Сабақтың аты Есептер шығару Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары



бет2/2
Дата16.10.2023
өлшемі57 Kb.
#185854
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ашық сабақ "Есептер шығару" 9-класс
Cеминар тақырыптары, ППЗәәдіснамасы, СӨЖ Яхияева Лаура Сөз мәд, лекция, произв. менеджмент. сессия (копия)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (формула әріптеріне байланысты 4 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

        1. Тербелістер деген не?

        2. Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?

        3. Гармоникалық тербелістер деген не?

        4. Тербеліс периоды деген не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Өткен тақырыпқа шолу жасау

ІҮ. Топтық жұмыс (25 минут)
Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы





Бағалау өлшемдері

Топтар

















1



















2



















3



















4

Қорытынды:
















0-ешнәрсе жазылмаған
1-балл толық емес
2-балл орташа
3-балл толық орындалған
Топтарға берілетін деңгейлік есептер:

1-топ:
1. Математикалық маятниктің ұзындығы 4000см. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?


2. Ұзындығы 37см резеңке баудың қатаңдығын анықтау үшін оқушы бауға массасы 100г жүк ілгенде бау 90см-ге ұзаратын болса, онда резеңке баудың қатаңдығы және периоды қандай болады?
3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі (м). Тербелістің амплитудасын, жиілігін және периодын табыңдар.
2-топ:
1. Камертонның жиілігі 440Гц болса, 5с-та қанша тербеліс жасайды?
2. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 400г жүктің тербеліс жиілігін табыңдар.
3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі . Тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі және меншікті жиілігі қандай?
3-топ:
1. Қатаңдығы 10Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды қандай?
2. Контурдағы конденсатордың сыйымдылығы 50мкФ, циклдық жиілігі 5кГц. Индуктивтілігі неге тең?
2. Тербеліс амплитудасы 10см, ал жиілігі 0,5Гц болса, онда қозғалыс теңдеуі қалай жазылады?

4-топ:
1. Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 50мкФ-қа, ал индуктивтілігі 50Гн-ге тең. Контурдың тербеліс периодын табыңдар.


2. Маятник 1 мин 40с-та 50 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын, жиілігін және циклдық жиілігін табыңдар.
3. Маса секундына қанатын 600 рет қағады, ара қанатыныңтербеліс периоды 5мс, 1 мин ұшқанда осы екеуінің қайсысы қанатын көп қағады?
VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (8 минут)

  1. Тербеліс дегеніміз.........................

  2. Тербеліс мынадай түрлерге бөлінеді............................

  3. Тербелісті сипаттау үшін мынадай физикалық шамалар қолданылады...................

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

24-жаттығу.№4

Кейінгі оқу

қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет