Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі а амандасу, түгендеу ә сабаққа даярлық



бет2/2
Дата22.01.2022
өлшемі17,88 Kb.
#129638
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Көлік құралдарының қозғалысы

ІҮ.Сабақты бекіту                 

 


  • Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігі шаралары.

  1. Қалаларда немесе қала сыртындағы жолдарда жүргізушілер, әдетте, ауа райына немесе қалалардағы көліктің жиілігіне байланысты жылдамдықты өздері таңдайды. Мәселен, көктайғақ, жауынды күндері, тұманда жүргізушілер жүрістерін еріксіз баяулатып, ақырын жүреді. Мұндайда көлікті дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік болады.

  2. Ірі қалалардағы көше бойында көліктердің бірнеше қатар болып жүретіні белгілі. Көп қатарлы жүруді ұйымдастыру – ол көшелердегі «тығындарды» барынша болдырмауға септігін тигізеді.

  3. Велосипедпен, мопедпен және ат-арбамен оң қапталмен, жаға жолға жақын жүруге тырысу қажет.

  4. Көшедегі машиналардың жүріс қатарлары арасындағы қашықтықты сақтау үшін жүргізуші көліктің екі бүйіріндегі айнаның көмегімен қадағалап отыруы тиіс. Ал тізбектеліп келе жатқан алдыңғы және артқы машина арасындағы қашықтық қатаң сақталуы қажет.

  5. Әрбір жүргізуші ара қашықты өзінің жүру жылдамдығына қарай таңдайды, өйткені алдыңғы машина тежеуішті басқан кезде соқтықпайтындай мүмкіндік болуға тиіс. Машина жылдам жүрген сайын ара қашықтық та алыстау болғаны дұрыс.

  6. Көшедегі көліктер түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан алдыңғы машина баяу жүріп бара жатса, оны басып озуға болады. Басып озатын машиналар кейде тұтас сызықты басып, қарсы жолаққа шығып кетуге мәжбүрленеді. Ондайдада басқа жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өте сақ болғаны жөн.

  7. Жол мен көше қашан да көлік құралдарының арнайы жүретін орны болса, жаяу жүргіншілерге – жағажолмен жүру белгіленген. Әрқашан көлік құралдарын өткізіп жіберуге, олардың жүрісіне кедергі жасамауға, көшеден өтерде, белгіленбеген жерден өтпеуге, оқыстан жолға шығуға болмайтындығын есте ұстаған жөн.

  8. Жүргізушілер қараңғы мезгілдерде, бұлтты күндері автокөліктердің сыртқы жарық беру құралдарын қосып жүреді. Әрбір автокөліктің алды мен артында жанатын жарық құралдары ( фаралары, олардың кішілеуі мен үлкендеуі) бар екенін білесіңдер. Әрбір автокөліктегі фаралардың жарығы алысқа немесе жақынға түсетіндей жанады. Кей кездері күндіздің өзінде, тұманда, жауын-шашында, тоннельдерден өткенде, басқа көлікті сүйретіп келе жатқанда, жарық беру құралдары пайдаланылады.

  9. Елді мекендердің, қалашықтардың көшелері жарықпен қамтамасыз етілген болса, жүргізушілер машиналардың көлемін көресететін жарық құралдарын қосып, жарығы алысқа түсетін фараларын пайдаланбаса да болады немесе жүргізушілер жарығы жақынға түсетін фараларын қосса да жетеді. Жарығы алысқа түсетін фараларды пайдаланатын болса, қарсы келе жатқан жүргізушінің көзін шағылыстырып кедергі жасауы мүмкін. Мұндай жарық жүргізушінің ғана емес, жаяу жүргішінің де көзін шағылыстырады, жол-көлік оқиғасына ұшыратуы мүмкін. Сондықтан жарығы алысқа түсетін фараны тек сырт жолдарда, алыс сапарларға шыққан кезде пайдаланған жөн.

  10. Екі машина бір-біріне қарама-қарсы жүріп келе жатқанда, жарығы алысқа түсетін фараларын 150 метрге дейінгі қашықтықта жарығы жақын түсетін күйге алмастыруға міндетті. Велосипедшілер мұндайда жүру қатарын алмастырмай-сақ, тоқтап, автокөлікті өткізіп жіберулері тиіс.

  11. Машиналар тұраққа тоқтайтын жағдайда айналасы қараңғы болса, онда көліктің көлемін білдіретін жарық беру құралдарын қосып қойған жөн.

  12. Кейде жол үстінде аялдаған машина әрі қарай жүруін тоқтатып, немесе бұзылып қалса, басқаларға ескерту үшін машинаның арт жағынан 25-30 м жерге арнайы апаттық ескерту блгісін немесе жыпылықтағыш қызыл фонарь жағып қоюға міндетті.

  13. Барлық мотцикл мен велосипед мінушілер де қараңғы мезгілде алдыңғы және артқы фараларын жағып месе жарық шағылыстырғыш белгі орнатып жүруі тиіс.

  14. Жаяу жүргіншілердің де қараңғы мезгілде сақтық шараларын ойластырып, жарық шағылыстырғыш заттарды арқасына тбайлап алуына болады.

  15. Реттеуші тік тұрып, таяқшасын жоғары көтерсе, бұл – бағдаршамның сары жарығына сәйкес дайындалу керектігін ескертеді.

 

Ү. Сабақты қорытындылау    Өмірде ережеде көрсетілгендей, жазып, сызылғандай мүмкіндіктер бола бермейді. Балалардың арасында ойын ойнап жүріп ойламаған жерден кездейсоқтыққа ұшырап қалатын жайлардың болатынын да ұмытпаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет