Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру; Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу



Дата26.08.2017
өлшемі37,06 Kb.
#29397
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру; Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу шеберліктерін қалыптастыру,жақсы мен жаманды ажырата білуге, өнегелу болуға,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: бұлақтай таза болуға, жақсыдан үйренуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс,топтық тапсырма.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, «Таза ұлақ» жинағы, суреттер , жақсы сөздер жазылған тілек қағаздары.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Үй жұмысын тексеру (Ы. Алтынсариннің, бұлақ суреті)
"Баланың айласы" әңгімелеу.
Қайталау сұрақтары:
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Қандай шығармалары бар?
- Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сабақтарда танысып өткенбіз.

Енді,1 оқушы шығып Ыбырай Алтынсарин кім, қандай адам болған, қандай игілікті істер атқарды, қазақ халқы үшін оның алар орны қандай? Міне, осы туралы ойымызды жинақтап жіберейік.

Сергіту сәтті

III. Жаңа сабақ.

Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей.

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей.

Ән сап жатқан ерінбей.

Бұл не?

(бұлақ)


Бұлақ дегеніміз не? (Білетіндерін сұрау).

Суретпен жұмыс:

  • Суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Бұлақтың суы қандай?

  • Бұлақ суының қандай пайдасы бар?

  • Бұлақ суының тазалығы,мөлдірлігі көз алдыңа нені елестетеді?(айнаны )

Бүгін Ыбырай атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесімен таныс боламыз.

  1. Мұғалімнің мәтінді түсіндіруі

  2. Кітаппен жұмыс:

Сұрақтар:

- Үш жолаушы бұлақ басынан қандай жазу оқыды?

- Үш жолаушы қандай пікірлер айтты?

- Сен қандай ой айтар едің?

- Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің?

- Рөлге бөліп оқыту.



3. Дәптермен жұмыс

1. Нақыл сөздерді дәптерлеріне теріп жаздырту.



4. Ы. Алтынсариннің екі мәтінін салыстырту.

Баланың айласы

1. Жылан, ғалым.

2. Жануарлар сөйлейді.

3. Баланың айласы



Ұқсастықтары

1. Ы. Алтынсарин шығармасы

2. Ақыл сөз

3. Тас


4. Жақсыдан үйрену

Таза бұлақ

1. Үш жолаушы

2. Адам сөйлейді

3. Бұлақ, табиғат




III. Сабақты бекіту.

1 оқушы ғаламтордан су туралы қысқышы мәлімет оқиды.

1-топ. «Су - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу,

2-топ. «Сусыз өмір жоқ» тақырыбына суреттер салу.

IV. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.



2. «Су», «Тазалық», «Адалдық» тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақ жинақтау.

Шолақаша орта мектебі

Ашық сабақ


Әдебиеттік оқу

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин.

Өткізген: Бекенова А.Д.

2014-2015 оқу жылы.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет