Сабақтың мақсаты: білім алушыларға қарым қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі21,41 Kb.
#87746
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Асыл жүректі ана- Сара Алпысқызы!» Сара Алпысқызы
09.11-13.11. 2020 Альдибаева С.А
«Поэтикалық әткеншек»
Бұл жаттығу білім алушыларды махаббат поэзиясымен таныстыруға арналған. Жаттығуды ұйымдастыру үшін оқушы-студенттер екі шеңбер -ішкі және сыртқы - жасап отыруы керек. Жұп-жұпқа бөлінеді. Сыртқы шеңберді жасайтын орындықтарда алдын-ала даярланып, көбейтілген өлеңдер жатады. Ойынға қатысушылардың бір тобы ішкі шеңберге, екінші тобы сыртқы шеңбер бойына орналасады. Нәтижесінде әрбір жұпта (біреуі іште, екіншісі сыртта) бір-бірден өлең болады. Олар өлеңдерді оқып, талдап, алған әсерлері мен сезімдерін, ойларын дәптерлеріне жазуы тиіс. 2-3 минут өткен соң, оқытушы талқылаудың аяқталғаны жөнінде белгі береді. Енді сыртқы шеңбердегі ойыншылар оңға қарай бір орынға ысырылады, ал ішкі шеңбердегілер солға қарай бір орынға ығысады. Нәтижесінде жаңа жұптар пайда болады және олардың әрқайсысында жаңа өлең бар (өлеңдер өз орындарында қалады). Жұптар айналып келіп, өздерінің алғаш оқып, талқылаған өлеңдеріне жеткенде, ойын аяқталды деп есептеледі. 
Студенттер оқытушымен біpre дәптерлеріне жазылған әсерлерін талқылап, өздеріне өте ұнаған, жүректерін қозғаган өлеңдерді анықтағаны абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет