Сабақтың күні: Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі


Сонымен балалар, шаңғы тепкен баланың табан ауданы, етік киген табан ауданынан 20 еседей үлкен. Ал шаңғышының табанының қысымы 20 еседей аз болады



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі183,47 Kb.
#29755
түріСабақ
1   2

Сонымен балалар, шаңғы тепкен баланың табан ауданы, етік киген табан ауданынан 20 еседей үлкен. Ал шаңғышының табанының қысымы 20 еседей аз болады.

Күнделікті тұрмыста адам жүргенде 30-40 Н/см2 қысым еденге, вагон дөңгелектері рельске 30 000 Н/см2 қысым түсіреді екен.



Қатты дене бір бағытта әрекет етсе, ал газ бен сұйық барлық жаққа бірдей әрекет етіп, барлық бағытқа бірдей қысым түсіреді. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Оның формуласы: Р =

Си жүйесіндегі өлшем бірлігі Па. Оның гекса, кило, Мега түрлерін айтып өту керек.

Қысымның өлшем бірліктері.

1г Па = 100Па = 102Па 1к Па = 1000Па = 103Па 1МПа = 1000000Па = 106Па

Енді келесі тақырыпқа тоқталмас бұрын, заттың неше күйі бар екендігіне тоқталайық. Жауап берген балаға деңгей балы қойылады.

Тіке тұрған кітап неге алақанымызды қысады? Барлық оқушы жасап көреді.

Ал шарды үрлегенде қысым қандай бағытта таралып тұр? Оқушы үрлейді, ал мен алақаныммен қысамын. Шардың іші заттың қай күйімен толтырылған? Газ күйі және сұйық күйінде Газ әр бағытта таралады. Оған паскаль шары мысал бола алады деп балардың назарын сабаққа аударту керек.



Жаңа сабақты бекіту:

Оған екі мысалды бізге бір күн бұрын дайындаған нашар оқитын оқушы көрсетіп береді. Сызғышты үстелге іне қойып, оны қолмен түртіп те құлата аламыз. Ал, бетіне А4 қағаз қойып ұратын болсақ, ол сызғыш орнында тұра береді. Бұл табан ауданына тәуелділікті көрсетеді.

Стаканды төнкеріп ішіндегі судың ақпайтынын көрсетеді.

(Стаканды төңкергенде неге су ағып кетпейді, және сызғыш неге сырғанамады?) жауап берген оқушыға деңгейлік жауап балы қойылады.



Сергіту сәті: 1 минут.

Мандарин лақтыру арқылы бүгінгі өткен жаңа термин сөздерді атап өтеді. Ең әуелі мандариннің неге сопақша болып өсетіндігін айтып кетемін. Әрине ол да қысымға байланысты.



Есеп шығару:

Есеп шығару мысалдары көрсетіліп кетеді.

Табан ауданы 10 см2 биік өкше туфли киген қыз баланың әрбір аттағанында жерге 4 Н күшпен әрекет етсе, осы туфлидің жерге түсіретін қысымы қандай?

Берілгені: Шешуі: Формула:

F= 4H

S=10 см2= 10*10-2м2

P= ? Жауабы: 40Па

Деңгейлік тапсырмалар: 10 минут.

А деңгейі формула табу

Б деңгейі есептің мәнін орнына қойып есеп шығару

С деңгейі формулалар арқылы есепті түрлендіріп есептеп шығару

А тобы есептері:

Қай формула қате? А)Р= FS Ә)P= Б)P= mg

Есепте: 100 мм = Хсм?

100мм-Хсм

10мм- 1см

Көлемді есепте:

а=4см


в=1см

с=2см


Жауабы: V = a*b*c= 4см 1см 2см =8 см3

Қысымның өлшем бірлестігі.

Р Па өлшенеді

Р Н өлшенеді

Р кг/м3 өлшенеді

Жауабы: Паскальмен өлшенеді.

Үйкеліс күшінің формуласын тап:

А)F = μ N Б) = В) F = mg

Жауабы: а

Б тобы есептері мысалдары:

10 балдық дауыл желінің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па. Ауданы 24 м2 үй қабырғасына желдің түсіретін қысым күші қандай?



Берілгені: Формула: Шешуі:

P= 1100 F1 =p1 ·S1

S1=24 м2 p1=



N= 10 F1=S1

F = ? Жауабы:

100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымын анықтаңдар.

Берілгені: Шешуі: Формула:



F= 50 H

S=100 см2= 100*10-2м2

P= ? Жауабы: Па.

С тобы есептері мысалдары:

Шынжыр табанды ДТ-75 М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2 . Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын табыңыз.



Берілгені: Формула: Шешуі:

m= 6610 кг F=mg

S=1,4 м2

P= ? Жауабы: 46гПа.

Массасы 80 кг адамның аяқ киімі табанының ауданы 60 см2 болатын болса, онда ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

Жауабы:

Берілгені: Формула: Шешуі:



m= 4кг F=mg

S=60 см2= 6010-2 м2

P= ? Жауабы: 65Па

Бекіту сұрақтары:

1. Қолмен іс тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?

2. Жүк машиналарының артқы домалақтары қос- қостан болатыны неліктен?

3. Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай өзгереді?

4. Қысымды арттырып, кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?

Бағалау. Ұжымдық және жеке бағалау парағымен бағаланады.

Бағалап, үй тапсырмасына 4 минут



Үйге тапсырма:

§43 пен §44 тақырыпты оқып, 15- тапсырманың 2- есебі. Табандарыңмен еденге қанша қысым түсіріп жүретіндеріңді шығарып келіңдер.



Сабақ аяқталды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет