Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі Сабақ өткізілетін күн


І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемнің синтаксисі. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздің байланысу түрлері



бет7/7
Дата08.07.2017
өлшемі1,89 Mb.
#20937
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемнің синтаксисі. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздің байланысу түрлері.

Лексикалық тақырып: Тіс. Тістің құрылысы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: . Жай сөйлемнің синтаксисін, сөздердің байланысу тәсілдерін (қабыса, жанаса, меңгеріле, қиыса байланысу формаларын меңгерту. Сөздің байланысу түрлерін жұрнақ я жалғау арқылы байланысу жолдарын меңгерту.



Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында «Даналық дағағы» достық, татулық тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызып қатар аралық жарыс ұйымдастыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: Оқушыларды тақырыпты меңгерту барысында грамматикалық дұрыс сөйлем құрау жолдарын жетілдіру. сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру. Мамандыққа қатысты медициналық ұғымдарды кәсіби қазақ тілі тұрғысынан таныстыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, бағалауға арналған тапсырмалар, қосымша оқулық материалдары.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Студенттің бүгінгі көңіл-күйін суреттету.
2. «Сүйікті мамандығым».

1. Көптараған ару түрлерін ата.

2. Күз. Қыс мезгілдерінде болатын жиі кездесетін аруларды ата.

3. Тыныс алу жолдарының ауруларын ата.

4.Бүйрек ауруынын симтомын ата.

5. Денеде майлар қандай қызмет атқарады?

6. Денедегі энергия көзі?

7. Қан қысымынан күніне қанша ауру, айына қанша ауру, жылына қанша ару көз жұмады?


  1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Аллергиялық дерттер. Үй тапсырмасын сұрау барысында: сұрақ-жауап баяндау, эвристикалық әдіс арқылы таққыға салу.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Сабақтың барысы:
Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.

Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.

Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:

Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:

Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).

По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).

Мысалы (Например):



Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)

Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:

Простые предложения по строению делятся на 7 групп:


  • жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем) - предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.

  • жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады) - в предложении присутствуют второстепенные члены предложения.

  • жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.

  • жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным.

  • толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі) - в предложении есть все 5 членов предложения.

  • толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі) - в предложении нет хотя бы одного члена предложения.

  • атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.

Мысалы (Например):

Жаңбыр жауады. (жалаң) 
Далада жаңбыр жауады. (жайылма) 
Ертең мен театрға барамын. (жақты) 
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз) 
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)


Сөз тіркесі Байланысу тәсілі
Аймен аталас                                     Ай+мен көмектес септік жалғауы  

Күнмен баталас                                 Күн+мен  көмектес септік жалғауы

Бұлтпен туысқанымыз жоқ              Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы

Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ       жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы

Сол күні жауған         орын тәртібі арқылы.                 

Аталас емеспіз                    орын тәртібі арқылы  



(1) Қиыса байланысқан сөз тіркестері. қиысу

2.Матаса байланысқан  сөз тіркестері. матасу

3.Меңгере байланысқан сөз тіркестері. меңгеру

4.Қабыса байланысқан сөз тіркестері. қабысу

5.Жанаса байланысқан сөз тіркестері. жанасу

Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі.

Біріншісі зат есім немесе затталған  сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысу.

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі.

Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан түрі.

Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысуы.


Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.

Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.

Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.

Мәліктің талдырмаш жас денесі баяғы сол арықтау қалпында.

Шақырылған қонақтар кештете келді.

Санжар көрсете алмай жүр


Тапсырмалар:

1 –тапсырмасы.  



1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.

  Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.

 

   Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.



                                                                             А. Құнанбайұлы.

                                                                             Отыз бірінші сөз.



2) Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.

3-тапсырмасы

1) Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау  жазу.

2) Шығарма тақырыбы:

1. Адал достық.

2. Табиғат аясында.

3. Басты байлық - денсаулық.

1. Суретте.  Өз досының бейнесі.

2. Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.

3. Суретте. Табиғат көрінісі.

4. Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.





Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут

Тіс. Тістің құрылысы. Баяндау. Тіс және ауыз қуысының аурулары.


Әдебиеттер:

  • А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

  • Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. 

  • Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. 

Оқытушының қолы:____________





  • тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш) - главные члены предложения (подлежащее, сказуемое)

  • тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) - второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство)




Белгілеу

Сөйлем мүшесі

Мысал



Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.



Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Мен дүкенге барамын.



Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Кең далада балалар ойнады.



Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Мен өз Отанымды жақсы көремін.



Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Ертең ол театрға барады.



Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.

Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.



Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз,балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.


Құнарлы тағамдар

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады,төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін мерзімі

30.11.2016

ЛФН-16-03р




11-40-13-00



І. Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913).

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік:. Әнші сазгер ақындар шығармашылығына шолу жасау. ХІХ ғасыр әдебиетінен білімгерлердің білімін шыңдау. Шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Жаңа сөздермен таныстыру.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Біржан сал.

  • Ләйлім Шырақ.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен.Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты-он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан – неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс (оны «Қара торғай» деп атаған), жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.

«Етегін ақ көйлектің алтындаған»

Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы – достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу, әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы

Ертістің құба талы секілденіп,


Алдымнан майысып шық бұрал-дағы.
Қапаста қиын-қыстау бекінсең де
Тәуекел майданында тұрам-дағы.

Ақанның бір топ өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша», «Ұрқияжан», т.б. әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен, әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.



«Сырымбет» әні
Ауылым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Қайырмасы:


Қарындас-ау,
Енді, есен бол-ау.

Ауылым қонған Сырымбет жел жағына,


Артық туған бала едің ел бағына.
Бидайыққа лайық дейтін, сәулем,
Бөктергінің іліндің тырнағына.

Қайырмасы.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған,
Бешпентіңді беріп кет түймесімен.

Қайырмасы.



«Құлагер»

Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.


Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнапа бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

«Құлагер» әні

Жел соқса қамыс басы майда деймін,


Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,


Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай – Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,


Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

«Балқадиша» әні

Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,


Бұралған белің нәзік тал – Қадиша
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара бассың – хан, Қадиша.

Дегенде, Балқадиша, Балқадиша,


Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.

«Заман адамы»

Заман ағысы мен қоғамдық өзгерістердің сыры жайые ойлана келіп, Ақан бір кез заман адамының сипатын беруге ауысады. Оның «Заман адамы» атты ұзақ толғауы – өз замандасын мінездеуге құрылады. Ақан замандасы – өз дәуірінің ұнамсыз мінездерін бойына жинаған ел басшылары – болыс-билер, байлар мен ауылнайлар. Солардың әрекет-тіршілігін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерін айта отырып, ақын оларды мінеп, сынайды. Сыртынан жылтыраған, бірақ іші надан адамдар типін ол:

Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны.
Іші зұлмат болған соң керегі жоқ,
Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы, – деп суреттейді.

Ақан өмірінің соңғы кезін оңашалану жағдайында өткізген. Серілік өмірден ада болған, жастық армандарының көбіне қолы жетпеген, жер-суынан айрылған, ел басшылары мен пиғыл-ниеті бұзыла бастаған пысықтардан жәбір көрген ол қасына жалғыз мылқау баласы Ыбанды алып Қоскөл жағасында оңаша өмір кешкен. Ақын дұшпандары ол туралы неше түрлі өсектер таратқан. Сөйтіп жүріп ол 1913 жылы 70 жасында қайтыс болған. Кеңестік Қазақстанның өрен ақыны Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасында ақын трагедиясының себептерін жан тербетерліктей нәзік, асқан шеберлікпен айтты. Ғабит Мүсірепов те өзінің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында Ақан өмірін оның ескішіл күштерге, дінге қарсы күресі арқылы суреттейді. Ақан сері – ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық адам. Оның есімі, ең алдымен, жұртшылыққа өзінің әнімен, өлеңімен тарады. Жас кезінен ол нәзік сезімді, үні мен әсем сазы жан тербеткен әнші болса, өсе келе сол сазына сәйкес ән шығаратын композитор болды. «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», «Көкжендет», «Маңмаңгер», «Құлагер», т.б. оның тамаша әндерін білетін, сүйсіне тыңдайтын адам Қазақстанның қай түкпірінен болсын табылады. Мұхит, Біржан, Ақан серілер халқымыздың ең ардақты, сүйікті әншілері екендігі жұртшылықтың бәріне мәлім.


Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________
Каталог: uploads -> doc -> 12fd
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12fd -> Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты
12fd -> Сабақ Тақырыбы: Наурыздағы тілек Бастауыш сынып мұғалімі: Жакуова Еркежан Жұмабайқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет