Сабақтың мақсаты : Оқушыларға иінді таразының тепе -теңдік шарты, туралы мағлұмат беру. Міндеттері



Дата03.03.2020
өлшемі60,5 Kb.
#59419
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: §70. Иінді таразылар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға иінді таразының тепе –теңдік шарты, туралы мағлұмат беру.



Міндеттері:

1. Мазмұнына байланысты: иінді таразылары туралы ақпаратпен таныстырады.

2. СТО-ға байланысты: оқушыларға өздік пікірін айта білуге және басқаларды тыңдай білуге үйренеді.

3. Топтық жұмысы: Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады. Жеке идеялар негізінде пайда болатын ортақ пікірлерді ортаға салып, түйін жасай алады. Топтық жұмыс жүргізу барысында әрбір оқушы өз білімін кеңейтеді.



Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, иінді таразылар, суреттер, плакат, слайд.

Сабақтың құрылымы: 1. Қызығушылығын ояту.

2. Ой қозғау.

3.Мағынасын ажырату.

4. Ой толғаныс.

5.Рефлексия
Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушыларды топтарға бөлу.



«Амперметр», «Вольтметр»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау»

1.Қозғалмайтын ось төңірегінде дене қай бағыттарда айнала алады?

2. Иіндік деген не?

3. Күш иіні дегеніміз не?

4. Күш моменті деген не?

5. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

Оқушы жауаптарын толықтыра отырып үй жұмысын қорыту



ІІІ. Жаңа тақырыпты өту.

Иінді таразылардың жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді.

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.



Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:



d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

ІV. «Ой қозғау»

Тақтаға Не білемін? плакатын ілу, сұрақ қою.

І топ - Тең иінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2 – топ - Тең иінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде? Иіндікті не үшін қолданады?



V. «Мағынаны ажырату»

Тақтаға Не білгім келеді ? плакаты ілінеді.

Сыныптағы 2 топқа мәтіндерді тарату.

І топ. Иіндік таразылардың жұмыс істеу принциптері.

ІІ топ.


Өмірде қолданылған иіндік түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
VI. «Ой толғаныс»

Тақтаға Не білдім? плакатын ілу.



Топтарға сұрақтар қою.

1. Иінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады.

2. Тең иінді таразы деген не?Ондық таразы деген не?
VII. Рефлексия

Екі топқа ауызша тапсырмалар беру. (диалог арқылы бекіту)

1. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ала ма?

2. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс істей ала ма?

3. Бір ғана гір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса оның жұмыс істеу принципі қандай?

4. Тең иінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

5. Тең иінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?


VIIІ. Демалыс сәті. (қол ұстатып тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айту)

Мысалы: Сен қандай сұлусың, білімдісің т.б.)


ІХ. Үйге тапсырма §70.

Х.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет