Сабақтың барысы: Қуан, шаттан ал Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін. Психологиялық дайындық



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109746
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
00182cdf-067fe932
Өмірбек Аружан Д 41топ 7тақырып

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты:Балалардың заттардың айқын образын көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қаблеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:


Қуан, шаттан ал
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін.

Психологиялық дайындық

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң балабақша

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!


- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Балалар жауабы: Қазір жылдың күз мезгілі
- Бүгінгі ауа - райы қандай?
Балалар жауабы: Күн суық,.
- Бүгін аптаның қай күні?
Балалар жауабы: Бүгін аптаның сенбі күні.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз.
Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Иә. Қандай ертегілерді білесіңдер. «Бауырсақ»
«Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі», өте жақсы. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешкеннен кейін ғана қай ертегіге саяхат жасайтынымызды білеміз.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.
Балалар қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады?
Балалар жауабы: «Мақта қыз бен мысық»
Иә, дұрыс таптыңдар жарайсыңдар. Ендеше осы ертегіні сахналап көрсете аласыңдарма?

  • Иә,

  • Өте жақсы . Тақтаға 5 – 5 баланы шығарып, ертегіні естеріне түсіру.

  • . Бір күні Мақта қыз үйін сыпырып жүріп жерден бір мейіз тауып алыпты. Мысығым, мысығым мұнда келші деп шақырыпты. Еріншек мысығы келмепті. Біраздан соң келіп Мақта қыз сен мені неге шақырдың. Мақта қыз ашуланып айтпаймын депті. Мысық: айтпасаң сүтіңді төгемін депті. Мақта қыз: төксең құйрығыңды кесіп аламын. Мысық сүтті төгіпті, ал Мақта қыз оның құйрығын кесіп алыпты. Мысық! Мақта қыз құйрығымды берші деп жалыныпты. Мақта қыз бермеймін менің сүтімді тауып бер. Мысық не істерін білмей, үйден шығып сиырға келіпті. Сиыр, сиыр
    Маған сүт берші, сиыр ойланып өй сен маған шөп бер. Мысық тағы ойланып не істерін білмей ағашқа келді. Ағаш, ағаш маған шөп берші, ағаш: маған су бер шөлдедім дейді. Енді не істерін білмей тұрып ары қарай жүреді. Алдынан су алып келе жатқан қыздарды көреді.
    Қыздар, қыздар маған су беріңдерші. Қыздар: сен бізге сағыз бер, әрі қарай ойланып мысық
    дүкеншіге келеді. Дүкенші, дүкенші маған сағыз берші. Дүкенші айтады: сен маған жұмыртқа бер дейді. Мысық енді не істерін білмей келе жатса алдынан тауық шығады.
    Тауық, тауық сен маған жұмыртқа берші, тауық: сен маған бидай бер, мен содан кейін саған жұмыртқа беремін дейді. Келе жатса ойланып, жүгіріп өтіп бара жатқан тышқанды көріп қуанып жүгіріп барып тышқанды ұстайды. Тышқан, тышқан сен маған бидай тауып бер, болмаса мен сені жеп қоямын дейді. Тышқан қорыққаннан иә жарайды мені босатыңыз. Тышқан мысыққа бір тостақ бидай әкеліп береді. Мысық қуанып алып оны тауыққа әкеледі. Тауық біраздан соң оған жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді. Дүкенші оған сағыз береді. Сағызды алып қыздарға келеді. Қыздар оған су береді. Суды алып ағашқа құяды. Ағаш оған жапырақ береді. Оны алып сиырға береді. Сиыр оған сүт береді. Сүтті алып Мақта қызға әкеледі. Мақта қыз оның құйрығын қайтарып береді. Мақта қыздан мысық кешірім сұрайды. Сөйтіп Мақта қыз бен мысық дос болады.
    Сергіту сәті:
    Мұрны пұшық
    Көзі қысық
    Өзі пысық
    Бұл не?
    Бұл мысық.
    Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Балалар жауабы: Ұнады. Несімен ұнады.
    Балалар жауабы: Мақта қыз бен мысық достасып ертегі соңы жақсы болды.
    Балалар осы ертегідегі кейіпкерлерді айтыңдаршы. Балалар жауабы: Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан. Кәне есімізге түсірейікші бірінші мысық кімге барды. Ретімен ертегі кейіпкерлерін орнына қоямыз.(Балалар біртіндеп шығып ертегі кейіпкерлерін орнына қояды) Жарайсыңдар балалар, сендер ақылдысыңдар!

Ал, балалар тағы қасқыр мен лақтар ертегісі естерінде бар ба? Ұмытып қалған жоқсындарма?

  • Жоқ.

  • Ендеше сол ертегіні де есімізге түсіріп көрелік.

  • Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
    - Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
    -«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:-

    Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан - жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман - есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.



Ерте, ерте заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы болыпты. Ешкі балаларына үй жасапты. Өзі күнде барып, тамақ жинап әкеледі екен. Ешкінің бұл айласын бір күні қасқыр біліп қояды. Ешкі тоғайға кеткенде,ол есік алдына келіп:

-Балаларым шырақтарым,

Қутындаған шұнақтарым,

Сендерге сүт әкелдім

Есікті ашшы лағым- дейді.

Лақтар:есік алдына келіп, біз саған есік ашпаймыз, сен бізді алдап тұрсың, өтірік айтасың дейді. Біздің шешеміздің дауысы сенің дауысыңдай жуан емес,-дейді.

Қасқыр тұрып-тұрып есік ашпаған соң кетіп қалады.

Содан соң түлкі келеді, есік алдына келіп есік қағып:

-Балаларым, шырақтарым.

Қутындаған шұнақтарым,

Сендерге сүт әкелдім.

Есікті ашшы лағым-дейді.

Лақтар:Есік алдына келіп,біз саған есік ашпаймыз,сен бізді алдап тұрсың,өтірік айтасың дейді.

Анасы лақтарына:

-Балалар есікті ашпағандарың жақсы болған есікті ашаңдар,ол сендерді жеп қоятын еді.Бұдан былай да, сақ болыңдар-дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет