Сабақтың мақсаты: і-ііі-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын жүйелік анализдеу барысында зерттеу



бет5/8
Дата06.02.2022
өлшемі30,04 Kb.
#81635
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-6 лаб
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Сабақтың мақсаты: Амфотерлі гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістерін және сапалық реакцияларын зерттеу.


Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:
Сынауықтар, центрифуга, реактивтер, реагенттер, индикаторлар, рН-метр.


Сабақ пререквизиттерінің номерлері:
Лабораториялық сабақты өткізу түрі: Жаппайтәжірибеалу.
Қысқаша теориялық мәлімет

Төртінші топ катиондарын талдау схемасы 3.5 кестеде келтірілген.Жалпы,төртінші топтың катиондарын сульфид және тиоангидрид түрінде III,II және I топ катиондары қатысында бөліп алу өте күрделі іс.Талдау барысында мына мәселелерге мұқият зер салу керек.



  1. IV топ иондарын күкіртсутегімен тұнбаға түсіру соңында сутектік көрсеткіш мәні 0,5-тен жоғарыламауы тиіс.Өйтпеген жағдайда, III топ катиондары ZnS,CoS,NiS тұнбаға көшеді.

  2. Сілтілік ортада As(III), As(V) ,Sb(III) , Sb(V),Sn(IV) еритін тиотұздар түзеді.

  3. Егер, сутектік көрсеткіш мәні 0,5 –тен төмен болса,яғни күшті қышқылдық орта болған жағдайда сульфидтер толық тұнбаға көшпейді.

  4. Сутектік көрсеткіш мәні бірден 0,5 шамасына теңелсе, онда күкіртсутегімен тұндыру барысында қышқылдық арта түседі де, тұнбаға түсу толық жүрмейді.

  5. рН мәнін тұрақты 0,5 етіп ұстап тұрған жағдайдың өзінде де As2S5 толық тұнбаға көшпейді.As(V) тез тұнбаға көшіру үшін оны H2SO3 пен As(III) –түрінде көшіреді.Қайнату арқылы ерітіндідегі SO2- ден құтылады.

Күкіртсутегімен тұнбаға түсіру төмендегіше жүргізіледі.V топ катиондары бөлінген соң 1 – ерітінді 6М аммиак ерітіндісімен бейтараптандырылады.Осы арада IV топ катиондарының гидроксид немесе негіздік тұз күйінде тұнбаға көшуі байқалады.Бейтараптанған ерітіндіге дәл соның көлеміндей 1,2 молярлы тұз қышқылын қосады.Демек, ерітінді екі есе сұйылтылғандықтан қышқыл концентрациясы екі есе азайып 0,6 молярлыға теңеледі.
Ерітіндіні қайнауға дейін қыздырып , мұнан соң, оның бойынан күкіртсутегін өткізеді.
Қыздыру – мышьяк тиоангидридтерінің түзілуіне оң ықпал ете отырып,жүйеде коллоидты ерітіндінің орын алмауына себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет