Сабақтың мақсаты: Әр түрлі бактериялардың химиялық құрамымен танысу Түйін сөздер



Дата08.02.2022
өлшемі26,5 Kb.
#98747
түріСабақ
Байланысты:
1 praktika zr kaz 02.09.2020
ҚМЖ Тажибаева, ҚМЖ Тажибаева

1 Тәжірибелік сабақ
Тақырып: Микроорганизмдердің химиялық құрамы
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі бактериялардың химиялық құрамымен танысу
Түйін сөздер: Бактерия, химиялық құрамы, бактерия клеткасының протеиндері, протеидтері, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, май және май текті заттар
Сұрақтар: 1. Бактериялардың құрамына қандай негізгі элементтер кіреді?
2. Бактериялардың кұрамына кіретін қандай қосындыларды білесіздер?
3. Клетка құрамындағы су қандай түрде кездеседі және судың маңызы.
4. Клетка құрамындағы белоктар қандай топтарға бөлінеді?
6. Протеидтер қандай қосындылардан тұрады?
7. Протеиндер дегеніміз не?
8. Белоктардың клетка үшін маңызы.
9. Көмірсулар клеткада қандай көлемде кездеседі?
10. Май және май текті заттар клетка құрамында қандай көлемде болады және липидтердің маңызы.
11. Клетка құрамындағы микро-және микроэлементтер.
Реферат: Биохимия, биофизика ғылымдарының жетістіктерін және электрондық микроскоптың жаңа түрін қолдану арқасында микроорганизмдердің өзіндік тіршілік ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік туды. Микроб клеткасындағы физиологиялық және зат алмасу әрекеттері оның химиялық құрамымен тығыз байланысты болады. Олардың құрамында азот, көміртегші, оттегі және сутегі сияқты химиялық элементтер кіреді. Осы элементтермен олардың қосындыларынан микроорганизмдер әр түрлі белоктар, углеводтар, липидтер, нуклеин қышқылдары, ферменттер, витаминдер және басқа заттар түзеді.
Бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттардың бірі- су болып есептелінеді. (75-85 %-ке дейін). Судың біраз бөлігі байланысқан түрде, біраз бөлігі таза күйінде кездеседі. Құрғақ заттар кіреді (мөлшері 15-25 % жетеді) бұлар органикалық емес минералды заттардан және органикалық заттардан тұрады. Клетканың құрамына сонымен қатар минералды заттар, соның ішінде неорганикалық (фосфор, күкірт, натрий, магний, калий, кальций, темір, хлор, т.б) және микроэлементтер (молибден, кобальт, бор, марганец, мөлшері 3-13 % дейін жетеді ). Органикалық заттардан клетка құрамында белоктар, нуклеин қшқылдары, углеводтар, липидтер, ферменттер т.б. күрделі қосындылар кездеседі (мөлшері 87-97 %- ке жетеді.
Белоктар- бактериялық клетканың тіршілігі үшін аса қажетті заттардың бірі. Олардың құрамында: жай белоктар- протеиндер және күрделі белоктар- протеидтер. Протеидтер құрамы протеин мен басқа да топтардың қосндысынан тұрады: нуклеин қышқылымен (нуклеопротеидты), полисахаридтермен (глюкопротеидты), май текті заттармен (липопротеидты). Белоктардың қатарына ферменттер (энзимдер) де жатады. Негізінен микробтар клеткасында жай (протеиндер) және күрделі (протеидтер) белоктар бар. Жай белоктардағы амин қышқылдары сапасы жағынан жоғары сатыдағы организмдердің амин қышқылдарына өте ұқсас. Микробтар тіршілігінде күрделі белоктардың алатын орны ерекше. Оның қүрамында белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын нуклеопротеидтер бар. Олардың микроорганизмдер өскенде, көбейгенде зор маңызы болады. Нуклеин қышқылдары (мөлшері 10-30 %) екі түрде кездеседі, олар РНҚ көбінесе цитоплазмада кездеседі де және ДНҚ негізінен ядроның құрамына кіреді. РНҚ белок синтезіне қатысады, ал ДНҚ тұқым қуалаушылық қызметін атқарады.
Углеводтар (көмірсулар) (мөлшері 10-30 % жетеді) микроорганизмдер құрамында полисахаридті комплекстер түрінде белоктар және липидтермен байланысқан күйде негізінен клетканың қабықшасының және шырышты қабаттың құрамына кіреді. Микроорганизмдер құрамындағы полисахаридтер олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді, ал оның өзі микроорганизмдерді анықтауда үлкен роль атқарады. Бактериялық клетканың тіршілігін липидтердің (май қышқылдары, бейтарап майлар фофолипидтер ж.б.) де өзіндік алатын орны бар. Олар физиологиялық активті заттардың қатарына жатады (мөлшері 3-7 %-ке жетеді). Ескерте кететін бір жәй, ол миробтік клетканың құрамы қоректік ортаның құрамына зат алмасу ерекшеліктеріне және ортаның әсерлеріне тікелей байланысты.
Бактерия клеткасы және сүтқоректілердің клеткаларының химиялық құрамындағы заттардың орташа көрсеткіштері
Компоненттері Жалпы салмағынан мөлшері (%)
Бактериялар Сүтқоректілердің клеткалары
Су 70 70
Неорганикалық иондар 1 1
Белок 15 18
РНҚ 6 1,1
ДНҚ 1 0,25
Фосфолипидтер 2 3
Басқа липидтер - 2
Полисахаридтер 2 2
Клетканың жалпы көлемі 2х10 -12см3 4х10 -9см3
Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдер басқа жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Клеткаға келіп түскен қоректік заттар оның қабығын және цитоплазмасын құрауға және сонымен бірге энергия алуға жұмсалады. Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдерде ассимиляция және диссимиляция процестері дамылсыз жүріп жатады. Микробтар клеткасы негізінен судан және құрғақ заттан тұрады. Мұнда су мөлшері 75—85% болса, құрғақ заттар үлесіне 25—15%-ы (органикалық және минералдық қосылыстар) тиеді. Су мен құрғақ заттың мұндай арақатысы әр түрлі микроорганизмдерде түрліше болады. Су—бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада ете күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге клеткаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп тысқа бөлініп шығады. Микроорганизмдердің құрғақ затында негізінен төрт элемент: көміртегі, азот, оттегі және сутегі бар. Бұл элементтер құрғақ заттың 80—90%-ын алып жатады. Ал қалғандары: фосфор, күкірт, калий, кальций, магний, темір, натрий, хлор, марганец және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет