байланысты қолданылатын айнымалыларды жақшалар ішіне өзі сипаттап жазады.
End Sub – процедураның аяқталуын білдіретін қызметші сөз.

Код терезесі бір немесе бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін. Оларды код терезесінен екі түрлі режимде көруге болады. Бұл режимдер терезенің төменгі сол жағында орналасқан View Selection(Түр таңдау) панеліндегі Procedure View (Процедураны көру) жєне Full Module View (барлық модульдерді көру) батырмалары арқылы таңдалады.


Терезеде бір процедураны көру үшін Procedure View батырмасын. Басып, экранның жоғарғы сол жағындағы процедуралар тізімінен процедура атын таңдау қажет. Бұл режимде терезеде тек бір ғана процедура көрініп тұрады.
Код терезесіндегі барлық процедураларды бірден көру үшін Full Module View батырмасын басу қажет. Б±л жағдайда процедуралар бір-бірінен сызықша арқылы бөлініп тұрады.
Visual Basic операторларын бір қатарға біріктіріп немесе бір қатарға тек бір ғана оператор жазуға болады. Бірнеше операторлар бір қатарға “:” (қос нүкте) символы арқылы бөлініп жазылады. әдетте код терезесінде программалық текст жеңіл оқылуы үшін бір қатарға бір оператор жазған ыңғайлы.
Программаның мақсаты, оның кейбір қиын бөліктерінің жазылуы мен олардың атқарып тұрған қызметі басқаларға түсінікті болу үшін түсініктемелер жазылады. Код терезесінде түсініктемелер алдына “ ’ ” (апостроф) символы қойылып қатардың соңына дейін жазылады. Егер түсініктемелер бір қатарға сыймаса, онда келесі қатарға апостроф символын қойып жалғастырып жазып кетсе болады. Апостраф кейін жазылған сөздерді VB оқымайды. Курсорды түсініктеме жазылған қатардан жоғары не төмен түсірісімен VB оны басқа қатарлардан оңай ажырата алуы үшін бөлектеу түске бояйды.
Код терезесінде ұзын тіркестерден тұратын күрделі операторларды жазу программалаушыға біршама ыңғайсыздықтар туғызады. Бұл жағдайларда “_” (бос орын жєне төменгі сызықша) символдарын қолдану арқылы күрделі операторлады бірнеше қатарға бөліп жазуға болады. Бұл символдар тіркесін “қатарды жалғастыру символы” деп атайды. Қатарды жалғастыру символынан кейін түсініктемелер жазуға болмайды.
VB ортасында көптеген көмекші функцияларды қолдану программалық код жазуды біршама жеңілдетеді. Мысалы код жазу барысында код редакторы бірнеше операторлар мен процедуралардан, объектілер қасиеттері мен әдістерінен, олардың қабылдай алатын мєндерінен тұратын тізім шығарып, программалаушының тізімінен таңдаған сөзін программаға автоматты түрде түсіріп отырады. Код редакторында көмекші функцияларды қолдану мүмкіндігін Бас мәзірден Tools-Option командасы орындалғанда шығатын Option терезесінің Editor парағынан орнатуға немесе алып тастауға болады.
Солардың бірі Auto List Members – код терезесінде объектінің атын жазғаннан кейін нүкте қойғанда шығатын сол жазған объектінің қасиеттерінен тұратын тізім шығаратын функция. Бұл функцияның мүмкіндіктерін пайдаану үшін алдымен код терезесінде, функция тізімінен керекті қасиеттің алдымен код терезесінде, функция тізімінен керекті қасиет таңдалысымен Tab, Enter клавиштарының бірін басу немесе тышқан батырмасын екі рет шерту қажет.
Auto List Members функциясы объектінің қандай қасиеттері бар екендігін толық білмеген жағдайда өте пайдалы. Сондай-ақ бұл функция программада объектілер мен олардыњ қасиеттерінің дұрыс жазылуына да көп пайдасын тигізеді. Мысалы, код терезесінде объектінің аты қате жазылса немесе проектіде жоқ объектініњ аты жазылғанда экранға функция тізімі шықпайды.
Auto Quick Info – код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін кµрсету үшін қолданылатын функция. VB операторын немесе функциясын жазғанда төменгі жағында олардың систаксис терезесі шығып бірінші аргумент ерекшеленіп тұрады. Бірінші аргумент енгізілгеннен кейін екінші аргумент ерекшеленеді, екінші аргумент енгізілгеннен кейін үшінші аргумент ерекшеленеді әрі қарай т.с.с. кете береді.

Тапсырма мақсаты: Арифметикалық амалдарды (қосу, алу, көбейту, бөлу) орындайтын калькулятор программасын жасау қажет.

“Калькулятор” программасының орындалуы:



  • Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.

  • Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:

Объект

Қасиеті

Мәні

Text1

Text

Бос ету

Text2

Text

Бос ету

Text3

Text

Бос ету

Label1

Caption

1 – айнымалы

Label2

Caption

2 – айнымалы

Label3

Caption

Нәтиже

Label4

Caption

Қосу (+)

Label5

Caption

Алу (-)

Label6

Caption

Көбейту (*)

Label7

Caption

Бөлу (/)

Command1

Caption

Іске қосу

Command2

Caption

Шығу

OptionButton1,OptionButton2, OptionButton3, OptionButton4







Келесі кодты жазу:

Private Sub CommandButton1_Click()

Dim Per, Vt

Per=Val(Text1.Text)

Vt=Val(Text2.Text)

If Option1.Value=True Then

Text3.Text=Per+Vt

End If

If Option2.Value=True Then



Text3.Text=Per-Vt

End If


If Option3.Value=True Then

Text3.Text=Per*Vt

End If

If Option4.Value=True Then



Text3.Text=Per/Vt

End If


End Sub

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет