Сабақтың мақсаты: Фашистік режимді талқандағаннан кейінгі Германияның бөліну себептерін нақтылау. Отарланған аймақтарда



Дата29.01.2017
өлшемі32,06 Kb.
#8153
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: §24 Германия федеративтік республикасы

Сабақтың мақсаты: Фашистік режимді талқандағаннан кейінгі Германияның

бөліну себептерін нақтылау. Отарланған аймақтарда

пайда болған жаңа саяси партия мен елдің екіге бөліну

себептерін ашу. Германияның қайта бірігу үрдісінің

мәнін түсіндіру.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, өз

бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Іздендіру, ой қозғау сипаттама бергізу.



Сабақтың өту түрі: Білімдерін тексеру

Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, кесте,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а ) Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ә ) Сабақтың мақсаты міндетін хабарлау

Сабақтың жоспары:

а )Жаулап алу саясаты

б )Алғашқы экономикалық жаңартулар

в ) Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер

г ) 1948 ж Берлин дағдарысы және Германиялық ыдырауы.

д ) Аденауэр кезеңі. Немістің экономикалық ғажайыбы



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1946 жылғы бүлінген шаруашылық пен қаржы жүйесінің күйреуінен еңсесі түскен халықтық рухани өмірі соғыстан кейінгі Германияның дағдарыстық жағдайын көз алдымызға елестетеді.



Мен білдім (оқушыларды сөйлету)

Оқушылар жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Өздері оқып келген тарихи ойларын ортаға салады.



Жаулап алу саясаты:

Ойсырай жеңілген, Германия жерін одақтастардың әскерлері басып алады. Бастапқы кезеңде-ақ одақтастар жеңілген германия жөнінде өзара келісімге келіп герман милитаристері мен нацизимді жою мемлекетті Фашизм қалдықтарынан тазарту соғысқұмар күштерді күйрету және демократияландыру қажеттігін жақтады.



Алғашқы экономикалық жаңартулар:

1945 ж Соңында Кеңес Одағы басып алынған аймақтарда экономикалық реформаларды жүзеге асыру қимылдарды байқалады. Нацистердің пайдасында болған кәсіпорындар тәркіленіп, экономиканың мемлекеттік секторларының қарамағына өтті.



Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер.

Экономикалық өзгерістермен қатар саяси өзгерістерге де жол ашылды. Денацификация мен демилитаризациялау кезінде фашистік партияның орталық және жергілікті ұйымдар жайылды. Германия Қарулы күштері таратылды, офицерлер тобы мен жартылай әскери ұйымдардың қызметі тоқтатылды.



1948 ж. Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы.

1948 ж ақпан-маусым айларында Лондон конферениясында Кеңес өкілдерінің тікелей қатыспауына қарамастан Германия мәселесі қаралды. Батыс жерінде 1948 ж 20 шілдеде ақша реформасы болды. Батыс Берлин тұрғандарының жағдайын жақсарту және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін АҚШ әкімшілігі әуе жолын пайданаланды.



Топтастыру (кестелермен сөйлеу)

1 кесте


2 кесте

3 кесте


Карта бойынша сөйлеу

1-оқушы


2-оқушы

Сөзжұмбақ

  1. 1946 ж Халықаралық қандай сотта әскери қылмыскерлер жауапқа тартылды.

  2. Христиандық қозғалыстың жетекшілерінің бірі.

  3. 1946 ж қай жерде Штраус басқарған ХӘО партиясы құрылды.

  4. ГФГ-дің негізгі партияларының бірі

  5. Әйгілі саясаткердің бірі

  6. 1998 ж сайлауда үкімет басына келген канцлер

Оқушыларды бағалау.

Оқушылар жауаптарынан кейін, қалай жауап бергені анықталып, оқушы білімі бағаланады.



  1. Тапсырма бойынша жауап бергендер.

  2. Сабақтың мазмұнын ашуға атсалысқандар.

  3. Кесте бойынша сөйлегендер.

  4. Сөзжұмбақ шешкендер.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма §24. (оқып, тест сұрақтарын дайындап келу)
Каталог: papk -> resurs -> zhospar -> zhaiyk
zhospar -> Тақырыбы: «Қосу формулалары»
zhospar -> Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
zhospar -> Сабақтың тақырыбы: "Германия Федеративтік Республикасы"
zhospar -> Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, орыс әдебиеті
zhaiyk -> Шығарма «Ы. Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы» Қазақ әдебиеті
zhospar -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білім қалыптастыру
zhospar -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
zhospar -> Түсті металдар әлемі
zhospar -> Сабақ тақырыбы: "Жыр алыбы-Жамбыл"


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет