Сабақтың атауы Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты Мақсаты



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#694
түріСабақ
1   2   3   4   5



Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы

Мақсаты

1. Білімділік: Суреткер жазушы Ж. Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауыз – екі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Жазушы өмірін үлгі ету. Әдебиетті сүюге баулу.

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?

Мағынаны тану

Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол – ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.
1. Ғылыми – педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы

Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары

2. Поэзиялық туындылары



Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы

3. Драмалық жанры



Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны

4. Прозалық жанрлары


1. Романдары: «Қартқожа»1626;«Ақбілек» 1927 - 1928
4. Хикаяттары: « Күнекейдің жазығы» 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: «Бетім – ау, құдай ғой»; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.
- Міне балалар, өздерің жазушы туралы естеліктер мен пікірлерден мысалдар келтіре отырып, оның адамгершілік қасиеттерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін танып білдіңдер. Ендеше, Жүсіпбек әлемі телегей теңіздей екен. Оның нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі екенін білдіңдер. Оның мол мұрасы – келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оның өмірі ұрпаққа өнеге. Енді мына сызба схеманы толтырайық:

Жүсіпбек Аймауытов кім?



Ақын
Жазушы
Драматург
Публицист
Аудармашы
Домбырашы
Ұстаз - ағартушы
Ғалым
Психолог
Актер

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. 

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік


Менің ойым

Кітапта жазылған


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет