Топпен жұмыс: Осы әңгіме бойынша сахналық көрініс құрады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?
1) Оқушылардың Қожанасыр, Алдар көсе туралы білетін ақпаратттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.
2) Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.
3) Оқушылардың өзіңдік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Дәптерлеріңе бүгінгі күнді жазыңдар. Бүгінгі өтілетін тақырып – «Қожанасыр. Алдар көсе». Сендердің Қожанасыр мен Алдар көсе туралы білімдеріңді кеңейте отырып, жаңа мәліметтермен толықтыра отырып меңгерту менің басты мақсатым болып табылады.