Сабақтың мақсаты: Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру. Дамытушылық



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі364,72 Kb.
#29625
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке

жапсыру.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Екі топқа бөлу.

3.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.


II сабаққа дайындық сұрақтары

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолданамыз ?

2.Дайындама бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдану керек ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Дайындаманы төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?
III Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.




Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:


  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.



Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.


Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.


Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.


Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.

2.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет