Байланысты: (5 апта) Дәріс Экологиялық менеджмент (2)
Экономиканыэкологизациялау дегеніміз - қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған басқарушылық, технологиялық, қаржылық және экономикалық шаралар жиынтығы. Сонымен бірге, бұл іс-шаралар белгілі бір қызмет саласына тән принциптерге сүйене отырып және тиісті әдістерді қолдана отырып, қолданыстағы өндіріс шеңберінде жүзеге асырылуы керек екенін ескеру маңызды.
Экологиялық менеджменттің принциптері:
а) ұйымның өндірістік қызметінің экологиялық ерекшеліктерін ескеру;
ә) экологиялық даму мәселелерін уақытылы шешу;
в) қоршаған ортаны қорғаудың бағыттылығы мен басымдылық
мәселелері;
г) кәсіби басқару және барлық басқару шешімдерінің экологиялық салдары үшін жауапкершілік;
д) экологиялық даму мәселелерін шешуде дәйектілік (сабақтастық, кезең-кезеңімен);
е) экологиялық менеджментті жалпы кәсіпорынды басқару жүйесіне интеграциялау;
ж) экологиялық сана мен экономикалық уәждеме мотивация.