Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі арқылы сакура гүлін



бет1/3
Дата09.06.2018
өлшемі436,61 Kb.
#42135
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Сакура гүлін жасау.


Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі  арқылы сакура гүлін

жасауды меңгерту.


Білімділігі: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, сакура гүлін жасап

үйрену,әдемі өнер туындысын жасап шығару.


Дамытушылығы: қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық

қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік

қорларын молайту.


Тәрбиелігі: әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға

тәрбиелеу; Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес гүлдер, гүлді жасау жолдары

(нұсқаулары).


Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету

Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: түрлі - түсті қағаз, желім, қарындаш,

қайшы



Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

Б) Сабаққа оқушылардың назарын аударту.




Психологиялық дайындық.

Қане, шеңбер құрайық,


Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.


Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы.


ІІІ. Оқушы білімін тексеру

І. Мақалды толықтыр
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз .... бар.

Әр ..... исі басқа,


Әр жердің жынысы басқа.

Бір ... толып ашылады,


Бір ... солып ашылады.

....ашылмай бұлбұл сайрамас.


Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.


Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.


ІІ. Жұмбақты шеш
Алуан түсті жайқалып тұр далада,

Басты азық, бал жинайтын араға.

Тарту етсін мерекелі күндерде,

Одан артық сый болмайды анаға (Гүл)


Ой қозғау. (оқушылардағы бар ақпаратты алу)

- Балалар, біз жақында қандай мерекені тойладық?


- 1 желтоқсан алғашқы Президент күні.
- Ал, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Тәуелсіздік күні, жаңа жыл!.
- Мерекелерде адамдар бір - бірін қалай құттықтайды?
- Гүл сыйлайды.
- Неліктен?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру).
- Ал, енді, осы гүлдер туралы не білеміз.

- Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.


ІV.Жаңа сабақтың мақсаты

Сакура гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағазды бүктеу тәсілдері арқылы жасалу жолдарын үйрену.


V. Жаңа сабақты түсіндіру

Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура сәуір,мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келеді. Жапон елінде де сакура гүлдегенде тіпті үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс - шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады . Өйткені, сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді. Сондықтан жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі қарапайым жұмысшы отбасы болсын осы аймен бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді. Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясында отырып, арнайы әзiрленген тағамдардан дәм татып, сакэ iшедi Сакура гүлдеген кезде жапондықтар ұлттық киімдер киіп, бұл кезеңді ән айтып, билеп, ұлттық ойындар жүргізіп өткізеді. Ұлттық тағамнан ауыз тиіп,  бір-бірін осы кезеңмен құттықтап, игі тілектер айтады. Ханами кезеңінде саябақтарда аяқ алып жүру мүмкін болмайды. Кейбір жандар ағаш түбінде тәулік бойы тұрақтанып қалуы мүмкін. Бұл уақыт аралығында жапон халқы жұмыс істемейді, жастар мен мектеп оқушылары сабаққа бармайды. Барлығы сакураның гүлдегенін бақылайды. Шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады. 






Каталог: uploads -> doc -> 0a54
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a54 -> Тақырыбы: Күй анасы-Дина Сабақтың мақсаты: а білімділігі
0a54 -> Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақсу қаласының Лицейі» 6 сынып оқушыларына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет