Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы


Түйсіктің физиологиялық негіздері



бет14/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Дәрістер (2)
буклет-Eurasiascience-48.docx
Түйсіктің физиологиялық негіздері
Түйсіктердің физиологиялық негіздері организмнің арнаулы нервтік механизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам – өзін-өзі басқаратын система. Анализаторлар - сол системаның негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысында өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттап береді. Ми қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализатор арқылы іске асып отыратын кері байланысқа сүйенеді.
Анализаторлар үш бөлшектен құралады:

  1. перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар);

  2. өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;

  3. мидағы орталықтар.

Бірінші компоненті - сезім мүшелері (рецепторлар)-әр түрлі құрылған нервтік аппараттар. Олардың міндеті – сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін нервтік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады.
Екінші компоненті-өткізгіш бөлім-сыртқы энергияның сезімтал нерв талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары төмен) жайып отырады. Бұл жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі органдарға өткізеді. Нерв талшықтарының бойымен қозу бір секундтің ішінде 120 метрдей тездікпен өтіп жатады.
Үшінші компоненті – мидағы орталықтар (анализатордың шешуші бөлімі).
Нерв системасындағы басқа бөлімдердің клеткаларының құрылысымен салыстырғанда, бұл орталықтың клеткаларының құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді.
Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  2. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

  3. Намазбаева Ж.И., Жалпы психология: Оқулық / Ж.И. Намазбаева.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.

  4. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2007. - 230 б.

  5. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет