Сабақтың мақсаты: «Металдардың жемірілуі жайлы ұғым, жемірілуден қорғау әдістері»



бет2/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,5 Mb.
#24283
түріСабақ
1   2   3

шебері Дуйсембаева Айгерім
Сабақтың тақырыбы: Жапсарды толтыру әдістері.

Мақсаты:Оқушыларға жапсарды толтыру әдістерімен таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды имандылық қасиеттерді бойына сіңірген, жан-жақты ойлау қабілеті бар жұмысшы мамандығына даярлау, тәрбиелеу Дамытушылығы: Оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру, табиғат байлықтарын қорғауға шақыру, жан-жақты біліктілігін дамыту, өндірісте жұмыс істеуге бағыт беру

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекі қүралдар: Интерактивті тақта,плакат, схемалар

Сабақтың барысы.

І. Кіріспе бөлім: Оқушыларды тексеру.

ІІ. Өткен сабақты сұрау


  1. Қысқа жапсарлар.

  2. Орташа жапсарлар.

  3. Ұзын жапсарлар.

  4. Теріс сатылы пісіру әдісі.

  5. 5-оқушыға тест тапсырма беру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Пісіру әдісі жапсардың ұзындығына және пісіретін металдың қалыңдығына байланысты. Жапсар ұзындығына қарай үш топқа бөледі: 1- қысқа, 250 мм дейін, 2- орташа, 250-1000 мм дейін, 3-ұзын, 1000 мм астам.

Өтім санына қарай бір немесе көп өтімді болады. Бір өтімді жапсарды жиектері өңделген қалыңдығы 8-10мм металдарды пісіргенде қолданады.

Үлкен қалыңдықты металдарды пісігенде «тау»немесе «сарқырама» етіп пісіреді. «тау» әдісімен пісігенде бірінші 200-300мм аймақты пісіріп алып , екінші қабатты бірінші қабатты жауып ұзындығы екі есе болуға тиіс. Үшінші қабат екінші қабатты жауып , одан 200-300мм ұзын болады. Әр қабатты пісірер алдында бұрын пісірілген қабатты мұқият тазалап алу керек.Пісіру аймағы барлық уақытта ыстық күйінде болады да, сызаттау пайда болуын ескертеді. «сарқырама » пісіру әдісі «таулы» пісіру әдісінің бір түрі болады. Бұрышты жапсарды бұрыштап немесе «қайықты» етіп пісіреді.



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма беру: О.И. Стеклов. §11
Пісіру әдістері

а) бір өтімді, б) ортасынан шетіне, в) теріс сатылы әдіспен, г) блоктармен, д) саркырама, е) тау; 1-5 – пісіру реттігі


Тақырыбы: _Ø50, 100, 150, 500 мм_құбырларды дәнекерлеу Мақсаты: Теориялық сабақтан алған білімдерін практика жүзінде іске асыру, атап айтқанда жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау талаптарға сай жұмыс атқара отырып орындалған жұмыс сапасын бақылау.

Білімділік: Теориялық сабақпен өндірістік оқу сабағын ұштастыра отырып оқушыларға пісіру жұмыстарын әр түрлі әдістерін үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге пісіру жұмыстарын әр түрлі пісіру әдістерін дамытып баулу

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін сақтауға, уақытты тиімді пайдалануға, электр қуатын, электродтарды үнемдеуге тәрбиелеу.

Қажетті заттар: Ø50, 100, 150, 500 мм құбырлар , сым, бұрыштар, темір табақшалары

Сабақтың оқу – материалдық жабдықталуы:

Балға, сызғыш, шаблон, темір щетка,электрод , АСМ-1,25, ТДМ-503

І. Ұйымдастыру бөлімі. Топ студенттерінің сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру

ІІ.Кіріспе нұсқау Студенттерді шеберхана мен тапсырма мазмұнымен таныстыру. Оларды жұмыс орындарға бөлу. Студенттерді құрал саймандар мен жабдықтарды пайдалануға және оларды қабылдап алу мен өткізу жолдарын үйрету. Жұмыс тәртібімен оқу шеберханасының ішкі ережелерімен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен таныстыру. Оқу шеберханасындағы қауіпсіздік сақтау ережелері мен өндірістік жабдықтарға және өндірістік процеске қойылатын талаптары. Зақымданудың себептері. Зақымданудың түрлері. Зақымданудан сақтандыру шаралары. Өрт және электр қауіпсіздігінің ережелері. Электр қыздырғыш құралдарды пайдалану ережелері. Электр қондырғыларды жерлендіру. Электр желісінен ажыратып қосу. Электрлік зақымданудан алғашқы көмек көрсету.Бұйымның негізгі бөліктерін біріктіру жолдарын үйрену, жұмысын толық меңгеру.

ІІІ. Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу . Студенттерді жұмыс жасар алдында пісіруге арналған жабдықтарды, құралдарды арнайы жұмыс киімімен қорғаныс заттарды қолдануға жаттықтыру.

ІҮ. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымды нұсқау Студенттерді берілген тапсырманы, талаптарға сәйкес орындауын және уақытылы жасауды техника қауіпсіздігін сақтай отырып, атқарған жұмыстың сапалы орындалуын қадағалап, Студенттердің жасаған жұмысын бағалап, жіберілген қателіктерін ескертіп қайта жасату. Жұмыс орнын тазалау, құрал саймандарды орындарына жинастыру Атқарылған жұмыстың сапасын тексеріп, оларды бағалау. Жұмыс орнын тазалау. Үй тапсырмасын беру.

Ү.Қорытынды нұсқау 1. Сабақты қортындылау

2. Үйге тапсырма: §4.3 80-84 беттер

Құбырларды пісіру. Қабырға қалыңдығы 3-5 мм болатын, диаметрі – 100 мм-ден аспайтын құбырларды газды пісіргіштермен пісіреді. Көбінесе үйлердің жылыту жүйесін, ыстық және суық сулар құбырларын жүргізген кезде қолданылады.

Көміртекті болаттан, түсті металдан және қорытпалардан жасалған түтіктерді пісіреді. Пісіру әдісін таңдағанда көбінесе құбырлардың қырларын түйістіріп пісіру әдісін қолданған жөн, себебі осы кезде оның қырларын қарапайым жолмен өңдейді және газ шығыны төмен болады (4.6 кесте). Қабырға қалындығы 3 мм-ге дейінгі түтіктерді пісіргенде олардың қырларын өңдемей-ақ, аралығындағы саңылауды 1,5 мм етіп пісіреді, ал қабырғасы қалың түтіктердің қырларын Ү-тәрізді етіп 70-900С бұрышпен өңдеп, 1,5-2,5 мм доғалдандырып, аралық саңылауды 2-3 мм қойып пісіреді.

Түтіктерді құрау мен орталықтандыруды арнаулы аспаптармен жүргізеді: диаметрі 60-89 мм аралығындағы түтіктер үшін орталық дәлдегіш струбциналар, ал 48-159 мм түтіктер үшін арнаулы аспаптар қолданылады.

Түтіктерді пісіруді оң жақ немесе сол жақ тәсілдермен жүргізе береді. Бұрылыстағы жалғауларды оттық және қоса пісірілетін металды (4.11-суретте) көрсетілгендей төменгі әдіспен пісіреді. Жік аздаған дөңес болуы үшін балқыған металл ваннасы түтіктің жоғарғы бөлігінен сәл төмендеу болуы шарт. Осы әдіспен ұзындығы 30-50 мм ұстағыштармен ұстатылған иінді түтіктерді де пісіруге болады. Пісіру кезінде, әсіресе жіктің аяқталар жеріне қатты көңіл бөлу керек.

Түтіктердің айналмайтын тура бөлігін екі кезеңмен пісіреді: диаметрі 100 мм-ге дейінгі түтіктердің астына алдымен жік жасайды, ал содан кейін үстіңгі жағын төменгі әдіспен пісіреді. Диаметрлері 100 мм-ден асып

кететін түтіктерді төрт кезеңге бөліп пісіреді: алдымен астыңғы жағын екіге бөліп пісіреді де, үстіңгі жағында екіге бөледі. Төменгі және жоғарғы жіктер бір – біріне қарама – қарсы салынады және олар бір – бірлерін 30-40 мм-ге айқасып жабу керек.

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту

шебері Дуйсембаева Айгерім

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет