Сабақтың басталуы (ұйымдастыру кезеңі): формасы, ұзақтығы, тиімділігі


Дискретті кездейсоқ шама Дискретті кездейсоқ шамалар



бет3/5
Дата05.09.2020
өлшемі286,04 Kb.
#77183
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 билет

Дискретті кездейсоқ шама Дискретті кездейсоқ шамалар. Сынау нәтижесінде қабылдаған мүмкін мәндерін жекелеп, айыра санауға болатын болса, онда мұндай шамаларды дискретті кездейсоқ шамалар дейміз.

Дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері шекті немесе шексіз бола алады.



1-мысал. Кездескен оқушының математикадан сұрағанда алатын бағасы қандай болатыны белгісіз.

Оқушының үлгеруі-кездейсоқ шама.Ал оның 1,2,3,4,5, деген баға алуы сол кездейсоқ шаманың қабылдайтын мүмкін мәндері. Яғный,кездейсоқ шаманың мәндерін санап шығуға болады.



2-мысал.Мезгеуі жететін аралықтағы нысанаға дәлдеп оқ атылды. Неше мәрте атылғанда нысанаға оқ тиеді?

Атылған оқтың нысанаға тиюі-кездейсоқ шама.Өйткені оқ нысанаға бірінші атылғанда, бәлкім екінші атылғанда тиюі мүмкін.Жалпы атылған ( шексіз атылған) оқтар тимеуі мүмкін. Яғный,кездейсоқ шаманың мәндері шексіз болады.

Дискретті кездейсоқ шаманың мәндері және оларға сәйкес ықтималдықтар белгілі болса,оны анықталған дейді.

Кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оларға сәйкес ықтималдықтардың ара қатынасын білдіретін ережені кездейсоқ шаманың ықтималдықтарының үлестіру (үлестірім) заңы деп атайды.Бұл заң кесте,график және формула түрінде беріледі. Әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет