Сабақтың атауы Дауыссыз к мен г Мақсаты Мақсаты: а Оқушыларға к мен



бет2/3
Дата22.01.2017
өлшемі235,91 Kb.
#7558
түріСабақ
1   2   3



Пәннің аты

Уақыты:14-15.10

Кабинет:

Мұғалім




Сабақтың атауы

Дауыссыз л мен р

Мақсаты

Білімділік: сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і, естілгенімен, ы мен і жазылмайды.

Дамытушылық: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік мәні: көркем, таза сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, жад жазу

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Көрнекілік: ереже, фонетикалық талдаудың шартты белгілері

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Суреттермен жұмыс: заттардың аты қандай әріптерден басталады? 
Дауыссыз л мен р 
Ү. Жаңа сабақ. 
Күн ретін жазу 
Көркем жазу Лл Лл Лл 
Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у) 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Жаңа сабақ.

- Енді, мен сендерге дыбыстарға қатысты өлең оқығым келеді. Сендер тауып көріндерші, қандай дауыссыз дыбыстарға арналған.

Лағын жардан секіріп

Лайып кетті бұлақты

Лайықсыз іс істеп

Лайлауы ұятты (Л)

Райхан – қызыл гүл

Раушан – ашық гүл

Райхан мәз болып

Реттеп тасып жүр (Р)

- Л мен Р дауыссыз дыбыстарға арналғаның қалай білдіндер?

- Дұрыс . Өлеңде л мен р дауыссыз дыбыстар көп кездеседі.

- Осы дауыссыз дыбыстарды өздеріміз дене қимылдарымызбен, сымбатты денелерімізбен көрейікші.

- Ʌ, Ṗ

- Міне, тамаша ! Сымбатты денелерімізбен әп-әдемі әріптер жасадық. Сендер сияқты жақсы балалардың қолынан бәрі келеді.



- Л, Р дауысты дыбыстар ма, әлде дауыссыз дыбыстар ма?

- Неге ? Себебін айтыңдаршы ?

- Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
- Ал, енді л мен р дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берейік:

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай :

р, л-үнді ∆

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым.

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

1-топ 119-жаттығу.Сөздерді көшірі жазу.Лашын,лебіз,лайық,разы,рауша

2-топ 120-жаттығу.Мақалдарды оқып,жатқа жазу.

3-топ 121-жаттығу.Лақ,лай,лайық.Рас,рет,рұқсат,ренжу.

4-топ. 122-жаттығу.Екі бағандағы сөздерді салыстыру.

1-топ.124-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазу.Мағынасын түсіндіру.

2-топ.125-жаттығу.Бал,бар,жайыл,тал,лайым,лезде,лақтыру.

3-топ.126-жаттығу.Ілгері,ілесу,ылди,ылғал сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.

4-топ.127-жаттығу.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.


Сергіту сәті

«Жлғастыр ойыны» Сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз айту. Ол дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба себебін айту.

Алма, ағаш, шар, радио, орамал, … , … , …



Ой толғаныс

Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

  1. Лимон- емдік қасиеті бар жеміс.

  2. Радио арқылы көптеген жаңалық естиміз.

  3. Леп белгісі сөйлем соңынан қойылады.

Ереже: Сөз басындағы л, р, әріптерінің алдынан ы,і естілгенімен, ы мен і жазылмайды. Суреттің атын қатыстырып сөйлемдер құра.

-----------------------------------------------------------------------------------------------



Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс



123,128-жаттығулар.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет