Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет20/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Дұрыс көпбұрыштар анықтамасын және қасиеттерін қайталау, есептер шығару дағдыларын дамыту.

Дамытушылық: Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау..

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Творчествалық ізденіс, практика

Сабақтың түрі: Топтық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:

Мына суреттегі көпбұрыштың түрлерін анықта





3. Қайталау. Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.

1) Оқушылардың әрқайсысы дөңес көпбұрыш сызады.

2) Тең қабырғалы үшбұрыш салады

3) Шаршы салады



Тең қабырғалы үшбұрыштың және шаршының анықтамаларын, қасиеттерін айта отырып әр топтан бір оқушыдан шығып тақта берілген суретті пайдаланып жазып шығады.

Қабырғалары,бұрыштары тең


Тақтада барлық қабырғалары және бұрыштары тең бесбұрыш, алтыбұрыш алып, қабырғалары мен бұрыштарын өлшейміз.


Анықтама: Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.

Дұрыс n бұрыштың қабырғасын аn деп белгілесек, барлық қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі Pn = n• аn болады.

Дұрыс n бұрыштың бұрыштары тең, ал барлық бұрыштарының қосындысы 180˚(n – 2) болғандықтан, оның әрбір бұрышы

α =  болады.



1 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек.

Шешуі. n = 15 деп алып, α =  формуласын пайдаланамыз.

Сонда α = •180˚ = 156˚

Жауабы: 156˚



2 – мысал. Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың қабырғалар санын анықтау керек.

Шешуі: α =  формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын табамыз:

144˚ = , n = 10

Жауабы: n = 10(он бұрыш)



Жаңа сабақты бекіту:

  1. бұрыштарының қосындысын;

  2. әрбір бұрышын;

  3. әрбір төбесіндегі сыртқы бұрышын;

  4. бір төбеден шығатын диагональдар санын;

  5. барлық диагональдарының санын

  6. егер периметрі 24,6 м болса, әрбір қабырғасын табыңдар.



Оқулықпен жұмыс.

Есеп:


Берілгені: Шешуі:

  1. α=140˚ α =  1) 140˚ =  n = 9

  2. α=150˚ 2) 150˚ =  n = 12

  3. α=168˚ 3) 168˚ =  n = 30

n=? Жауабы: 9; 12; 30.
1.Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1) 10800; 2) 14400; 3) 18000; 4) 28800 болғанда, оның қабырғалары нешеу?

2. Дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрыштарының әрқайсысы 1) 600; 2) 900; 3) 1350; 4) 1500 болса, оның қабырғалары нешеу?


Үйге:

Дұрыс бесбұрыштың бұрыштары 1; 2;4; 5; 6 сандарына пропорционал. Бесбұрыштың бұрыштарын есептеңдер.



Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Сабақ №__51_

Күні:______

Сынып:_11___



Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шеңбер және дөңгелектің анықтамасын, қасиеттерін қайталау. Есептер шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі: Қайталау

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық
Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


II.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.


III .Қайталау

  • Көпбұрыш және дөңес көпбұрыш дегеніміз не?

  • Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарының формулаларын қорытып шығарыңдар.

  • Дөңес n бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласы


ІІІ. Практикалық жұмыс.

1. Шеңбер сызыңдар.

2. Шеңбердің центрін белгілеңдер.

3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.

4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.

5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі

6. Доғаларды атап жазып қойыңдар

7. АВ хордасын жүргізіңдер

8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер

9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер

10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.



ІV Қайталау:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет