Мүйіз сырнай- атауы айтып тұрғандай, мүйізден жасалады. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесікті үрлемелі музыкалық аспап.
Ауыз сырнай- үрмелі, уілдекті аспап. Ұзындығы 15 см, ені 4-5 см. Екі жақтаудан тұрады, сыртына күмістен, сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады. Үн беретін жұқа металдан тілшелер орнатылады. Жасауы өте күрделі болғандықтан, ел ішінде сирек табылады.