Сабақтың жоспары: Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті


Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «Жетінші », «Он тоғызыншы»,«Отыз бірінші»,«Отыз сегізінші»,«Қырық үшінші»



бет29/33
Дата25.05.2020
өлшемі134,05 Kb.
#71008
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
umkdfile(6981)

Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «Жетінші », «Он тоғызыншы»,«Отыз бірінші»,«Отыз сегізінші»,«Қырық үшінші» қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің «Қырық үшінші» қара сөзінде «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады»дейді. Ал «Жетінші» қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі- білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл – жан құмарлығы... » деп жан мен тәннің байланысын ашуға талпыныс жасайды да, қырық үшінші сөзінде: «Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты- ақыл, ғылым... Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.

Абай естіген нәрсені еске сақатудың, есті тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын да сөз еткен. Ол өзінің «Отыз бірінші» сөзінде: «Естіген нәрсені ұмытпасққа төрт түрлі себеп бар: әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екіншісі- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек, үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге берікту керек, төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салынып, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»,- деп ынта қоя тыңдау, естігенді ойда қайталап бекіту, көңіл-күйдің әр түрлі әсерлерінде үнемі салынып, беріліп кетпеу, ерік-жігерді тізгіндеп ұстау жөнінде педегеогикалық тұрғыдан ақыл-кеңес береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет