Сабақтың атауы Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар Мақсаты



бет10/20
Дата22.08.2017
өлшемі3,9 Mb.
#24295
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Жұмыстың тақырыбы: Жөрмеу тігісін орындау технологиясы

Ү. Кіріспе нұсқаулық

Тапсырманы орындауға оқушыға бағыт бағдар беру



Материалдар мен құралдар: жұмыс қорабы, өлшемі 15*5см мата құрағы,жиектеу тігісі үшін өлшемі, 15*3 см және жөрмеу үшін, 13*5 см қиғаш мата жолағы, тіптер, тігін машинасы

Жұмыстың барысы:

  1. Бөлшектердің өңін ішіне қаратып, қиықтарды теңестіре қосып көктеп тігу.

  2. Қиықтардың шетінен 5-7мм қалдырып, машинамен тігім жүргізу.

  3. Тігіс кеңдігін 3-5мм мөлшерде қалдырып қию. Тігіс кеңдігін 0,5мм қалдырып,ішкі жағынан бұрыштарды қию

  4. Ішкі контур бойынша тігімге қалдырған орынды бірдей арақашықтықта бірнеше рет тілу керек.Бөлшектерді өң жағына айналдыру, үлкен бөлшектен ені 1-2мм шеттік жасау.

  5. Шеттікті бекіте отырып, бүктемеге жақын түзу немесе қиғаш инешаншыммен тігу.

  6. Үтіктеу. Негізгі бөлшектің ашық қиығын ирекпен өңдеу.

  7. Бөлшектерді жөрмеу, шеттіктен тігіс ені 0,7-1см машинамен тігім жүргізу.

  8. Көктеу тігістерін алу.Жөрмелген тігісті үтіктеу.

ҮІ.Ағымдығы нұсқау

Жұмыс орнының ұйымдастрылуын тексеру

Сарамандық жұмыстың орындалуын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін тексеру



Рефлексия

  1. ігістің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Машинамен орындалатын тігістер туралы не айта алысыңдар?

  3. Жөрмеу тігісінің қалай орындалатынын айтып беріңдер.

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Әрлеу тігісін орнындап келу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тігіс түрлері

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады



Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі




Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Машина  тігістеріне  терминологиялық  түсінік  беру :

     а)  тігіс – бұл  екі  немесе  көп  бөлшектің тігіспен  біріккен  орны .

     ә)  Айыра  үтіктеп  бекіту  тігісі – бұйымның  негізгі  бөліктерін, сонымен  қатар  майда  бөліктерін бір – бірімен  біріктіру  үшін  оң  беттерімен ішке  қарай  беттестіреді .

б)   Тігісті  бір  жаққа  қарай  жатқыза  үтіктеп  бекіту  тігісі – белдің , бүрменің  бөліктерін  тігу үшін . Бөліктерді  оң  беттерімен  ішке қарай  беттестіреді .

в)  Жабық  кесікті  бүгіп  тігу – бұл  тігіс  шеткі  тігіске  жатады. Бұйымның  шетін өңдеуде қолданылады. Операция  бастырып тігу  деп  аталады .


Сергіту сәті

 « Бір  сабақ  жіп » ертегісі  бойынша  « Салақтан олақ  жаман » деген  мақалды  дәлелдеу .

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс



Машина  тігістерін  орындауға  қойылатын талаптармен таныстыру:

      а)  машина  жіптерінің және  иненің  номерлері мата  қалындығына  сәйкес  болу  керек .



ә)  тігістікке қалдырылған қосымша  иненің оң  жақтан  қалдырады.

б)  ішкі  машина  тігістері  мата  түсіне  сәйкес  таңдалады .

в)  машина  тігісінің  басы  мен  соңы  бекітіледі .

г)  тігіс  екі  технологиялық  картаның  нұсқауына  сәйкес  болу керек .

1. Сұрақ – жауап  арқылы  оқушылардың  түсінігін тексеру .

а)  машина тігістерінің  түрлері

ә)  біріктірулі  тігістері  не  үшін  қолданылады ?

б)  шеттік  тігістер  не үшін  пайдаланылады ?

Ой толғаныс

2.   Бекіту  мақсатында  практикалық  жұмыс  орындау .

а)  тігін  машинасымен тігіс  түрлерін орындап  көрсету .

ә)  оқушылардың  өздігінен  тігіс  түрлерін  тігіп  үйрету .

б)  жұмыс  барысында  техника  қауіпсіздік  ережесін  сақталуы қадағалау  және  тігіс  сапасына  назар аудару .

БББ кестесі




Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

 Келесі  сабаққа  мата  кесінділерін әкелу (қайшы, жіп).

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тігін машинасымен жұмыс істеуге қажет техникалық талаптар
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !



Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Сабақ бастамас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырамын.

« Өзгеге киін деймін,өзім киінбеймін»

(Жауабы: Тігін машинасы)

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі-тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына,жалпы құрылымына, құрлысына тоқтала өтейік.

ХV-ғасырда Леонардо до Винчи –тігін машинасының жобасын ұсынды.

1755 жылы Карл Вайзенталь – бір жіпті қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты.

1834 жылы Уолтер Хант-шөрнекті машина жасады. Бұл машинаның кемшілігі:астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді.

1844-1845 жылы Элуос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.

1850-1851 жылы Исакк Зингедің күшімен 10 күн ішінде қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.Зингер қол жетектеп бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты.

1870 жылдан бастап АҚШ- та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды.

1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер»зауытын ашты.Онда шетелден әкелінген машина бөліктерінен тігін машинасын құрастырды.

1917 жылдан кейін бұрынғы Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыты іске қосылды .Машиналардың сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп,фирманың белгісін жазатын болды.

Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді.машинамен тіккен тігіс қол тігіске қарағанда ,жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.


Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Оқушыларға қолмен және машинамен тігілген тігістерді көрсетіп,артықшылығын айтып өтемін.



Қолмен және машинамен тігілген тігістерді салыстыру.

Артықшылығы

Кемшілігі

1

2

Қолмен тігілген тігіс

Оңай сөгіледі.Машинамен қиын тігілетін жерді тігуге болады.

Берік емес,инешаншым ұзындықтары бірдей болмайды. Қолмен тігуге көп уақыт кетеді.

Машинамен тігілген тігіс

Берік, сапалы, инешаншым ұзындығы бірдей ,тез орындалады.

Сөгілуі қиын.

 

 Тігін машиналары



Қол жетекті Аяқ жетекті Электр жетекті

 Тұрмыстық тігін машиналары



Қол машинасы Механикалық машинасы

Жұмыс істеуге ең ыңғайлысы электр жетектісі: ол тез жүреді және басқарылуы оңай.Мұндай машина түрлері түзу тігістен басқа ,ирек тігісті де орындайды. Сонымен қатар арнайы қондырғыларды қою арқылы түрлі операциялар жасайды. Қазіргі кезде тігін фабрикалары жылдамдығы жоғары өндірістік машиналармен жабдықталған.

 Өндірістік тігін машиналары

 Әмбебеп Жартылай автоматты Арнайы

 
Мысалы: әмбебап түзу тігіс қана жүргізеді, жартылай автоматты машиналар түйме, түймелік теспесін тігеді, арнайы машиналар ашық қиықтарды ілмектеп торлап тігеді. ХХІ—ғасыр тігін машиналарына үлкен талаптар қоя бастады. Бұл талаптарға қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын жаңа машиналар сәйкес келеді.Жаңа машиналар жәй ғана тігін машиналары болып қана қоймай, тігу білетін машина- компьютерлер болып табылады. Соңғы кезде әсемдік және арнайы тігістер орындай алатын машиналар пайда болды.Мысалы,ине механизмдері мен мата жылжытқышы бағдарламалық құрастырмалы басқарылатын машинаны алайық.Автоматты басқару күрделі суреттер мен қажетті тігістер жасауға көмектеседі.Дисплейде тігістер мен өрнектердің бейнесі көрініп тұрады. Саусағыңды тигізіп,қалаған өрнекті таңдауға болады. Егерде қате кететін болса, машина оны да көрсетеді. Машина кестеге арналған суретті үлкейтеді немесе кішірейтеді, түрлі түске кестелейді, композициясын құрайды.

Сарамандық жұмыс.

Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Сарамандық жұмысты қауіпсіздік ережелерін еске түсіруді бастаймыз.

Жұмыстың орындалу реті:

-бөлшектердің атауын білу

- олардың қолдануы

-жіпсіз тігіп үйрену

- жоғары және төменгі жіптерді ауыстыру(жіп ауыстырып жаттығу)

- тігіп көру(жіптартқыш, жіп бағыттағыш,жоғарғы жіптің керілуін және инешаншым ұзындығын реттегіш сияқты бөлшектерге оқушылардың назарын аудару) Әр оқушыға жеке нұсқау беріліп, қателіктері түзетіліп отырылады.

Жұмыс уақытындағы техника қауіпсіздігінің


талаптары

Жабдық іске қосылып тұрған кезде:


1) дұрыс қойылмаған матаны, немесе басқа жартылай фабрикатты түзетуге;
2) тесмаларды түзетуге және кигізуге;
3) жабдықты тазалауға, майлауға және ондағы кез - келген олқылықтарды жоюға;
4) жабдықты қараусыз қалдыруға, қоршауды алуға, оларға сүйенуге және мініп тұруға, сондай - ақ машинаның қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға жол берілмейді.
Жұмыс аяқталардағы техника қауіпсіздігінің
талаптары

Қызметкер жұмыс аяқталарда:


1) машинаны тоқтатады, басқарудан ажыратады;
2) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және орындалған жұмыстың жай - күйі туралы күнделікке жазып машинаны шеберге тапсырады;
3) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді;
4) арнайы киімді, арнайы аяқ - киімді және жеке қорғаныс құралдарын шешіп жеке шкафқа қояды.
Апаттық жағдайлардағы техника қауіпсіздігінің
талаптары

Апаттық ахуалдар мен жазатайым жағдайлар кезінде "тоқта" түймешесін басу немесе жалпы енгізу өшіргішін сөндіру арқылы машинаны дереу тоқтату керек.

Жабдықты электр желісінен ағыту мынадай жағдайларда дереу жүзеге асырылады:
1) қозғалтқыштан немесе оның қозғалыс реттеуші аппаратурасынан күйік, түтін немесе от иісі шыққан кезде;
2) моторлар мен жабдықтар ұшқындаған кезде;
3) қатты діріл кезінде;
4) электрэнергия беру тоқтаған кезде.


Рефлексия

Тігіп болған оқушыларға сабақты бекіту мақсатында карточкалар таратылады.

Білемін

Үйренгім келеді

Мен үшін жаңалық

 

 

 

Кесте толтырылады, өз ойын жазып мұғаліммен бірге талқылайды.

Екі жақты күнделік стратегиясы



Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0a74
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a74 -> Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет