Сабақтың мақсаты : а білімділік: Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс


Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат



бет3/5
Дата24.12.2021
өлшемі498,92 Kb.
#104690
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0007829f-89d12b39

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.

Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.

Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.

Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,

пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.

Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойыңа сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-құлығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.


Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

«Алтын қақпа» ойыны. Алтын сандық ішінен құрақ суреттері беріледі. Шарты бұл құрақ атауын атау



Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет