Сабақ Тақырыбы: «Еріндік және езулік дыбыстар»



Дата08.07.2017
өлшемі77,39 Kb.
#20781
түріСабақ
«Бекітемін» Келісемін «Қаралды»

Мектеп директоры Оқу ісі орынбасары Бірлестік жетекшісі

_________Р.А.Ермуханова П.С. Апиева ______ Г.Б. Сырбаева ______

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Еріндік және езулік дыбыстар»

5-сынып

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қөкейхан Айкүлсін

2015-2016 оқу жылы

Қазақ тілі

Уақыты:09.02.2016 жыл

Кабинет: 28

5 «д» сыныбы



Сабақтың атауы

Еріндік және езулік дауыстылар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі


Сабақтың жабдығы

Интербелсенді тақта, суреттер, кеспе қағаздар, әліпби жазылған  кесте, слайд, маркер.


Жалпы мақсаттар

дидактикалық : оқушылардың тіл  дыбыстары  туралы білімдерін  кеңейте отырып , әріп , дыбыс және әліпби туралы  бұрынғы түсініктерін тереңдету , тіл  білімінің  фонетика саласымен, дауысты  дыбыстардың  жіктелу топтарымен  таныстыру

тәрбиелік: оқушыларды тілдік эстетикалық  сезімге тәрбиелеу ;

дамытушылық:  балалардың   өздігінен жұмыс  істеу  дағдыларын  арттыру, ізденгіштікке , машықтануға  баулу






Негізгі

мақсаттар

Топтық жұмыс жүргізу;

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Бағалауды үйрену.




Оқыту нәтижелері

  • Белсенділіктері, қызығушылықтары артады;

  • Бір-бірімен пікір алмасады;

Қорытынды шығарады.



Сабақтың әдіс - тәсілі:

топтық жұмыс, талдау жүргізу, қарама - қарсы шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, графикалық диктант, диалогтік оқыту, сұрақ қою техникалары.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті




Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу


Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыптарды пысықтау «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар




• Фонетика нені зерттейді ?                              

• Антоним дегеніміз не?


• Тіл дыбыстары қалай жасалады?                  

• Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?          

• Омоним дегеніміз не?

• Ашық, қысаң дауыстыларды атаңдар?


• Жаңа сөздер дегеніміз не?                  

• Дыбыс дегеніміз не?

• Қазақтың төл дыбыстарын ата.

• “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?

• Дауысты дыбыстар  қалай жасалады?

• Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.




Жаңа сабақ
І Білу

Дауысты дыбыстардың жасалу кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.

1.Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.Олар: о,ө,у,ұ,ү

2. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз. а,ә,е,э,ы,і,и.

Сөздің  алдыңғы  буынындағы  еріндік  дауыстылар  кейінгі буындағы  езулік  дауыстылырға  әсер  етеді.  Оны  өзіне  қарай  бейімдеп  еріндік  дауыстыға  айналдырады. Мысалы:  құлын  сөзі  - құлұн  болып  айтылады.жазудағы  нормасы  құлын  болғанымен,  айтудағы  нормасын  сақтап  айту  керек.  Себебі,  сөздерді  дұрыс  айта  білу де – тіл  мәдениетінің  бір  шарты.




ІІ Түсіну

«Тәжірибе» сөзінің құрамындағы әріптерден мағыналы қанша сөз жасауға болады? Мысалы: тәж, жібер, би

Құрамындағы барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын мақал – мәтел жазыңдар





ІІІ Қолдану
«Дыбыстар елінде»



Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.
1 - карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
( Абай )


2 - карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
( Абай )
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.

Сергіту сәті

Құрманғазы «Балбырауын»


Оқушылар денелерін жатықтырады



IV Талдау


 «Сөз асылы»

Ұсынылған мәтіндер ішінен еріндік және езулік дыбыстарды, дауысты дыбыстарды жазу, жоспар құру. 
І топ «Болат пен Марат»
ІІ топ «Сен оны құрметте» мәтін  

ІІІ топ «Нан – қасиетті тағам» 




V Жинақтау

Дәптермен жұмыс

249 – жаттығу




Үй тапсырмасы

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» ой толғау жазу

250 – жаттығу



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау


Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc -> 0962
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0962 -> Техник-бағдарламашы біліктілігі бойынша
0962 -> «№5 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан спортшылары зияткерлік ойын сайыс 7 сыны п ибраева а. Ж. Рудный қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет