Сабақтың жоспары: Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті



бет15/33
Дата25.05.2020
өлшемі134,05 Kb.
#71008
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
umkdfile(6981)

Бекіту сұрақтары:

  1. Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі.

  2. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Дәрімбетов Б. Тазару: Әдеби сын. – Алматы: Жазушы. 1991- 160 бет.

  2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы. Санат. 1994.

  3. Кәкішев Т. Дәстүр суреттері. Алматы. 1981.

  4. Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Әдеби сын мақалалар. Алматы,1985. 232 б.

6 дәріс Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы



Сабақтың мақсаты: Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің идеялық мазмұнын ашып, адамгершілік тақырыбында жазылған басқа өлеңдерімен салыстырып, құрылысына қарай талдауға үйрету.

Тірек сөздер: ойын, күлкі, адамгершілік, арзан т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Абай шығрамларындағы адамгершілік тақырыбы

  2. Ақынның көздеген мақсаты.

Неге ойын арзан, неге күлкі қымбат? Күлкі дегеннің өзі ойынның бір сипаты емес пе еді?! Ойын-күлкі деп бір айтпаушы ма едік. Абай екеуін бөліп айтқан. Және олардың нарқын анықтаған. Ойынды арзан, күлкіні қымбат деген. Сонда адамшылыққа жақыны күлкі, ойынның мәні оған қарағанда пәстеу. Ойын көңіл ашар сауық, өтіп кететін жай. Ойынның түрі көп, олардың қажетттілігі нақтылы өмір сүру үшін емес, көңілді өмір сүру үшін қажет. Көңілсіздік болса адам қайғы, мұң басып, еңсесі түсіп кететіні баршаға мәлім. Сондықтан адамдарға ойын керек. Абай да ойынды жоққа шығарып отырған жоқ, ол оның күлкімен салыстырғандағы мәнін ашып берген. Не нәрсенің болмысын нарқы салыстырғанда айқындалмақ, Абай да осы тәсілмен ойынды күлкімен теңдестірген, сонда күлкінің ойынға қарағанда салмағы басым. Демек, ақынның түсінігінде ойын-күлкі деген сана емес, ойын бір сана, күлкі бір сана боп дараланған. Былайынша айтқанда оларды Абай ұғым ретінде қарастырған. Ойын-күлкі деген мәні ашылмаған жалпы түсінік, бірақ ауызекі тілде осылайша айтылғанның еш сөкеті жоқ. Абай болса осы айтылып жүрген жалпы түсінікті нақтылаған. Мәселеге осылай келгенде ойынның арзандығы, күлкінің қымбаттылығы шығады. Абай осы ойын жігіттерге қарата айтқан. Әрине, балаларға қатысты айтсақ, олар үшін өмір мәні – ойын. Ал, жігіттерге ойын арзан болуы орынды. Себебі, бұлар үшін өмір мәні ойында емес, өмір сүруде. Ойын – құмарлық, үлкенді қайта бала ететін мақсатсыздық. Далбаса, нақтылы іске түспегендер үшін ойын – қызық. Өмір ойын емес, ол мақсат, ол жүрілмеген жол, атқарылмаған іс, ләззат алмаған қызық, ол сенің мүмкіндік болашағың. Саған қымбат ойын емес, өмір туралы жасайтын амалың. Жігіттердің осыны түсінулері керек. Ойын арзан, демек сен енді ненің қымбат екенін санаға салып көргенің абзал.

«Күлкі қымбат» - дегенде Абайдың нысанаға алып отырғаны мән-мағынасыз езу жимас, өзексіз адамның ыржың-қыржыңы емес. Күлкінің адам болмысындағы мәні. Қайсібіріміз күлетін іске күлмей, күлмейтін жайға езу жия алмай жатамыз. Бұл күлкінің не екенін сезінбеуден туған топастық. Шіркін, нағыз күлетін істі танысақ қой! Ол әркімге сірә берілмесе керек. Осындай жағдайда күлкінің қымбаттылығы айқындалады. Сонда ойынға байланысты езу жимастық күлкі болмағаны ма? Абай түсінігінде дәл солай. Демек, мәселе күлкі мен күлкі еместі айыруда. Күлкі деген бұл өмірдің қасірет пен қуанышы араласқан адам мұңының бір көрінісі.

Мәдениетте «трагедия» және «комедия» деген жанрлар бар. Менің ойымша нағыз трагедия комедияға айналса керек. Қайғыны күлкімен жеткізу деген биік комедия. Дантенің «Божественная комедия» мен Бальзактың «Человеческая комедиясы» осы пікірімізге дәлелдер болса керек. Абай ұғымында да күлкі биік сананы қажет етуде, сондықтан күлкі қымбат. Қазақ осы түсініктің шет жағасына барыңқыраған, ол «адамның қуанғаны да, жылағаны да бір» деген.

Күлкі Жаратушының пендесіне берген асыл қазынасының бірі, күлкі адамшылық өлшемі. Адамды ісіне, сөзіне қарап ал деуші еді, менің бұған қосарым – адамды күлкісінен таны. Күлкі – адам баласының айнасы. Күлкі табиғатында символ жатыр. Күлкісінен адамның мақсаты аңғарылады. Күлкі «тілі» астарлы әрі жұмбақ. Күлкіден адамның мінезі сәулеленеді. Мінезге бай жанның күлкісі мәнді келеді. Абай күлкіге осындай түсінікпен келіп, жігіттерге ойынның арзан, күлкінің қымбат екенін нақтылы мәнде ашып беріп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет