Сабақтың атауы Интервалдар әдісі Мақсаты



Дата20.10.2019
өлшемі60,5 Kb.
#50308
түріСабақ
Байланысты:
ОЖСБ анализ, $R52J9T0, жоспар үлгі

Пәннің аты:

Алгебра


Уақыты:

Кабинет: 311

Мұғалім:

Байгелова Г.Б.



Оқу ісінің меңгерушісі:


Сабақтың атауы

Интервалдар әдісі

Мақсаты

Интервал әдісін меңгертіп, квадрат және бөлшек-рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді үйрету.

Күтілетін нәтиже

1. «Қара жәшік» әдісі арқылы интервалдар әдісі туралы тақырып өтетінімізді біледі.

2.Топтық жұмыста «Идеялар себеті» әдісі арқылы есептер шығаруда қолданылатын алгоритмімен

танысып, интервалдар әдісін меңгереді.

3.Теңсіздіктерді шешуде қалай қолданылатыны туралы меңгереді.

4.Венн диаграммасы арқылы квадрат теңсіздік пен рационал теңсіздіктің шығарылу жолын салыстыра алады.




Әдістер

СТО : «Қара жәшік» әдісі , «Идеялар корзинасы» әдісі, «Венн диаграммасы», «Бес саусақ» әдісі .


Көрнекілігі

Оқулық, тапсырмалар, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы

Психологиялық тренинг.

1мин


Шаттық шеңбер



Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топтасу.

1-2 мин.



Төрт түрлі математикалық фигуралар арқылы топқа бөлінеді

Төрт топқа топтасады.



Үй тапсырмасын тексеру

4 мин


Дәптерлерін алмасыру арқылы тексерту

№288(1,2,4) №289(1)



Бірін - бірі тексереді

Қызығушылықты ояту

7 мин




«Қара жәшік» әдісіөтілетін тақырыпты жасыру

«Миға шабуыл»

1.Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады? 2. Теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталу себебін түсіндір?

3. Бөлшек –рационал теңдеуді, теңсіздікті қалай жазуға болады?

5. ММЖ деген не?

6. Теңдеудің түбірі мен функцияның нөлдері дегеніміз не? Айырмашылығы 7. Бұл теңсіздіктің шешімін қалай табамыз?

8. Сан аралығының атаулары

9. Интервал деген не?

10. Интервалдар әдісі дегеніміз не?




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

10 мин



«Идеялар себеті» әдісі.

Әр есептің шешілу жолдары ұсынылады. Есептің шығарылуына байланысты алгоритм құрады. 4 түрлі тапсырма беріледі. 1 топ: шығарылған есепке алгоритм құрады, 2 топ: интервалға сандарды белгілеп, «+» «-» таңбалар қалай қойылу керектігін түсіндіреді, 3 топ: рационал теңсіздіктегі ММЖ-нің сан аралығына қалай белгілену керектігін түсіндіреді, 4 топ таңбаның қайталануын көрсетеді. Оқушылар ойларын толық жеткізгеннен кейін корзинаға алгоритм реті ілінеді:

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмі:

1) Теңсіздіктің сол жағын нөлге теңестіріп, шыққан теңдеуді шешеміз, яғни сәйкес функцияның нөлдерін табамыз;

2) Теңдеудің түбірлерінің мәнін сан осіне белгілеп, сан осін интервалдарға бөлеміз;

3) Интервалдың кез келген біреуінде функцияның таңбасын анықтап,осы интервалға анықталған таңбаны қоямыз



Түбірі қайталанбаса таңба кезекпен, ал түбір жұп ретінде қайталанса осы түбірдің екі жағындағы таңба бірдей болады

4) Таңбасы теңсіздік таңбасына сәйкес интервалдарды жауап ретінде аламыз;



Жаңа тақырып бойынша интервалдар әдісі туралы өз ойларын талқылап жауап береді.

Жаңа ақпарат алады.


Сергіту сәті

«Молекула» әдісі. Жұптасқанда келесі сабақ кезеңін бастаймыз.




Ой толғаныс

7мин -10мин



Жұптық жұмыс. Екі оқушы тапсырманы бірігіп орындайды

№296, №298

Квадрат теңсіздік пен рационал теңсіздіктің шығарылу жолын салыстырып, анализ жасайды. «Венн диаграммасы»


Ойлау, логикалық қабілеттері артады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парағы бойынша көшбасшы хабарлайды



Формативті. Суммативті.

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі

  1. Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта басты мәселе қандай болды?

  2. Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

  3. Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  4. Шылдыр шүмек - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  5. Кішкентай бөбек - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Сабақтан ой түйеді.

Үйге тапсырма

№295 №297 (2,4)

Алгоритм жаттау



Күнделіктеріне жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет