Сабақтың жоспары



бет14/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
6 Бағалау. Бұл санат қандайда бір оқу материалының (тұжырымның,
зерттеу деректерінің т.б.) маңызын бағалай алуды дағдыларын меңгеруді талап етеді. Өлшемдерді оқушылардың өздері немесе мұғалім анықтауы мүмкін. Аталған санат бұрынғы санаттардың барлығының оқу нәтижелеріне қолжеткізуді көздейді

1

7 Лекция
Негізгі оқыту құралдарымен жұмыс жасау әдістері
_____________________________________________________________


Сабақтың жоспары


1 Оқыту құралдарының оқу-танымдық маңызы мен атқаратын қызметі
2. Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс істеу тәсілдері
3 .География оқулығымен жұмыс жасау тәсілдері
4. Қазіргі заманауи интербелсенді оқыту құралдарының географиялық білімді меңгерту мақсатында пайдалану әдістері.
___________________________________________________________
1.Оқыту құралдарының оқу-танымдық маңызы мен атқаратын қызметі


Географияны оқыту құралдары-бұл оқу үрдісін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әртүрлі түрлі білім көздері мен заманауи электронды техникалық құрал-жабдықтар.
Білім көздеріне білім беру үрдісіне кіретін оқу және бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттер, көмекші басылымдар, әртүрлі мақсаттағы және сипаттағы оқу құралдары, заманауи электронды білім беру ресурстары жатады. Табиғатты бақылау, дербес және сарамандық жұмыстар жүргізілетін мектептің өлкетану мұражайлары, географиялық алаңдар және жергілікті жерде арнайы бөлінген ландшафттар (алаңдар, экологиялық соқпақтар) оқу құралдары болып табылады. экскурсиялық сабақтар кезінде шаруашылық және басқа да объектілер оқу құралдары болуы мүмкін.
Оқыту құралдарын төменедегі топтарға белуге болады:

  1. нағыз нысандар:

- сынып жағдайында оқытылатын табиғи нысандар мен шаруашылық әрекетінің заттары;
- тікелей танымдық жорықтар мен экскурсиялар барысында оқытылатын табиғи нысандар мен шаруашылық әрекетінің заттары. Бұл құралдар оқытылатын нысандар мен құбылыстарды және олардың қасиеттері туралы ұғымды тікелей көру арқылы қалыптастыруға мүмкіндікбереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет