Сабақтың мақсаты: Көктамырдан қан алу,көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау,тамыр ішіне тамшылап құюдың техникаларымен таныстыру



бет6/37
Дата21.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#113075
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
07b20c0a-0f43-435a-8178-6fe58b3b1298-Мейіргер-ісінің-негіздері-СД203-практика-544357
patsiyent kyini klinikalyk bagasy, Өсімд шар лек, Өсімд шар лек
Назар аударыңыз! Тамшылау жүйесінен көк тамырдың ішіне ауа кіріп кету қауіпі бар. Жүйенің ішінде ауа көпіршіктері қалмауы үшін жүйені ерітіндімен тиянақты түрде толтыру керек. Жүйені көк тамырға жалғастырғанда «ағынға-ағын» принципін сақтау керек.

Көк тамырға құюлар.

Ерітніділерді ағызып және тамшылап енгізуге болады. Ағызуды емделушінің қан мөлшерін тез толтыру үшін қолданады (көп мөлшерде қан жоғалтқанда, өткір қан тамырының жетіспеушілігінде). Ағызу арқылы 500 мл дейін енгізеді.

Тамшылап енгізу-ерітіндіні ақырын көп мөлшерде ағзаның қарсылық дәрежесін тез көтеру үшін немесе ағзада жиналған улы заттарды шығару үшін бір тәуліктің ішінде 100 мл-ден бірнеше литрге дейін енгізуге мүмкіндік береді.

Көк тамырға тамшылап енгізудің көрсеткіштері:



  1. Ағзаның сусыздануы.

  2. Интоксикация.

  3. Бауыр, бүйрек, қант диабеті аурулары кезінде болатын комалық жағдайлар.

  4. Коллапс, шок.

  5. Күйіктер.

  6. Миокард инфарктісі.

Келесі ерітінділерді жиі құяды:

  1. Қан және қанды ауыстыратын ерітінділер.

  2. Натрий хлорид изотониялық ерітіндісі.

  3. 5-10% глюкоза ерітіндісі.

  4. 2-4% сода ерітіндісі және т.б.

Емделушілер тамшылатып енгізу тәсілін ағызып енгізуден гөрі жеңіл көтереді. Енгізілген ерітінді ақырын сорылып, ағзада көбірек қалады, артериялық қысымын онша өзгертпейді де, жүректің жұмысын ауырлатпайды.

Тамшылатып енгізу тәсілі тері асты, көк тамыр мен артерия ішінде болады. Енгізу үшін бір рет қолданатын система /жүйе/ қолданады. Олар пластмассадан жасалған, зауытта залалсыздандырылған қапшықтың ішіне салынып, қолдану мерзімі көрсетіліп шығарылады. Улы заттары жоқ, апирогендік пластмасса қолданылады.

Жүйені егу жасауға әзірлеу алдында ерітіндінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін, сыртқы түсі өзгерген жоқтығын тексеру керек. Қағазында жазуы анық емес немесе қағазы болмаған жағдайда, ондай ерітіндіні қолдануға болмайды.

Системаны егу бөлмесінде құрастырады, енгізуді егу бөлмеде немесе жиі палатының ішінде жасайды. Емделуші ыңғайлы жату керек, қолын жастықтың үстіне қоюға болады, себебі бұл іс-әрекет көп уақытты қажет етеді. Ерітіндіні енгізгенде бүкіл система жұмысының дұрыстығын тексеру керек. Ерітінді көк тамырға бармай тері астына кеткенде-ісіну пайда болады,системаның түтігі бүгіліп қалғанда немесе ине тромбпен бітелгенде ерітіндінің құйылуы тоқталады. Сондай жағдайларда түтікшені түзеп немесе жүйені ағытып көк тамырды басқа инемен тесу керек.



Тамшылау енгізген кезде емделушіге тағы да дәрілерді енгізу тағайындалса, онда оларды жүйедегі бір ғана резеңке- «егу жасайтын узел» арқылы жасайды. Түтікті алдымен спиртпен өңдейді. Иненің жуандығының диаметрі 1-2 мл аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет