Сабақтың жоспары Сабақтың тақырыбы: «хх ғасырдың жыр алыбы»



Дата31.12.2019
өлшемі113,5 Kb.
#55142
түріСабақ



Тасжанова Меруерт Джаксылыковна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Мұрын Сеңгірбекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сыныптан тыс сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: «ХХ ғасырдың жыр алыбы»
Сабақтың мақсаты: Жыраулар поэзиясынан білімді қалыптастыру, жыраулар әлемін меңгерту, сөз өнерінің ғылыми негізін аңғарту. Туған халқының талантты жыршысы туралы мәлімет қорын толықтыру. Танымдық қабілетті ояту, аманат жайлы өзекті ой дамыту, дана, дара тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды бағалау.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мұрын Сеңгірбекұлының суреттері, жыршы туралы естеліктер, шығармаларынан көрме, тақырыптық бүктемелер.
Сабақтың түрі: конференция сабағы
Оқытушы: Армысыздар, құрметті ұстаздар және студенттер! Маңғыстаудың Бозашы түбегінде туып, жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған, әлемдегі теңдесі жоқ әдеби мұра «Қырымның қырық батыры» аталатын көне батырлық жырларды біздің дәуірімізге жеткізген аса көрнекті жырау Мұрын Сеңгірбекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған конференция сабағымызға қош келдіңіздер!
Табиғатынан ерекше шексіз есте сақтау қабілетіне ие болған талантты жыршы - 18 жасынан бастап «Қырымның қырық батырын» ұзақ жылдар жырлаған.

Бүгін бізде екі баяндамашымыз бар олар бірінші курс студенті Мукатова Қазына мен төртінші курс студенті Күбікова Шапағат.

Ендеше, конференцияның алғашқы баяндамашысы Күбікова Шапағатты ортаға шақырамыз.
Баяндама: Мұрын Сеңгірбекұлы 1859 жылы Маңғыстау өлкесі, Бозашы түбегінде, Қоңырорпа деген жерде дүниеге келген. Мұрынның әкесі Сеңгірбек өмір бойы ата кәсібі ұсталықпен айналысқан. Қалдықызбен (Қалдыкөз) тұрмыс құрады. Жыраудың ағасы Төлеген дүниеге келген соң көп уақыт балалы болмай, он жылдан кейін дүниеге келген, көптен күткен ұлының атын Тілеген қойған. Жас Мұрынды әкесі жастайынан зергерлікке, ұсталыққа үйретеді. Баланың кішкене кезінен ән-күй, жыр-термеге құмарлығы білінді. Бұны алғаш байқаған анасы болатын. Анасы өзі де әңгімеқұмар кісі болғандықтан, білетін аңыз-әңгіме, өлең-жырларды ырғағы мен мәнерін келтіріп айтып отырады екен.

XIX ғасырдың 60 жылдары патшалық Ресейдің шығыс аймағында үлкен әкімшілік-басқару реформасы орын алған. 1868 жылы 21 қазанда "Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторларының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" қоданысқа енгізілді. Патшалық империализмнің нәубеті артып, салық артып, халыққа қысым күшейді. Көп ұзамай қалыптасқан ахуалға жауап ретінде 1870-1873 жылдары тарихта "Иса-Досан көтерілісі" деген атпен белгілі Адай руының көтерілісі орын алған. Алайда көтерілістің басы өте сәтті басталғанымен, орыс әкімшілігі көтерілісшілерді басуға шұғыл түрде көмекке Дағыстаннан, Бақыдан (Баку) әскер жіберді. Көтеріліс басып тасталған соң, патша әскері халықты тонауға кіріскен. Осы уақытта Сеңгірбек руластарымен қосылып, Хиуа хандығы қарамағындағы, Қарақалпақ, Түркмен, Өзбек, Тәжік аймақтарына қоныс аударып кетеді. Көшуінің тағы бір себебі, көтерілісшілерге қару дайындаған ұстаға, патша үкіметінің көзқарасы болатын (әрине оң болмасы айдан анық). Босып кеткен елдің халі мүшкіл еді. Бұл кезде болашақ жырау шамамен 12-13 жаста.


Мұрын кіші кезінен әкесінің ұстаханасында істейтін. Жұмыстан босаған уақытты жан құмарлығын басу үшін жырға арнайтын. Алайда әкесі жас Мұрынды жанында ұстауды жөн көрген. 1875 ж. Он алты жасында жырау Дәметкенге үйленеді. Бір жылдан кейін әкесі қайтыс болады. Бұл жағдайда бүкіл үй іші шаруашылық, ұстахана ісі Мұрынға жүктелген. Дегенмен жан-тәнімен сөз өнеріне берілген жас жырау, әкесінің жылы өткеннен кейін, ұста шаруашылығын ағасына тастап, бір топ ақындарға қосылып ел кезіп кетеді.1880 ж. атамекені Бозашы Маңғыстауға оралады. Сол жерде атақты Қашаған ақынмен бес жыл үзеңгілес болады. Жырау қырық жасына таянған шағында, 1897 – 1899 аралығында Қарақалпақстан аумағындағы Қожеліде қоныстанады. Бұл жерде ол үлкен қасіретке ұшырайды. Әйелі Дәметкен алты баланы дүниеге әкелген еді. Төрт қыз, екі ұл. Үш қызы әр уақытта шетінеген болатын. Қожеліде бірдей екі ұлы кезекпе-кезек қайтыс болады. Осы оқиға жырауға өте ауыр тиген еді. Қайғыдан жыршылығы мен ел аралауды қойып, көп уақытын ата кәсібі ұсталық пен отбасына арнайды. Туған жері Маңғыстауға көшіп, сол аймақта тұрақтап қалады.1899 ж. Мұрын жырау Форт Шевченко қаласына көшіп барады. Тастан (ұлутас) үш бөлмелі шағын үй мен ұста дүкенін салады. Арнайы жиындарда ғана жыр айтады.
1907 ж. жары Дәметкен дүние салды. Жалғыз қызы Тұрлан екеуі қалған еді. Бірақ көп ұзамай Мұрын Жаншаға (Жансалқам) үйленіп, тұрмысы біршама түзелді.
1940 ж. Жанша қайтыс болады. Осы кезде жалғыз қызы Тұрлан мен Күйеу баласы Дүйсенбай, қарт жыраудың қоластына көшіп барып, оған демеу болып, көңілін аулайды. Мұрынға жиен немересі Дәуітбайды бала етіп берген.
1941 ж. А. Хангелдин "Қырымның қырық батырынан" отыз жеті жыр үзіндісін жазып алғаннан бастап Мұрын жырау Республика деңгейінде таныла бастайды.
1942 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президенті Қаныш Сәтбаев пен Тіл, әдебиет және тарих институтының директоры Нығмет Сауранбаевтың Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа Мұрын жырауды шақырту және оған арнайы жағдай жасау хатын жолдайды. Мұрын Сеңгірбекұлы 1942 жылдың 11 шілдесінде Алматыға келеді. Біраз тынығып алғаннан кейін филормонияда алпыс шақты кісі алдында "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази" жырын айтады. Тыңдаушылар арасында Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Нығмет Сауранбаев, Ғабиден Мұстафин, Ахмет Жұбанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан т.б. қазақтың зиялы қауым өкілдері болған. Сол жылы "Қырымның қырық батыры" қағазға түседі. Стенаграфист болып – Мәриям Исаева тағайындалды, ал жырларды – Мәриям Хәкімжанова жазып алып отырды.1947 ж. И. Ұйықбаев арқылы Ғылым академиясы қорына өмірбаянының толық нұсқасы мен төрт батыр жайлы жырды жібереді. Сол жылы Мұрынды Республикалық Халық шығармашылық үйі Алматыға шақырады. Көпшілік алдында жырлап, біршама күн Алматыда болады. Осы уақытта оның жырларын жазып алған деседі. Алайда бұл жайында ешқандай қорлар мен мұрағаттарда мәліметтер табылмады.1948 ж. 28 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің "Мұрын жырау мұраларын жазып алу, жинау, жүйелеу" туралы жарлығы шығады.Жырау өмірінің соңғы жылдарын домбырасын қолына алып, ноғайлы батырларының ерліктерін дәріптеумен өткізген. Замандас, құрбы-құрдастарымен үлкен жиындарда кездесіп, қалың елге жыр, батырларының ерліктері жайында әңгімелер айтқан.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 1954 ж. 29 тамызда бір айдай төсек тартқаннан кейін, Форт-Шевченко қаласында өмірден озды. Ол қала маңындағы Сислам ата зиратында жерленген.
Оқытушы: 2014 жылдың 7-9 желтоқсаны күндері Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының және Ш.Есенов атындағы

Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ұйымдастыруымен Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 155 жылдығына орай «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты –  көлемі мен поэтикалық құндылығы жөнінен шығыстың «Мың бір түнінен» асып түспесе, кейін қалмайтын, ноғайлы батырлары мен билері әулетінің бірнеше ғасырлық тарихи шежіресінің көркем баяны болып табылатын «Қырымның қырық батыры» жырлар циклін ауызша жырлаумен кейінгі ұрпаққа жеткізген, сол арқылы жырдың бір түркі емес, бүтін адамзаттың рухани асыл мұрасына

айналуына жол ашқан ұлық жыршы – Мұрын жырау Сеңгірбекұлын және осы жырау атымен ұлықталған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің қазақ мәдениеті

тарихында алатын орнына ғылыми талдау жасау, жыр бойындағы ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.Конференцияға Татарстан Ұлттық Ғылым Академиясынан, Ресей Ғылым Академиясының Башқұртстан бөлімінен, Өзбекстан Ғылым Академиясының Нөкіс бөлімінен, У.Д.Алиев атындағы Қарашай-Шеркеш мемлекеттік университетінен, М.Ақмолла атындағы Уфа мемлекеттік педагогикалық университетінен, еліміздің Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы оқу орындарынан беделді ғалымдар келді.
Баяндамашы Мукатова Қазына: Қырымның қырық батыры- қазақтың эпостық жыры. Жырда қырыққа жуық батырдың ерлігі тізбектеле тұтас алынып жырланады.Қырымның қырық батыры жырында ертедегі батырлармен қатар орта ғасырдағы Қырым хандығының бірен саран батырларыныңда ерлігі енген. Жыр алғаш рет 1942 жылы Сеңгірбайұлы Мұрын жыраудан жазылып алынды. Оның кейбір бөлімдері ғана баспа бетінде жарияланды. («Орақ – Мамай», « Қарасай – Қази»).

Қырымның қырық батыры жырын үш циклге бөлуге болады.



  1. «Аңшыбай батырдың ұрпақтары» - « Аңшыбай» ,« Парпария», « Едіге батыр» , «Нұрадын», « Мұсахан», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази»

  2. «Қарадөң батырдың ұрпақтары»- « Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс», «Көгіс», «Тегіс», «Тама».

  3. Бөлек бөлек жеке жырлар: « Ақжонасұлы Ер Кеңес», « Манашы ұлы Тұяқбай », «Қыдырбайұлы Қобыланды», «Айсаның ұлы Ахмет», «Алай батыр», «Шынтемірұлы Төрехан», «Қосай батыр», «Телағыс», «Абат», «Тоғай», «Асанқайғы», «Әмет батыр», «Көкше батыр», «Қазтуған», «Көрұғлы Сұлтан», т.б.

Қырымның қырық батыры жырында Алтын Орда дәуінен басталып, 19 ғасырға дейінгі қазақ халқының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік жағдайы айқын бейнеленген. Жоңғар қалмақтары мен басқа да феодалдық мемлекеттердің бейбіт елге көрсеткен қорлықтары, қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік үшін жүргізген ерлік күрестері суреттелінген. Жыр құрылысы жағынан қырғыз халқының атақты «Манас» эпосына ұқсайды.
Оқытушы: Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театр әртістерінің қатысуымен«Театрланған көрініс көрсетілді, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қазақ жыршыларының орындауында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлап жеткізген «Қырымның қырық батыры» эпопеясынан «Жыр киесі» атты театрландырылған қойылым қойды. Және жеке жырлар бойынша тыңдау болды.
(Бейнероликтер) жырдан үзінді.

 

Оқытушы: Құрметті қонақтар ендігі кезекте «Қырымның қырық батыры» жырынан үзінділер тыңдайық. Ортаға колледжіміздің көркемсөз шеберлерін шақырамыз.




  1. Рысбай Аманкелді «Аңшыбай батыр»

  2. Сарман Түймегүл «Парпария батыр»

  3. Айтулеев Жиенбай «Қарадөң батыр»

  4. Ақтау Нұргүл « »

  5. Дүзелбаев Мадияр «Көкше батыр»

  6. Жоламанова Қаламқас «Көкшенің ұлы Ер Қосай»

  7. Тоқтықараев Бердібек «Шынтас»

  8. Бастыбаев Жемісгүл «Қарт Қожақ»


Кабинетпен таныстыру.
Қорытынды сөз:

Қазақстанның халық жазушысы, өр өлкенің төл перзенті Әбіш Кекілбайдың: «Дүние жүзінде санымен де, атқарған ісімен де күллі жаһанға мәлім небір ересек халықтар бар. Бірақ солардың бүгінгі таңда адамның зердесі мен жады тұрғысынан келгенде біздің Мұрын жырау сынды сексеннің сеңгіріне шыққанда соншалықты телегей теңіз жырды айлап айтып сарқа алмаған жыршысы жоқ», - деген пікірімен бәрімізде толықтай келісетін шығармыз.



«Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту – ендігі болашақ ұрпақтың қолында», - деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай өлгенді тірілтіп, жоғалғанды тауып насихаттау, қастерлеу бүгіннен басталмақ. Әлемдік деңгейдегі мұралардың осы күнге дейін сақталу ерекшеліктеріне көз жіберсек, осындай мол мұраның ауызша жетуі, оны 45 тәулік бойы айтып тауыса алмауы – ғаламдық фантастика! Адам айтса сенгісіз жағдай! Әйгiлi көркем сөз шеберi Әбдіжәміл Нұрпейiсов айтқандай “Өнердiң мiндетi - адамды таңқалдыру”. Ал ондай дүние бізде бар. Осымен Мұрын Сеңгірбекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «ХХ ғасырдың жыр алыбы» атты сыныптан тыс сабағымызды жабық деп жариялаймыз. Келесі көріскенше күн нұрлы болғай!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет