Сабақтың жоспары



бет4/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
Функционалдық сауаттылық (ағылш. functional literacy) - тұлғаның дамуына, мәдениеттің жетістіктері туралы жаңа білім алуға, жаңа техниканы меңгеруге, кәсіби міндеттерді табысты орындауға, отбасылық өмірді ұйымдастыруға, әртүрлітүйінді өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылар мен білімді қамтамасыз ететін білім беру нәтижесі.
Сауаттылық-бұл үздіксіз оқыту үрдісі, оның барысында адам қоғамда толыққанды өмір сүру үшін жеткілікті әлеует пен білім алу бойынша қажетті дағдыларды меңгеру.
Функционалды сауаттылық-бұл пәнаралық (пәнаралық) құбылыс, сондықтан ол әртүрлі мектеп пәндерін оқытуда қалыптасады және көріністің әртүрлі формаларына ие. Ол төменде көрсетілген пән аралық сипаттағы бірнеше негізгі индикаторлары арқылы аранықталады:
1) сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін олардың бірлігі мен өзара байланысында еркін меңгеруді көздейтін қарым-қатынастық (коммуникативтік) сауаттылық; өзгенің сөзін (ауызша, жазбаша) түсіну және өз ойын ауызша және жазбаша түрде өз бетімен білдіру қабілеті;
2) ақпаратты іздеу қабілетіне (оқулықтарда, анықтамалық әдебиеттерде),
оны әртүрлі көздерден алуға (мысалы, интернеттен, оқу мазмұнының ықшам
дискілерінен), ақпаратты өңдеуге, жүйелеуге және оны әртүрлі тәсілдермен
ұсынуға негізделген ақпараттық сауаттылық;
3) ұйымдастырушылық дағдылардың көрінісі ретінде: іс-әрекеттің
мақсатын ауызша тұжырымдау және қою, жоспарлау және қажет болған
жағдайда оны өзгерту, осы өзгерістерді ауызша дәлелдеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету және тағыта басқаларды қамтитын іс-әрекеттік сауаттылық;
4) адамның математиканы әртүрлі контексте (жеке, әлеуметтік, кәсіби, ғылыми) тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілетін көрсететік математикадағы сауаттылық. Бұл қабілетке математикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық ұғымдарды, амалдарды, дәйектер мен құралдарды қолдану кіреді. Ол адамдарға математика әлемдегі рөлін түсінуге, жақсы негізделген пікірлер айтуға және сындарлы, белсенді және ойлы азамат үшін қажет шешімдер қабылдауға көмектеседі;
- адамның жаратылыстану ғылымдарын түсіну және сұрақтар қою, жаңа
білімді игеру, табиғи үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын түсіндіру және жаратылыстану мәселелеріне байланысты ғылыми дәлелдерге негізделген тұжырымдарды тұжырымдау үшін қолдана білу қабілетін айқындайтын жаратылыстану саласындағы сауаттылық;
-ол жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адам танымының нысаны ретінде түсінуге;
-жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар қоғамның материалдық, зияткерлік және мәдени салаларына әсер ететіндігі туралы хабардар болуды көрсетуге;
-жаратылыстанумен байланысты проблемаларды қарау кезінде белсенді азаматтық ұстаным таныту.
-қазіргі уақытта және болашақ кезеңдерде өмірлік мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыру үшін қаржылық менеджментке қатысты салаларда негізделген шешімдер қабылдау және тиімді әрекеттер жасау мүмкіндік беретін қаржылық сауаттылық.
Білім мазмұны жаңартылған жалпыға бірдей орта білім беру бағдаламасы жоғарыда аталған функционалдық сауаттылықтың әр бір түрі оқылатын пәндерде бір-бірімен үйлесім тапқан.
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«География» пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) Географиялық зерттеу әдістері;
2) Картография және географиялық деректер базасы;
3) Физикалық география;
4) Әлеуметтік география;
5) Экономикалық география;
6) Елтану және саяси география негіздері.
1.«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі «Зерттеу және зерттеушілер» бөлімшесінен тұрады.

  1. «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Географиялық карталар;
2) Географиялық деректер базасы.

  1. «Физикалық география» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Литосфера;
2) Атмосфера;
3) Гидросфера;
4) Биосфера;
5) Табиғи-аумақтық кешендер.

  1. «Әлеуметтік география» бөлімі келесі бөлімшеден тұрады:

1) Халықтар географиясы.

  1. «Экономикалық география» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Табиғи ресурстар;
2) Әлеуметтік-экономикалық ресурстар;
3) Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы;
4) Дүниежізілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері;

  1. «Елтану және саяси география негіздері» бөлімі «Дүниежүзі елдері»

бөлімшесін қамтиды.

2. 7,8,9 сыныптарға арналған география пәнінің ұзақ мерзімді жоспары.


Осы жоспардың негізінде бөлімшелердегі спиралдылық қағидасына мән береміз. Қазіргі кездегі география оқулығының ерекшелігі бөлімдермен бөлімшелердің қайталанып келуі және оның сыныптан сыныпқа өткен кездегі мазмұнының күрделеніп отыруы. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде жоғарыда жаратылыстану пәні бойынша көрсетілген үлгіге сәйкес КТЖ жасалынады. Оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Рубеждік бақылау және емтихан сұрақтары:

1

№ 3-дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет