Сабақтың атауы Адам ағзалары және олардың қызметі Мақсаты



бет14/51
Дата06.04.2020
өлшемі1,15 Mb.
#61698
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
дүниетану 1,2,3,4-тоқсан




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кенді пайдалы қазбалар

Мақсаты

Білімдік: Пайдалы қазбалардың түрлері мен олардың өндірісте қолданылу аясын меңгерту. Экономикалық, экологиялық білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. Оқушыларды өз бетінше ой

қорытып сөйлеуге машықтандыру. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.

Карта түрі:


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін

Әрбір сабақ

Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын

Әрбір ісім

Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық

Әрбір күнім.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кенді пайдалы қазбалар туралы не білеміз?



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.

Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.

Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.

Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар

Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.

Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.

Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз

Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде

Газ - Ақтау, Орал облыстарында

Алюминий – Арқалықта

Мыс кені – Жезқазғанда

Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде

Темір кені - Қостанай өңірінде

Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде

Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен

« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.

Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»

«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.

Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру

Тас көмір -

Мұнай -


Газ -

Темір -


Алтын -

Мыс -


Тұз -

Әктас -


Саз -

Алюминий -

Оқулықпен жұмыс

1. Іштей оқыту

2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету

3. Сурет бойынша жұмыс

Оқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)

Дәптермен жұмыс

Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту

Шығармашылық тапсырма

Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару

Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сұраққа жауап беру

1. Қандай кендер болады?

2.Темірдің қасиетін ата?

3.Алюминидің түсі қандай?



Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет