Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет89/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
Сүйекті балықтардың
эволюциясы бірнеше бағыт бойынша жүріп отырды. Олардың 
барлығы да өздері тіршілік еткен орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделуіне тура келді. 
Мысалы, суы уақытша тартылып қалатын өңірлерде 
қостынысты балықтар
(әрі өкпе, 
желбезектері арқылы тыныс алатындар) және жұп жүзбеқанаттарының құрылысы құрлықта 
тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың екі жұп аяқтарының құрылысына ұқсас 
саусақққанатты балықтар
(қазіргі кезде бір ғана латимерия деп аталатын түрі сақталған) 
тіршілік етті.
Бұдан 370-350 млн. жыл бұрын саусаққанатты балықтардың бір тармағынан алғаш рет 
құрлыққа шыққан – 
қосмекенділер 
пайда болған деген болжамдар бар. Өйткені қосмекенділердің 
дене құрылысы, көбеюі және ұрпақтарының даму жолдары ертедегі сүйекті балықтарға ұқсас. 
Қостынысты балықтарда өкпе пайда болғанымен олардың жұп жүзбеқанаттарының құрылысы 
қосмекендердің аяқтарының құрылысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да, қостынысты 
балықтардан қосмекенділер пайда болды деп қортынды жасауға болмайды. Ең алғашқы 
қосмекенділердің қаңқа қалдықтары бұдан 370-350 млн. жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың 
арасынан табылған. Олардың сыртқы түрі қазіргі саламандраларға ұқсас, яғни басы жалпақ, 
ұзынша келген, құйрығы болған және оларды 
ихтиостегиялар
деп атаған. Олардың денесінің 
көптеген жерлерін балық қабыршақтарына ұқсас қабыршақтар қаптап тұрған. Бастарынынң үлкен 
болуы олардың өкпемен тыныс алғандығына дәлел бола алады. Бұдан 350-280 млн жыл бұрын 
алып қосмекенділер
(лабиринтодонттар) кеңінен таралған. Олар кейіннен біржола жойылып 
кеткен. Олардың жойылуына кейіннен пайда болған жорғалаушылармен бәсекелестік әсер еткен. 
Ертедегі қосмекенділердің ұзын құйрықты тобынан (лепоспондилиялардан) қазіргі аяқсыз және 
құйрықты қосмекенділер пайда болған. Ал, ертедегі қысқа құйрықты лабиринтодонттардың бір 
тармағынан қазіргі құйрықсыз қосмекенділер пайда болған.
Бұдан 180-100 млн. жыл бұрын алғашқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет